Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Орта білім беруді басқару және қаржыландыру



Pdf көрінісі
бет38/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 6-параграф. Орта білім беруді басқару және қаржыландыру  
 Басқару 
Білім беру жүйесінің барлық буындарындағы коммуникациялар мен 
басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында ӛңірлерде білім беру жүйесін 
басқарудың жаңа моделі жетілдіріледі. 


Орта білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру 
үшін қамқоршылық кеңестерді дамыту және оларды мектепті дамыту 
стратегиясын қалыптастыруға, кадр және қаржы мәселелерін шешуге тартуды 
жандандыру жалғастырылады.
Білім беру ұйымдары "Ашық бюджеттер" жобасын қолдайтын болады, 
олардың сайттарында тиісті ақпарат қолжетімді болады. 
Білім алушылардың ата-аналар қоғамдастығы алдындағы білім беру 
жетістіктерінің 
қорытындылары 
бойынша 
онлайн-режимде 
қоғамдық 
тыңдаулар жалғасады. Ата-аналардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес 
ұйымдардың қатысуымен "Мектеп ӛмірінің бір күні" жобасын іске асыру 
жоспарлануда.
Ӛз саласындағы кӛшбасшылар қатарынан басқарушылардың кадрлық 
резерві қалыптастырылатын болады. 
Менеджерлерді білім беруде жүйелі даярлау халықаралық деңгейде 
танылған бизнес-мектептермен бірлесіп әзірленген кӛшбасшылық және 
басқарушылық құзыреттерді дамыту жӛніндегі дараланған бағдарламалар 
(Executive Master of School Management, EMSM) арқылы жүзеге асырылатын 
болады. Сонымен қатар орта білім беру ұйымдары директорларының, 
директорларының орынбасарларының кадрлық резервін қалыптастыру жүзеге 
асырылатын болады. 
Заңнамалық деңгейде оқушылар сарайларын, музыка мектептерін, 
мемлекеттік балабақшаларды, қосымша білім беру ұйымдарын жеке секторға 
беруді болдырмайтын шектеулер белгіленетін болады. 
Білім алушылардың жетістіктері, орта білім беру ұйымын басқару 
тиімділігі негізінде ұйым директорларына сараланған еңбекақы тӛленетін 
болады. 
Ӛңірлік және республикалық деңгейлерде іске асырылатын барлық 
белгіленген шаралардың тиімділігін бағалау білім беру жүйесінің жыл сайынғы 
мониторингі және Ұлттық баяндаманы жариялау негізінде жүзеге асырылатын 
болады. Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы 
туралы ұлттық баяндаманы дайындау білім беру саласындағы саясатты жүйелі 
деңгейде бағалау тетігі ретінде әрекет етуді жалғастырады.
Білім алушыларды даярлау мазмұны мен сапасының аккредиттеуші 
органдар белгілеген стандарттарға сәйкестігіне халықаралық аккредиттеу 
сараптамасы енгізіледі.
Қазақстандық орта білім беру мазмұнының әлемдік білім беру 
стандарттарына сәйкестігін растау мақсатында ерікті негізде мектептер мен 
білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жүргізілетін болады.
Мектептерді аккредиттеу мектептерде жоғары білікті білім беру 
қызметтерін алуға кепілдік береді. 
Аккредиттеу тетігі білім берудегі менеджментті жетілдіруге, білім беру 
ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін қалыптастыруға 
бағытталатын болады.


Мектеп жұмыс істеп тұрған ауылдың болжамды контингентін, ӛміршеңдігін 
(перспективасын) ескере отырып, жұмыс істеп тұрған әрбір ШМЖ бойынша 
мұқият талдау жүргізу жоспарлануда,
Талдау қорытындысы бойынша ШЖМ-де білім беру қызметтерінің сапасын 
арттыру мақсатында ШЖМ-ді толық жинақталған мектептерге (тірек/ресурстық 
мектеп) бекіту жӛнінде шаралар қабылданатын болады.
Қаржыландыру 
Білім беруге жеке инвестициялардың кӛлемін ұлғайту үшін жеке 
инвесторларды тарту тетігі қайта қаралады, оның ішінде жан басына 
шаққандағы қаржыландыру құрылымын жетілдіру және оны қолдануды 
кеңейту, нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі және білім беру 
мекемелерінің эндаумент-қорларын құру практикасы кеңейтіледі. Сонымен 
қатар мемлекеттің қолдауымен мемлекеттік және жеке ұйымдар дамитын 
болады. Білім беру инфрақұрылымына инвестициялардың қаржылық 
тартымдылығын арттыру үшін жаңа инвестициялық құралдарды қолдану 
зерделенеді және сынақтан ӛткізіледі.
Ата-аналардың таңдауы бойынша мектепке дейінгі және мектеп 
ұйымдарының қызметтеріне ақы тӛлеу үшін қаржыландырудың ваучерлік 
тетігін енгізуді қоса алғанда, балабақшалар, мектептер және басқа да білім беру 
объектілерін салуға жеке бизнесті тарту үшін қолдаудың жаңа нысандары 
әзірленетін болады.
Жалпы, орта білім беру үшін жан басына шаққандағы нормативтің 
құрылымын қайта қарау процесі ұзақ мерзімді сипатқа ие болады.
2023 жылдан бастап толық ауыл мектептері жан басына шаққандағы 
нормативтік қаржыландыруға кезең-кезеңімен кӛшіріледі. Бұл үшін 
қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бейімделетін болады.
2020 жылы жеке мектептерді қаржыландыруды ЖАО-дан білім беру 
саласындағы уәкілетті органға беруді кӛздейтін білім беруді қаржыландыруды 
орталықтандырудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды. 
Болашақта жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде 
мемлекеттік қала мектептерін қаржыландыруды ЖАО-дан Оқу-ағарту 
министрлігіне беру мәселесі пысықталатын болады.
Орталықтандыру кезінде жан басына шаққандағы нормативтік 
қаржыландыру шеңберінде қаржыландыру Оқу-ағарту министрлігі арқылы 
жүзеге асырылады, бұл ретте күтіп-ұстауға, жӛндеуге, құрылысқа арналған 
шығыстарды және ӛзге де шығыстарды (жан басына шаққандағы нормативтен 
тыс) ЖАО қаржыландырады.
Орталықтандырудың келесі кезеңдерінде мектепке дейінгі ұйымдардың, 
ТжКБ кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының және ауыл 
мектептерінің, 
оның 
ішінде 
тірек/ресурстық 
мектептердің 
кӛшуі 
қарастырылатын болады.
Қаржыландыруды орталықтандыру саясаты әділетсіз қаржыландыруды 
жою, бюджет қаражатын (трансферттерді) мақсатсыз пайдалану, толық 
қаржыландырмау тәуекелдерін барынша азайту және бүкіл ел бойынша 


шығыстарды теңестіру қажеттілігімен негізделген, бұл білім беру сапасындағы 
алшақтықты азайту үшін алғышарттар жасайды.
"Әлеуметтік әмиян" жобасы шеңберінде жеке білім беру ваучерлерін және 
баланың оқуына, оның ішінде мектептен тыс оқуына мемлекеттің ұсынатын 
барлық қаражатын жинақтайтын бірыңғай білім беру есебін енгізу 
жоспарлануда.
Жалпы бұл білім беру саласындағы қаржы ағындарының ашықтығын, 
бӛлінетін білім беру ваучерлерін дербестендіру есебінен білім беруге арналған 
бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін демографиялық ӛсу мен 
урбанизацияны ескере отырып, МЖӘ тетігі арқылы мектептер салу 
жоспарлануда. Бұл ретте орта білім беру саласындағы МЖӘ қолданыстағы 
заңнамаға сәйкес негізгі параметрлер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламалық МЖӘ мақсаты ЖАО-мен және Оқу-ағарту министрлігімен 
келісілген Жол картасына сәйкес үш ауысымда оқитын және тығыздалған 
мектептер мәселесін шешу, оқушылар орнының тапшылығын азайту болып 
табылады.
Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген талаптарға сәйкес институционалдық 
схема қарастырылады.
Осы мақсат аясында ЖАО-ның, оператор мен жеке серіктестің ресурстарын 
біріктіру, оқушылар үшін орта білімнің қолжетімділігі мен сапалық 
сипаттамаларын арттыру, инвесторлар мен жеке компанияларды тарту 
бойынша міндеттер іске асырылатын болады.
Мемлекеттік қолдау шарасы МЖӘ лимиті шеңберінде МЖӘ жобасын қоса 
қаржыландыру және жан басына шаққандағы қаржыландыруды тӛлеу болып 
табылады.
Жеке әріптесті анықтау, сараптама ӛткізу, және МЖӘ шартын жасасу 
тәртібі мен рәсімдері, мектептің жобалық қуатының минималды шегі заңнамада 
белгіленген тәртіпте бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет