5.1. СУДЬЯЛАР
КТМАС судьяларының жұмысы оңай емес. Олар түрлі
істерді қарайды, оның ішінде кейбіреулері қиын және
өмірдің қиын жағдайларымен тікелей байланысты бо-
лып келеді. Қазахстанның заңнамасына сәйкес, КТМАС
судьясы болудың алдында, сондай-ақ кәмелетке
толмағандардың істерін қарау барысында қандай да
бір мамандандырылған дайындық талап етілмейді.
Интернет-сауалнамаға және жекелеген сұхбаттарға
қатысқан КТМАС судьяларының барлығынан балалар
құқығына, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
әділсотқа және балаларды қорғауға қатысты өткен
дайындықтары жөнінде сұрақ қойылды. Интернет-
сауалнамаған қатысқан КТМАС судьяларының көбісі
(71%) кәмелетке толмағандардың қатысуымен
болатын қылмыстық істер бойынша осы салада
жұмыс жасаудың алдында ешқандай арнайы кәсіби
дайындықтан өтпеген
116
. Сол сияқты судьялардың
74,2%-ы кәмелетке толмағандардың қатысуымен
болатын әкімшілік немесе азаматтық істер бойынша
осы салада жұмыс жасаудың алдында ешқандай ар-
найы кәсіби дайындықтан өтпеген.
Қазақстанның заңнамасына сәйкес, КТМАС-тың
қазіргі судьяларынан бала құқықтарына, кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі әділсотқа және
балаларды қорғауға қатысты курстардан өту талап
етілмеген. Алдыңғы 12 ай бойы КТМАС судьяларының
көбісі
(77,4%)
кәмелетке
толмағандардың
қатысуымен болатын қылмыстық істер бойынша
мамандандырылған
курстардың
ешқайсысынан
өтпеген
117
. Дәл сондай, жауап берушілілердің 80,6%-
ы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын
әкімшілік немесе азаматтық істер бойынша ешқандай
курстан өтпеген
118
.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару
академиясының (академия) хабарламасына сәйкес,
кәмелетке толмағандар істері бойынша әділсот
жүйесінде жұмыс жасайтын судьяларға арналған
мамандандырылған дайындық курстары болмауының
басты себебі КТМАС судьялары басқа ктаегориядағы
судьяларға қарағанда аз топты құрайды және
кәмелетке толмағандардың істері тек КТМАС-та ғана
қаралмайды. Сол үшін басқа соттардағы судьяларда
да осы салада дайындықтан өтуге қызығушылықтары
116
Алимбекова Ж . , республикалық
сарапшы.
Кәмелетке
толмағандардың
істері
жөнендегі
мамандандырылған
ауданаралық судьялармен болған сұхбат нәтижелерінің есебі,
4-5бб.
117
Алимбекова Ж . , республикалық
сарапшы.
Кәмелетке
толмағандардың
істері
жөнендегі
мамандандырылған
ауданаралық судьялармен болған сұхбат нәтижелерінің есебі, 5б.
118
Алимбекова Ж . , республикалық
сарапшы.
Кәмелетке
толмағандардың
істері
жөнендегі
мамандандырылған
ауданаралық судьялармен болған сұхбат нәтижелерінің есебі, 6б.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
31
бар
119
. Осыған орай академия қазіргі барлық
судьяларға бірдей біліктілікті арттыру мақсатында
міндетті курстар өткізеді. Ең аз дегенде 5 жылда
бір рет
120
. Қолда бар мәліметке жүгінсек, аталмыш
курс-тар екі аптаға созылады. Судьялардың 50%-
ы осы дайындықты ең аз дегенде үш жылда бір рет
өтеді екен
121
. 2009-2011 жж. аралығында он бес курс
өткізілген, төрт күрс 2012 жылы және үш курс 2013
жылы өткізілген. Осы курстың ішінде шамалы уақыт,
шамамен екі сағаттан төрт сағатқа дейін балалар
құқығына арналған және келесідей тақырыптарды
қамтиды: отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыс; кәмелетке толмағандар қатысумен бола-
тын қылмыс; кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігі; неке және отбасы туралы заңнаманың
ережелерін жүзеге асыру; халықаралық асырап алу ту-
ралы істер
122
. Алайда қазіргі судьяларға арналған оқу
бағдарламасы мен оқу жоспарында бала құқықтарына
қатысты бөлім қарастырылмаған. Әйтсе де КТМАС-та
жұмыс жасайтын судьялардың саны жыл сайын ар-
тып келеді және академия мамандандырылған оқу
курсының 2015 жылы өтетінін хабарлады
123
.
Интернет-сауалнамаға қатысқан КТМАС судьялары-
ның (93,5%) көбісі қосымша мамандандырылған
дайындық олар үшін пайдалы деп есептейді. Жау-
ап беруші КТМАС судьяларының көбісі, сол сияқты,
кәмелетке толмағандардың қатысуымен бола-
тын істерді қарауда әлемдік оңтайлы тәжірибені
119
Академия, хат, КБҚО-ға жолданды 9 шілде 2014 жыл.
120
Академиямен топтық сұхбат, Астана, 9 шілде 2014 жыл.
121
Академиямен топтық сұхбат, Астана, 9 шілде 2014 жыл.
122
Академиямен топтық сұхбат, Астана, 9 шілде 2014 жыл; ақпарат
Академия тарапынан ЮНИСЕФ-ке жолданды, КБҚО-ға берілді,
26 тамыз 2014 жыл. Академия, хат КБҚО-ға жолданды, 9 шілде
2014 жыл.
123
Академиямен топтық сұхбат, Астана, 9 шілде 2014 жыл.
оқыту бойынша семинар және біліктілікті артты-
ру курстарының қажет екенін айтты. Кесте 10-да
КТМАС судьяларының олардың өз міндеттерін жақсы
атқаруда қажет ететін оқу түрлері туралы мәліметтер
берілген.
Академия ҚР Жоғарғы Сотымен бірге КТМАС судья-
ларына арналған міндетті мамандандырылған семи-
нар ұйымдастыру идеясына оңтайлы қарап, келесідей
сұрақтарды қарастыруды жөн көрді: істер бойын-
ша шешімдерді шығару үдерісі, жаза тағайындауға
қатысты шешімдер қабылдау және жазаны таңдау
124
.
124
Академиямен топтық сұхбат, Астана, 9 шілде 2014 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |