жеңімпаздарын дайындаған педагогтер үшін біржолғы ақшалай сыйақы тӛлеу
кӛзделеді.
ЖАО олимпиада, конкурстар, турнирлер, соның ішінде робототехника және
бағдарламалау жеңімпаздарын, жүлдегерлерін дайындаған педагогтерді
кӛтермелеу шараларын қабылдайтын болады.
Ауыл мектебіндегі 5 жылдық жұмыс ӛтілінен кейін қабылдау емтихандарын
ӛткізе отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының магистратурасына
басым қабылдау үшін ауыл мұғалімдеріне арналған жеке квота енгізу мәселесі
пысықталатын болады.
Сонымен қатар ұлттық біліктілік тестілеуінен ӛту
бойынша педагогтерді
аттестаттауға қойылатын талаптар, оның ішінде тестілеуден ӛту балдарының
пайызын 90 %-ға дейін арттыру және педагогтердің портфолиосын бағалау
ӛлшемшарттарын жаңарту арқылы күшейтілді.
Мектептегі мұғалімнің кәсіптік рӛлі оқу, жобалау
және зерттеу қызметін
ұйымдастырушыға, консультантқа, зерттеушіге, жоба жетекшісіне,
білім беру,
оның ішінде цифрлық ортадағы "навигаторға" ӛзгереді. Педагогтер ӛздерінің
педагогикалық және әдістемелік практикасын үнемі жетілдіруді және
жаңартуды кӛздейтін ӛз бетінше білім алуға ынталандырылатын болады.
Педагогтің әлеуметтік әл-ауқаты мен әлеуметтік мәртебесі жұмыстың
шығармашылық сипатына,
оқыту әдістемелерін, технологияларын таңдаудағы
дербестікке, жалақыны арттыруға, қосымша ақыны ынталандыруға,
кәсіби даму
шеңберін кеңейтуге байланысты артады.
ТжКБ-да ӛндірістік оқыту шеберлерінің жетіспеушілігі мәселесін шешу
мақсатында ӛндірістен мамандар ағынын ынталандыру бойынша жұмыс
жалғасады. Ӛндірістен тартылған педагогтерге тиісті қосымша ақысы бар
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты берілетін болады.
Осылайша, ТжКБ
мемлекеттік ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен ӛндірістік оқыту
шеберлерінің жалпы санынан ӛндірістен тартылған мамандардың үлесі 20 %-ға
дейін ұлғаяды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде мемлекеттік білім
беру грантының құнын арттыру жоғары оқу орындарына ПОҚ және жоғары
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі қызметкерлерінің
жалақысын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының
КЕАҚ-ға айналуы жоғары оқу орындарының қаржылық ағындары мен пайда
кӛздерін әртараптандыру үшін
қолайлы жағдайлар жасады, бұл ПОҚ үшін
әлеуметтік пакеттерді ұсынуға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру жүйесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіби дамуы
үшін қаражатты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: