Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет22/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

жаңа модель негізінде тәрбиелеу – ӛзін және айналасындағы әлемді білу, 
шығармашылық, қарым-қатынас, адамдарға, қоғамға ӛз қажеттілігін түсіну 
қуанышын сезінетін білім алушыны педагогикалық қолдау моделі;


тұратын жеріне және әлеуметтік мәртебесіне байланысты білім беру 
сапасындағы алшақтықтан сапалы білім алуға қолжетімділікті теңестіруге 
(тірек мектеп, құзыреттілік орталықтары, "цифрлық мұғалім", жазғы мектеп
кадрларды ротациялау және басқа да тетіктер);
сапалы білім беру инфрақұрылымының тапшылығынан қазіргі заманғы 
санитариялық нормаларға, қауіпсіздікке, жарақтандыру стандарттарына сәйкес 
келетін объектілермен қамтамасыз етуге;
педагог кадрлардың тапшылығынан педагог орны үшін бәсекелестікке 
(педагогикалық мамандықтарға түсу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды 
күшейту, жұмысқа конкурспен қабылдау, ісін жаңа бастаған педагогтерді 
сертификаттау және т. б.), педагогтің жоғары мәртебесін қамтамасыз етуге, 
тағайындау, ротациялау және аттестаттау арқылы білім берудегі сапалы 
менеджментке;
оқытудың дәстүрлі бағдарламаларынан білім алушыларды болашаққа 
дайындауға (білім беру мазмұнының құндылық аспектісін ӛзектендіру, оқу 
бағдарламаларының жаһандық құзыреттіліктерді, эмоционалды зияткерлікті, 
сыни ойлауды, білім алушылардың кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылығы 
негіздерін қалыптастыруға бағытталуы; оқытуды бейіндік саралау және 
даралау, оқыту бағыттарын таңдаудың кең және икемді мүмкіндіктері арқылы);
қазақстандық білімнің жергілікті фокусынан сыртқы нарықтарда 
қазақстандық білімнің және оның түлектерінің қажеттілігі мен бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға (білім берудің жүйелілігін, сабақтастығын және 
үздіксіздігін қамтамасыз ету, инклюзивтілік, барлығы үшін сапалы білім беруге 
тең қолжетімділік, үш жоғары оқу орнын зерттеу университеттеріне 
трансформациялау, ел аумағында шетелдік жоғары оқу орындарының 
филиалдары мен ӛкілдіктерін ашу, қазақстандық жоғары оқу орындарының 
ғылыми және академиялық дамуын күшейту және т. б.);
сыртқы бақылаудың қатаң әдістерінен профилактикаға бағытталған 
профилактикалық-алдын 
алу 
шараларына, 
білім 
беру 
саласындағы 
қолданыстағы заңнама нормаларының құқық бұзушылық жасау себептері мен 
жағдайларын жою үшін ұсынымдар беру;
білім беру ұйымдарының қызметін қатаң бақылаудан білім беру сапасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет