Білім сапасы бойынша қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту
мақсатында, әсіресе, оқушылардың үлгерімі тӛмен ӛңірлердегі ауыл мектептері
мен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды қолдау тетіктері
әзірленетін болады. Ол үшін білім беру жүйесіндегі бизнес пен "НЗМ" ДБҰ-
ның бастамашыл жобаларын қамтитын ауыл мектептерін дамытудың ӛңірлік
бағдарламалары әзірленетін болады.
Басқа ӛңірлерден үлгерімі тӛмен ӛңірлерге білікті мұғалімдерді тарту үшін
ЖАО мұғалімдерге 3-5 жылдан кейін жекешелендіруге
болатын қызметтік
пәтерлер, сондай-ақ уақытша тұру үшін жатақхана бере алады.
Білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін және білім беру қызметтерінің
сапасын арттыру, басшылардың кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының
бірінші басшыларын ротациялау енгізіледі. Ротация бір білім беру ұйымында 4
немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар үшін жүргізілетін болады.
ШЖМ мұғалімдері үшін мамандандырылған білім беру бағдарламаларын
әзірлеуге, оның ішінде біріктірілген сыныптардағы жұмысқа қатысты кӛп кӛңіл
бӛлінетін болады. Бұл major/minor (кәсіби цикл плюс қосымша профиль) және
double major (қосарланған бағдарламалар) бағдарламаларының кең дамуымен
қамтамасыз етіледі.
Кӛпшілігі оқытуды мемлекеттік тілде жүргізетін ШЖМ жұмысын жақсарту
үшін бірнеше ШЖМ біріктіретін "Тірек мектеп – магниттік мектеп" бірыңғай
білім беру кешені құрылатын болады.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері айғақтайтын
мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алушылар арасындағы білім
кӛрсеткіштеріндегі алшақтықты қысқарту үшін қазақ тілінде оқытатын
мектептер үшін оқулықтардың сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін
болады (қазақ тіліндегі оқулықтарды бастапқы әзірлеу, орыс тілінен аудармау).
Еркін қол жеткізу үшін сапалы оқу материалы әзірленетін болады.
Жаратылыстану-математикалық
цикл педагогтерінің, қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесі жақсарады. Негізгі назар
педагогтердің пәндік құзыреттеріне және білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту әдістемесіне аударылады.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер құралдарын аудару мен бейімдеу
сапасын арттыру жӛнінде шаралар қабылданатын болады.
Білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында білім
алушылар үшін жазғы мектептердің жұмыс істеуі дамитын болады, ол оқу
жылы аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде жыл сайынғы негізде жүргізілетін
болады. Білім алушылардың білімдеріндегі
олқылықтардың орнын толтыру
жӛніндегі шаралар жүйесін жоспарлау және іске асыру алгоритмі
жетілдірілетін болады.
Ауылда білім беру сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5 мың
мектепке, бұл ауыл мектептерінің 95 %-ына жаңғырту жүргізу жоспарлануда.
Ауыл мектептерін жаңғырту күрделі және ағымдағы жӛндеу жүргізуді,
мектептерді пәндік кабинеттермен, мектеп жиһазымен жарақтандыруды,
мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғыртуды, жоғары жылдамдықты
интернетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ балалар үшін қауіпсіз және жайлы
жағдайларды қамтиды. Сонымен бірге "Орта білім беруді жаңғырту"
жобасы
шеңберінде 100-ден астам ауылдық жалпы білім беретін тірек мектептер пәндік
кабинеттермен қамтамасыз етіледі.
ШЖМ оқушыларын сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында
"Мобильді мұғалім" және "Нәтижелілігі тӛмен мектептерге мықты
мектептердің қамқорлығы" жобалары енгізу мәселелері пысықталады, сондай-
ақ пилоттық жобаның қорытындысы бойынша "Қамқор жанұя" жобасы
кеңейтілетін болады.
"Мобильді мұғалім" жобасы тәжірибелі мұғалімге бірнеше елді мекендердің
ШЖМ кӛшпелі сипаттағы педагогикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Мықты
мектептердің
мұғалімдері
қамқорлық
шеңберінде
консультациялар ӛткізеді, сабақтарды бірлесіп жоспарлауды, мұғалімнің
практикасын, сабақтарды зерттеуді, нәтижелілігі тӛмен мектеп оқушыларының
ғылыми жобаларына басшылықты жүзеге асырады. "Қамқор жанұя" жобасы
шалғай елді мекендердегі
балаларға интернатта емес, толық жинақталған
мектептерде оқуға мүмкіндік береді.
Тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балаларды оқытуға арналған
интернаттар желісін дамыту жӛніндегі жұмыс жалғастырылады. Білім беру
ұйымдарындағы интернаттарды жаңғырту, оларда болу жағдайларын жақсарту
жӛніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.
"Қамқор жанұя" жобасы (тірек мектеп орналасқан елді мекенде
оқушылардың отбасында тұруы) маңызды шара болмақ. Осы жоба аясында
баланың "уақытша отбасында" ӛмір сүруіне оңтайлы, жайлы жағдайлар
жасалады, балаларға психологиялық жайлылық,
отбасылық жайлылық
қамтамасыз етіледі.
Ауыл балаларын қосымша білім берумен, оның ішінде мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру арқылы қамту кеңейтіледі.
Білім алушылардың білім сапасы мәселесін шешу үшін педагогикалық
жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері тартылатын болады.
Студенттер білім алушыларға, оның ішінде онлайн-форматта да меңгеруде
қиындық туғызатын тақырыптар бойынша кӛмек кӛрсетеді (репетиторлық
қызмет).
Студенттерді ӛздері жүзеге асыратын әлеуметтік бағытталған, қоғамдық
пайдалы қызметі және репетиторлығы үшін
ынталандыру мақсатында
кӛтермелеу шаралары қабылданатын болады.
Оқу процесінде онлайн-платформаларды, ЦБР-ды пайдалану кеңінен
дамитын болады. Еліміздің үздік педагогтері, "Үздік педагог" республикалық
конкурсының жеңімпаздары ауыл мұғалімдері үшін озық тәжірибені онлайн
форматта таратады, мектеп оқушылары үшін консультациялар ӛткізеді.
Осылайша, министрлік ЖАО-мен, мүдделі
мемлекеттік органдармен
бірлесіп ШЖМ-ді қолдау, қалалық және ауылдық мектептердегі білім
алушылардың мүмкіндіктерін теңестіру және білім жетістіктеріндегі
алшақтықты азайту жӛніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы негізінде білім алушылардың
формальды, формальды емес және информальды білім алуын тану қамтамасыз
етілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: