Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-тарау. Жастарды оқуға және еңбек нарығына интеграциялау



Pdf көрінісі
бет39/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 5-тарау. Жастарды оқуға және еңбек нарығына интеграциялау 
 1-параграф. Техникалық және кәсіптік білімге сапалы және кедергісіз қолжетімділікті 
қамтамасыз ету  
ТжКБ-ға сапалы және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тегін 
ТжКБ-мен қамтуды кеңейту жалғастырылады. Осы міндет шеңберінде ниет 
білдірген 9-сынып түлектерін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-
мен қамтуға кезең-кезеңімен кӛшу жоспарлануда.
ТжКБ ұйымдарына қабылдау форматын жетілдіру кӛзделеді. WorldSkills 
жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына (2024 – 2025 жж.) гранттар алуға 
мүмкіндік беру мәселесі пысықталатын болады. Медициналық, педагогикалық 
мамандықтар бойынша оқуға түсушілер үшін шекті балл белгіленеді. 
Сондай-ақ "ақша-студентке" қағидатын ескере отырып, қабылдау бойынша 
нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жоспарлануда, бұл кадрларды 
даярлау сапасын арттыруға әсер етеді. 
Жаңа тетік бойынша талапкерлер ТжКБ ұйымдары мен мамандықтарды 
ӛздері таңдайды. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 


рәсімінің қолжетімділігін, айқындығын, ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-
ақ ТжКБ ұйымдары арасында бәсекелестікті күшейтеді.
Жастарды ТжКБ жүйесіне тарту үшін кәсіптік диагностика, кәсіптік 
сынамалар жүргізу және профессиограммалармен таныстыру арқылы 
оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтілетін болады. Осы 
мақсатта ТжКБ ұйымдарында кәсіптік бағдар және мансап орталықтары, 
мектептерде кәсіптік бағдар кабинеттері құрылады және кәсіптік бағдар беру 
бойынша 
мамандарды 
оқыту 
ұйымдастырылады. 
Кәсіби 
бағдарлау 
жұмыстарын жүргізу кезінде ақпараттық жүйе және кәсіптік бағдарлау мен 
мансаптың, оның ішінде Қазақстанның жаңа кәсіптерінің атласы негізінде 
мобильді қосымшасы қолданылады.
ТжКБ ұйымдары тең мүмкіндіктер аумағына айналады. ЕБҚ бар адамдар 
үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 
жұмыс жалғасады. Негізгі міндет – әртүрлі мүгедектігі бар, кәсіптердің кең 
спектрі бойынша кәсіби білім алған түлектер ӛз жұмыстарын мүгедектіксіз 
түлектер сияқты тиімді орындайтынын жұмыс берушілерге кӛрсету. 2022 жылы 
ТжКБ-ның 55 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, ал 2025 жылға 
қарай барлық мемлекеттік ТжКБ ұйымдарында жағдай жасау жоспарлануда.
Abilympics қозғалысын кәсіптік бағдарлау және инклюзивті білім беруді 
дамыту құралы ретінде дамыту шеңберінде "Атамекен" ҰКП-мен, жұмыс 
берушілермен бірлесіп ЕБҚ бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін 
шешу үшін жұмыс жүргізілетін болады.
Жаңа кәсіптер атласының құзыреттерін ескере отырып, WorldSkills, 
ZhasSkills және Abilimpics қозғалысын одан әрі дамыту жоспарлануда.
WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарын ұйымдастыру мен ӛткізу жүйесін 
жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында WorldSkills 
Kazakhstan 30 халықаралық сарапшыларының біліктілігін арттыру үшін 
WorldSkills International, WorldSkills Europe, WorldSkills Asia-мен ӛзара іс-
қимылды кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Еліміздің ұлттық құрамасын WorldSkills халықаралық чемпионаттарына 
сапалы дайындау үшін серіктес демеушілер мен ТжКБ ұйымдары базасында 
"спортшыларды олимпиадаға дайындау" қағидаты бойынша жаттығу лагерьлері 
ұйымдастырылатын болады. Жыл сайын WorldSkills ӛңірлік және 
республикалық чемпионатын ӛткізу үшін құзыреттер тізбесі кеңейтілетін 
болады.
ТжКБ жүйесіне WorldSkills әдістемесін енгізу үшін WorldSkills 
стандарттарын оқу процесіне енгізу, жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу, 
кәсіптік бағдар беру, педагогтерді курстық оқыту, WorldSkills талаптары 
бойынша демонстрациялық емтихан ӛткізу кезінде ТжКБ ұйымдарын 
әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу бойынша жұмыс жалғастырылатын 
болады. 
ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау және ынталандыру 
мақсатында "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті" 
жобасын іске асыру жалғасады, сонымен бірге жобаның барлық қатысушы-


түлектеріне демеушілер қаражаты есебінен алғашқы жұмыс орнына жолдама 
беру қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет