Түрлі ведомстволарда: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау,
құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін мамандардың қызметін бірыңғай
ұйымдық
құрылымға
біріктіретін
кешенді
ведомствоаралық
тәсілді
ұйымдастыру жоспарлануда.
Балалар құқықтарының бұзылуына жедел ден қою жӛніндегі іс-шараларды
іске асыру және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жӛніндегі
мониторингтік топтардың қызметін ұйымдастыру жоспарлануда. Балаға жедел
кӛмек кӛрсету үшін республикалық қызмет құрылады.
Балалардың құқықтарын қорғау, жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың оқу және тұру жағдайларын зерделеу
мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік
қорғау ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізілетін болады.
Балалар бірлестіктерін және "Балалар ӛкілі" (Балалар ӛкілдіктері)
балалардың әлеуметтік бастамаларын дамыту жӛнінде шаралар қабылданатын
болады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымдардың балалардың ӛзін-ӛзі басқару кӛшбасшылары кеңесінің
мүшелері үшін "Кӛшбасшылық пен Абырой" атты іс-шаралар циклі ӛткізілетін
болады.
Білім беру ұйымдарын басқарудағы қамқоршылық кеңестердің рӛлі
нығайтылатын болады. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің
жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына
сапалы құрам алу және сайлау рәсімдерінің ашықтығына қол жеткізу
мақсатында кандидаттарды сайлауды регламенттеу және ӛкілеттіктерін кеңейту
бӛлігінде толықтырулар мен ӛзгерістер енгізілетін болады. Қағидалар білім
беру деңгейлері бойынша әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: