Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


-бағыт. Жастарды оқуға және еңбек нарығына интеграциялау



бет18/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

3-бағыт. Жастарды оқуға және еңбек нарығына интеграциялау




1-параграф. Техникалық және кәсіптік білімге сапалы және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету


Мамандарды даярлау еңбек нарығының болжамды қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте ТжКБ ұйымдары оқытудың, оның ішінде қысқа мерзімді оқытудың икемді нысаны бар барлық білім беру қызметтерін ұсына отырып, жастардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы үшін орталық хабқа айналуға тиіс.
ТжКБ-ға сапалы және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін
2026 жылға қарай ТжКБ-дан кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемін 150 мың орынға дейін ұлғайту арқылы талап етілетін мамандықтар бойынша ТжКБ ұйымдарында тегін оқытумен 9-сыныптың тілек білдірген түлектерін толыққанды қамту бойынша жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ, жұмысқа орналастыру міндеттемесі бар кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлау ұлғайтылатын болады (жыл сайын 10 мыңнан астам талапкер). Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында ТжКБ жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін екі есеге ұлғайту мәселесі пысықталатын болады.
10-11-сынып білім алушыларына негізгі оқумен қатар колледждер базасында жұмыс біліктілігін алу мүмкіндігі беріледі. Жастарды ТжКБ жүйесіне тарту үшін кәсіптік диагностика, кәсіптік сынамалар жүргізу және профессиограммалармен танысу арқылы, оның ішінде Қазақстанның жаңа кәсіптерінің атласы негізінде мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы күшейтіледі. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде ақпараттық платформа және кәсіптік бағдарлау мен мансаптың, оның ішінде Қазақстанның жаңа кәсіптерінің атласы негізінде мобильдік қосымша қолданылатын болады.
Студенттерді әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс жалғасады. Ол үшін студенттердің стипендиясының мөлшері 2 есе артады. Студенттер жатақханаларда орындармен, оның ішінде жаңа орындарды енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Білім алушының жекебасын дамыту, оны одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында ел ішіндегі колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу жоспарлануда. Кадрларды даярлаудың желілік нысанын дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Кадрларды даярлаудың желілік нысаны теориялық даярлықты, өндірістік практиканы және (немесе) оқу практикасын, зертханалық, практикалық сабақтарды өткізу бөлігінде жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарымен, кәсіпорындармен және ТжКБ ұйымдармен өзара желілік іс-қимыл жасау туралы шарттың негізінде іске асырылады.
Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін, оның ішінде ТжКБ ұйымдарының түлектері қатарынан даярлау жалғасады.
Студенттердің білімін бағалау жүйесінің сапасын жақсарту үшін ТжКБ ұйымдарында академиялық адалдық енгізілетін болады.
ЕБҚ қажет ететін адамдар үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады. 2025 жылға қарай барлық ТжКБ мемлекеттік ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жоспарлануда.
Кәсіптік бағдарлау және инклюзивті білім беруді дамыту құралы ретінде Abilympics қозғалысын дамыту шеңберінде «Атамекен» ҰКП-мен, жұмыс берушілермен ЕБҚ адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін бірлескен жұмыс жүргізілетін болады.
WorldSkills International, WorldSkills Europe-мен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Еліміздің ұлттық құрамасын WorldSkills халықаралық чемпионаттарына сапалы дайындау үшін демеуші-серіктестер мен ТжКБ ұйымдарының базасында «спортшыларды Олимпиадаға дайындау» қағидаты бойынша жаттығу лагерлері ұйымдастырылады. Жыл сайын WorldSkills өңірлік және республикалық чемпионатын өткізу үшін құзыреттер тізбесі кеңейтілетін болады.
Қабылданып жатқан жүйелі шаралар нәтижесінде Қазақстан WorldSkills-2025 әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ТОП-20 елге кіруді жоспарлап отыр.
Білім алушылардың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Колледждер жастардың әлеуметтік және жеке дамуына, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті жандандыруға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға (soft skills), жастар істері комитеттерінің, студенттік парламенттердің, мүдделер клубтарының, спорттық және өзге де үйірмелердің қызметі арқылы шешімдер қабылдауға жәрдемдесетін жастарды тарту орталықтарына айналады. Колледждер сонымен қатар жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңес береді және хабардар етеді, психологиялық, кеңес беру және заңгерлік көмек көрсетеді.
ТжКБ ұйымдары жанынан бизнес қаражаты есебінен 100 бизнес-инкубатор құрылатын болады, олар студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға ықпал ететін болады.


2-параграф. Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңғырту және сапасын арттыру


WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізу және жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру, педагогтерді курстық оқыту және WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу кезінде ТжКБ ұйымдарын әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу бойынша жұмыс жалғасады.
Жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру мазмұны мен оқыту мерзімдерін анықтауда академиялық дербестікті кеңейту бойынша жұмыс жалғасады. Білім беру бағдарламаларын есепке алу мен сапасының бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және оларды сараптау процесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Білім беру бағдарламаларын жетілдіру және жаңарту жалғасады, онда кәсіпкерлік дағдыларды, негізгі икемді дағдыларды (soft skills) дамытуға бағытталған модульдер көзделетін болады.
Еуропалық кредиттік технология қағидаттарын ескере отырып, оқытудың кредиттік жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Жұмыс берушілердің талаптарын және жаңа кәсіптер атласын ескере отырып, ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын өзектендіру жалғастырылады.
2023 жылдан бастап білім беру мазмұнын жаңартуды ескере отырып, мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қазақ тілінде оқулықтар әзірлеу бойынша жұмыс басталады (2023 жылы – 180, 2024 жылы – 180, 2025 жылы – 180).
ТжКБ жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларында жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негіздерін жасау, жастарды қоғамдағы өмірге бейімдеу жөніндегі міндеттер шешілетін болады. ТжКБ ұйымдарының білім алушылары 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталған PISA-2025, PISA-2029 халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысатын болады.
Түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде, ең алдымен, жас маманның дағдылары мен біліктілік деңгейі шешуші мәнге ие. Білім туралы дипломға қосымша құжат ретінде түлектің құзыреттілік картасы берілетін болады. Түлектің құзыреттілік картасы кәсіптік даярлық деңгейін және кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін қандай да бір құзыреттерді меңгеруін көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілер үшін түлектердің құзыреттілік картасы кәсіби құзыреттер шеңберінде студенттер меңгерген оқу нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың егжей-тегжейлі өлшемдерін білдіретін шаблон болады.


3-параграф. Шарттарды жаңарту және жұмыс берушілерді техникалық және кәсіптік білім беруге тарту


ТжКБ ұйымдарына өндірістен мамандарды тарту жұмысы жалғастырылатын болады. Бұл ретте «Атамекен» ҰКП жанындағы тәлімгерлер мектебі тәлімгерлерді өндірістен педагогикалық дағдыларға оқытуды жалғастырады.
Бұдан басқа, еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру курстары мен оқыту, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде ұйымдастырылатын болады.
Дуальды оқытуды одан әрі кеңейту және кәсіпорындардың ТжКБ ұйымдарына қамқорлығын дамыту үшін жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмыс жалғасады.
Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп дуалды оқыту (педагогикалық дағдыларға оқыту) шеңберінде студенттердің кәсіби практикасын сапалы ұйымдастыру мақсатында тәлімгерлік мектебін дамыту жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады.
ТжКБ ұйымдарын дамытудың басым бағыттары мәселелері бойынша қамқоршылық кеңестердің рөлі күшейтіледі. Кәсіпорындар WorldSkills жарыстарын өткізуге, білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік дағдылар негіздерін оқытуға, жастарды белсенді өмір салтына тартуға, сондай-ақ түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыруға белсенді қатысады.
Түлектердің жұмыспен қамтылуы және жұмысқа орналасуы туралы шынайы және толық ақпарат алу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылатын болады.
Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту жалғасады. Біліктілікті тану жүйесі енгізілетін болады. Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан нысанында жүргізілетін болады. Түлектер біліктілікті тану орталықтары арқылы біліктілігін растайтын болады.


4-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын арттыру және нысаналы қолдау


ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының, оның ішінде бизнес қаражаты есебінен МТБ нығайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Колледждер, оның ішінде бизнес қаражаты есебінен жаңғыртылып, заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.
ТжКБ ұйымдарын оқу шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындар (егістіктер, фермалар, жылыжайлар және басқалар) құру жолымен коммерцияландыру дамитын болады. ТжКБ ұйымдары ақылы негізде қызметтерді ұсынатын болады және оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында шығарылатын тауарларды өткізетін болады. 2028 жылға қарай колледждердің 50 %-ында (2023 жылы – 20 бірлік, 2024 жылы – 33 бірлік, 2025 жылы – 36 бірлік, 2026 жылы – 62 бірлік,
2027 жылы – 67 бірлік) өздерінің оқу шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындары болады. Ол үшін ТжКБ ұйымдарын икемді ұйымдық-құқықтық нысанға көшіру жүзеге асырылатын болады.
«Жас маман» жобасы шеңберінде жарақтандырылған ТжКБ ұйымдары жанынан мамандық бейіні бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлау, мектеп білім алушылары үшін кәсіптік сынамалар жүргізу, түлектер мен мамандарды сертификаттау жүйесі жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін құзыреттілік орталықтары құрылады.


5-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру


Тең құқықтарды, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді жаппай цифрландыру жалғастырылады. Электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізбесі және мемлекеттік қызметтермен қамтылған білім беру ұйымдарының үлесі ұлғаяды.
Жыл сайынғы негізде еGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасында электрондық диплом шығару мүмкіндігімен түлектердің деректері цифрландырылатын болады.
ТжКБ ұйымдарында қашықтан оқытуды дамыту бойынша жұмыс жалғасады. ТжКБ ұйымдары студенттерді оқыту нысандары мен оқыту курстарына қарамастан қашықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігіне ие. Студенттердің өндірістік оқытуды ұйымдастыруға және кәсіптік практикаға көзделген академиялық сағаттарды қоспағанда, бүкіл оқу кезеңі үшін уақыттың 20 %-нан аспайтын қашықтан оқуға мүмкіндігі бар.
ТжКБ ұйымдарында бизнес, басқару және құқық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және қонақжайлылық бағыттары бойынша нақты мамандықтардың тізбесін айқындай отырып, онлайн-оқыту енгізілетін болады және білім беру ұйымдарына қойылатын жалпы талаптар, оның ішінде білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияға жеке қосымша алу белгіленетін болады.
Цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту (компьютерлік паркті, оқытудың мультимедиялық және интерактивті құралдарын жаңарту, оқытуды басқару жүйелерін әзірлеу, халықаралық сертификаттауды жүргізу) және кадр құрамының цифрлық дағдыларын дамыту (сертификатталған тренингтер) жөніндегі шаралар пысықталатын болады.
Хакатон жарыстарын өткізу жалғасады, онда командалар қысқа уақыт ішінде бизнестің алдында тұрған белгілі бір мәселелерді шешу үшін өнімнің прототипін (веб-сервис, ақпараттық жүйе немесе бағдарлама және басқалар) әзірлеуі керек.
Осылайша, коммерцияландыру процестеріне тартылуы немесе одан әрі ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің негізі болуы мүмкін инновациялық жобалардың базасы қалыптастырылатын болады.
WorldSkills қозғалысы шеңберінде және IT бағыттар бойынша құрылған құзыреттілік орталықтарының базасында IT құзыреттер бойынша чемпионаттар өткізу арқылы білім алушылардың практикалық цифрлық дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2030 жылға қарай ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі 80 %-ға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет