2-параграф. Орта білім мазмұнын жаңғырту
Орта білім берудің мазмұны академиялық білімді, функционалдық
сауаттылықты дамытуға, кең ауқымды жаһандық құзыреттерді қалыптастыруға
бағытталатын болады.
"НЗМ" ДБҰ тәжірибесін еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне тарату
жалғастырылады. Білім беру саласындағы педагогтердің біліктілігін арттыру
мен менеджментті ұйымдастыру, педагогикалық жоғары оқу орындарының
студенттерін оқыту, жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен
мұғалімдері үшін онлайн сабақтар мен семинарларды трансляциялау арқылы
тәжірибені тарату бойынша тұтас шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.
Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ғылыми зерттеу
институттарымен, педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұзақ
мерзімді ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу және Қазақстанның білім беру
жүйесін ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеу, мониторингтеу, талдау және бағалау
үшін тораптық орталық құрады.
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларын оқыту мақсаттары арқылы іске
асырылатын
оқу,
математикалық,
жаратылыстану-ғылыми,
цифрлық
сауаттылықты дамыту үшін зерттеу, практикалық және шығармашылық
тапсырма-жинақтары базасы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамытуға бағытталған оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық жұмыстар
жинақтары, виртуалды зертханалар, математикалық модельдеуге арналған
симуляциялар, математикалық есептерді орындау процестері туралы оқыту
бейнересурстары әзірленетін болады.
"Сабақты зерттеу" және "іс-әрекеттегі зерттеу" арқылы мектептерде оқыту
және білім беру тәжірибесі жақсаратын болады.
Халықаралық ұйымдармен (ЮНИСЕФ және т. б.) бірлесіп қажетті қолдау
кӛрсету үшін оқу пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріндегі
олқылықтарды зерттеу жүргізіледі және білімді толықтыру бойынша шаралар
қабылданады.
Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету
комитеті білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі –
ББЖМ), аттестация және профилактикалық бақылау арқылы білім беру
сапасына жүйелі мониторинг жүргізетін болады.
Жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары білім беру
сапасындағы алшақтықтың себептерін ӛңірлік зерттеуге бастама жасайды.
Сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданатын
болады.
Қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген балаларды тәрбиелеу бойынша
кешенді шаралар қабылданады.
Әр сыныпты бітірген соң барлық білім алушылардың мемлекеттік тілді
білуіне бақылау жүргізілетін болады.
"Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын
жетілдіру үшін бірқатар шаралар қабылданатын болады. Жыл сайын қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімдерінің съезі ӛткізіледі, ол республика деңгейінде қазақ
тілі мен әдебиетін оқытудағы проблемалық мәселелерді талқылауға мүмкіндік
береді. Республика, сондай-ақ облыстар мен қалалар деңгейінде қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылатын болады. Балалардың жас
ерекшеліктерін, оқу мақсаттарын ескере отырып, оқу бағдарламалары,
балаларды қазақ тілінің грамматикасына оқытуға кӛзқарас, лексикалық
минимум, сондай-ақ "Қазақ әдебиеті" пәні шеңберінде оқытылатын
шығармалар тізбесі қайта қаралатын болады. Бүгінгі таңда зерттелген
жұмыстардың кӛп бӛлігін құрайтын социалистік реализм шығармаларының
орнына қазіргі заманғы шығармалар оқуға ұсынылады. Мұғалімдерге
әдістемелік кӛмек кӛрсету және тәжірибе алмасу үшін цифрлық контенті,
педагогтердің, сондай-ақ "Үздік педагог" республикалық конкурсының
жеңімпаздары бар бірыңғай портал құрылады. Педагогтер мен білім алушылар
"Оқуға құштар мектеп" жобасына белсенді түрде тартылатын болады.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, демалыс уақытында оқуға
ұсынылатын
шығармалар
тізімі
жасалады.
Мәдениет
және
спорт
министрлігімен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп
интернет
желісінде
қазақ
тілінде
ұсынылатын
контент
(балалар
мультфильмдері, аниме, фильмдер және т.б.) қайта қаралатын болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың қалауы, білім беру
ұйымдары мен педагогтердің дайындығы бойынша "Физика", "Химия",
"Биология", "Информатика" оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту
жалғастырылатын болады. "Физика", "Химия", "Биология", "Информатика"
пәндері бойынша педагогтерді ағылшын тілінде тиімді әдістемелік
сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін менторлық институты кеңейтілетін болады.
Математика, тілдер және информатика сияқты басым пәндерге ерекше назар
аударылады. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және
ағылшын тілі пәндерінің қарқындылығын және оқыту сапасын күшейту
шаралары қабылданады.
2024 жылдан бастап 12 жылдық орта білім беруге кезең-кезеңмен кӛшу
жоспарлануда.
12 жылдық мектептің мазмұны тез ӛзгеретін және жоғары технологиялық
әлемде ӛмір сүретін техносфералық адамның ерекшеліктерін ескеретін
тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдемелері, құндылықтар жүйесі,
сондай-ақ 12 жылдық білім беруді дамытудың заманауи трендтері негізінде
анықталады.
12 жылдық мектептің МЖБС-да ғылыми негізделген пәндік және
метапәндік құзыреттерді, жеке қасиеттер кӛрсеткіштерін және икемді
дағдыларды қамтитын орта білім берудің әрбір деңгейі үшін түлек моделі
айқындалатын болады.
Қазіргі заманғы мектеп, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары
білім алушылардың бойында XXI ғасырдың икемді дағдыларын дамытуға
бағытталатын болады. Осындай дағдылардың кең ауқымына ие орта мектеп
түлегі ынталы болады, әмбебап құзыреттілікке, бейімделу, ұжымдық жұмыс
және сыни ойлау дағдыларына ие болады, ӛз жұмысында жасанды интеллект
мүмкіндіктерін пайдаланады, оның ішінде "Жаһандық құзыреттіліктер" курсы
арқылы технологиялық ӛзгерістерге және жұмысқа орналасуға дайын болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту бағыттарының кең таңдауы мен
вариативтілігі, бейінді оқыту қамтамасыз етілетін болады. Пәндер бойынша
баламалы оқу бағдарламалары, баламалы оқу жоспарлары, сонымен бірге
оқулықтар әзірленетін болады.
Орта білім берудің бейіндік деңгейі дәстүрлімен қатар "технология" бейінін
қамтиды, мұнда STEM-оқыту нақты қолданбалы міндеттерді шешу үшін
жаратылыстану-математикалық
цикл
пәндерін,
технологиялар
мен
инженерияны бірыңғай оқыту жүйесіне біріктіруді білдіреді. Ерте бейіндік
дайындықты іске асыру ТжКБ және ЖОО ұйымдарымен бірлескен жұмысты
кӛздейді.
7 – 9-сыныптарда "Информатика" пәні бойынша оқушыларға бағдарламалау
тілін таңдау мүмкіндігі беріледі (C/C++, Python, Delphi, Lazarus).
Оқулықтардың сапасын қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылады.
Республикалық
ғылыми-практикалық
білім
мазмұнын
сараптау
орталығының (бұдан әрі – РҒПБМСО) базасында оқу басылымдарының
сарапшыларын оқыту іске асырылатын болады, оның нәтижесі оқытылған және
сертификатталған сарапшылар қатарынан қалыптасқан және толықтырылатын
сарапшылар базасы, үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын
сараптау және оқулықтарды апробациялау болады, оқу процесіне енгізілген
оқулықтардың сапасына мониторинг жүзеге асырылады, оның нәтижелері
бойынша оқулықтар мен ОӘК тізбесінен алып тастау немесе оларды одан әрі
қайта басып шығару туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Оқу әдебиеті сарапшыларының жалақысын арттыру мәселесі пысықталатын
болады.
Оқулықтардың, ОӘК-нің, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
сапасын бағалау жӛніндегі сарапшылардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін
арттыруға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.
Оқулықтарға сараптама жүргізуге жоғары оқу орындарының бейінді
кафедралары, ғылыми ұйымдар, педагогтердің кәсіби қауымдастықтары
тартылатын болады.
Оқулық басылымдарын сараптауды перспективалық жоспарлау жүйесі
енгізілетін болады (3-5 жыл және одан кӛп).
2024 жылы оқулық басылымдарын сараптау нәтижелерін апелляциялау
рәсімі енгізілетін болады.
Электронды платформа арқылы оқу әдебиеттерін, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын сараптау рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығы қамтамасыз
етіледі.
Бастауыш мектепке арналған балама оқулықтарды және ұсынылған
оқулықтарды таңдауда орта білім беру ұйымдары педагогтерінің
артықшылықтарын оңтайлы ескеруге мүмкіндік беретін тетікті енгізу арқылы
оқулықты таңдау мүмкіндігін кеңейту жоспарлануда.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдары үшін оқу басылымдарының, сыртқы
тасығыштарда да, қашықтан да қолжетімді қазіргі заманғы электрондық
оқулықтар мен ОӘК санын ұлғайту басым міндеттер болып табылады.
РҒПБМСО-ның үйлестіруімен авторлар, авторлық ұжымдар, баспа
мамандары және халық арасында оқулықтар мен ОӘК сапасы, оларды
жетілдіру бойынша тиімді ӛзара іс-қимыл жасалатын болады. Ірі баспалардың,
жоғары оқу орындарының, инновациялық мектептердің, ғылыми-зерттеу
институттарының (бұдан әрі – ҒЗИ) және пән педагогтерінің қоғамдық
бірлестіктерінің белсенді қатысуымен отандық оқулықтану теориясы мен
практикасы саласындағы сарапшылар қауымдастығының әлеуетін арттыру
жӛніндегі іс-шаралар ӛткізілетін болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру деңгейінде "оқулықтану" мамандары даярланады.
Мектептегі білім беру бағдарламаларына оқушылардың эмоциялық,
физикалық және ментальды әл-ауқатының негізі болатын тұрақты дамудың,
шығармашылық сананың, салауатты психоэмоциялық дамудың компоненттері
енгізіледі.
Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу, түсіну,
қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру,
пәнаралық байланыстарды барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
"ӛтпелі тақырыптардың" болуы маңызды болады.
Оқушылар мен студенттерді экологиялық тәрбиелеу, олардың қоршаған
ортаны қорғау туралы білім деңгейін арттыру және экологиялық
құндылықтарды дарыту жӛнінде шаралар қабылданатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |