Бағалы қағаз нарығындағы коммерциялық банктер. Әр түрлі елдердің ұлттық заңдылығы, ұлттық қор нарықтарының қалыптасу ерекшеліктері ме, тарихи дәстүріне байланысты банктер әр түрлі роль атқарады. Әлемдік тәжіри-беде қарапайым банк қызметінің бағалы қағаз нарығы қызметімен үйлесуінің екі түрлі көз қарасы бар.
Біреуі бойынша банктерге бағалы қағаз нарығында кәсіби қызметтің кейбір түрлерімен айналысуға (брокерлік, дилерлік, нарықты ұйымдастырушы) тыйым салынады. Сондай - ақ, инвесторлар ретіндегі кәсіби емес қызметтердің кейбір түрлеріне шектеу қойылуға тиіс. Бұл әдіс АҚШ-та қолданылады. Онда әмбебап банктерді коммерциялық және инвестициялық банктерге бөледі.
Коммерциялық және инвестициялық банктерге бөлу коммерциялық банк-терге (салым және депозит қабылдайтын) Бағалы қағазмен жасалатын кейбір кәсіби емес операцияларға тыйым салуды білдіреді (мемлекеттік емес бағалы қағаз инвестиция салуға тыйым салады). Екінші көзқарас банктерге қарапайым банк операцияларын бағалы қағаз нарығындағы операциялармен үйлестіруге рұқсат беруді білдіреді. Ондай көзқарас европа елдерінде басымырақ қолданылады. Бұл әдіс ГФР-де тиянақты түрде қолданылады, онда заң бойынша банктік ұйымдар арнайы лицензия негізінде клиенттердің қаржылық құралдарымен “классикалық қызмет шеңберінде де жұмыс істей алады. Европа-дағы бәсекелестік ықпалымен кейбір банктер өз қызметтеріне мамандану кон-цепциясы мен әр түрлі филиалдар және еншілес қоғамдар бойынша әр түрлі банк қызметтерін бөлуді өздері еңгізеді. Мұнда заңды талаптар ескерілуге тиіс.
Бағалы қағаз нарығын ұйымдастыру формалары. Бағалы қағаздың құрам-дас бөліктері белгілі Бағалы қағазға емес, сол нарықтағы сауда жасау тәсіліне негізделеді. Осыған байланысты Бағалы қағаз нарығын төмендегідей түрлерге бөледі:
Бірінші реткі нарық – бұл белгілі ережелер мен талаптарға негізделген, бағалы қағаздың нарықта бірінші рет пайда болуы, бұл бағалы қағазды олар-дың алғашқы иелерінің сатып алуы, бұл бағалы қағазды өткізу процесінің алғашқы сатысы.
Екінші реткі нарық – бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздың айналымға жүруі, бұл сауда-саттықтың барлық актлерінің немесе бағалы қағаздың белгілі мерзім ішінде бір иеден екіншісіне ауысуының басқадай формаларының жиынтығы.
Ұйымдастырылған бағалы қағаз нарығы – бұл нарықтық басқа қатысу-шылар тапсырмасы бойынша лицензиясы бар маманданған делдалдар арасын-дағы қатаң ереже негізінде бағалы қағаздың айналысқа түсуі.
Ұйымдастырылмаған нарық – бұл нарыққа қатысушылардың ешқандай ережеге бағынбай, бағалы қағаздың айналысқа түсуі.
Бағалы қағаз нарықтары түрлерін топтастыру: халықаралық және ұлттық бағалы қағаз нарықтары; ұлттық және аймақтық (территориялық) ба-ғалы қағаздар нарықтары; бағалы қағаздың нақыт түрлерінің нарықтары (ак-ция, облигация); мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаз нарықтары бірінші реткі және туынды бағалы қағаз нарықтары.