Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту



Pdf көрінісі
бет37/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 5-параграф. Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту 
Орта білім беру ұйымдарында сапалы және қолжетімді білім беруді 
қамтамасыз ететін әдістемелік, кадрлық және басқа да ресурстарды қоса 
алғанда, эргономикалық негізде инклюзивті білім беру ортасы құрылатын 
болады.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтер (пән 
мұғалімдері, педагогтер, педагог-ассистенттер және басқалар) үшін біліктілік 
талаптарын жаңарту "Педагог" кәсіби стандарты негізінде жүзеге асырылатын 
болады.
ПМПК және ППТК кабинеттерінің қызметін күшейту мақсатында оларды 
орналастыру нормалары пысықталатын болады. ППТК және ПМПК желісі 
кеңейтіледі. ЖАО ПМПК-ны ашуды 50 мың балаға 1 (қазіргі уақытта – 60 мың) 
есебінен жүзеге асырылатын болады. 
Денсаулығы әртүрлі бұзылған балаларды ерте анықтау және түзету 
кӛмегінің тұтас жүйесі құрылады, ППТК және ОО үшін балаларды ерте дамыту 
жӛніндегі бағдарлама әзірленеді және бекітіледі.
ЕБҚ бар балаларды жұмысқа орналастыру үшін білім алушыларды ерте 
кәсіптік бағдарлау және еңбекке даярлаудың жол картасы әзірленеді және іске 
асырылады.
Инклюзивтік білім берудің үздіксіз жүйесінің моделі (балабақша, мектеп, 
колледж, ЖОО), ЕБҚ бар білім алушыларды ерте кәсіптік бағдарлау, кәсіпке 
дейінгі және кәсіптік даярлау бағдарламалары әзірленетін болады.
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарын инклюзивті білім беру мәселелері 
бойынша 
ғылыми-әдіснамалық 
сүйемелдеудің 
үйлестіруші 
орталығы 
Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы болады.
ЕБҚ бағалау негізінде білім алушыларды әртүрлі деңгейдегі 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тұжырымдамасының пайымы 
әзірленіп, енгізілетін болады. 
Мектептерге тиімді оқу-әдістемелік қолдау кӛрсету мақсатында білім беру 
ортасында ЕБҚ ескеретін оқытудың әмбебап дизайны қамтамасыз етіледі. 
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сәйкес "ерекше білім беру қажеттілігі бар 
балалар (тұлғалар)" ұғымы кеңейтіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет