Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН


 ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ



Pdf көрінісі
бет5/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

3.2.2. ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ 

ЖЕКЕЛЕГЕН ЖӘНЕ ТОПТЫҚ СҰХБАТ 

Төмендегі сегіз КТМАС елімізде мәлімет жинау үшін 

таңдалып алынды:

•  Алматы қ. КТМАС; 

•  Астана қ. КТМАС; 

•  Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ. КТМАС;

•  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. КТМАС;

•  Маңғыстау облысы, Ақтау қ. КТМАС;

•  Қызылорда облысы, Қызылорда қ. КТМАС;

•  Қарағанды облысы, Қарағанды қ. КТМАС; және 

•  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ. КТМАС. 

Сегіз  КТМАС  мақсатты  іріктеудің  көмегімен 

келесідей  критерийлер  негізінде  таңдалып  алын-

ды:  Қазақстан  шеңберінде  географиялық  жағдай; 

өңірдің  экономикалық  статусы;  және  кәмелетке 

толмағандар  арасында  қылмыс  деңгейінің  салы-

стырмалы  көрсеткіштері  және  өңірдегі  КТМАС  саны.  

Бұдан басқа, 

•  Алматы  және  Астанадағы  КТМАС-тар  2008 

жылы  пилот  ретінде  жұмыс  жасалған  соттар 

болған соң, сондай-ақ оңды тәжірибе ұсынатын 

және  де  басқа  КТМАС-тарда  анықталмаған 

мәселелерді  ұсынатын  болған  соң  таңдап 

алынды; 


  

15

  Халықаралық  консультанттардың  толық  аналитикалық  шолу 



жасауларына,  яғни  КТМАС-қа  қатысты  заңдар  мен  нормативтік 

құқықтық актілер қаншалықты халықаралық стандарттарға жа-

уап  береді  деген  сұраққа  толық  шолу  жасауға  мүмкіндіктері 

болмағанын  айта  кеткен  жөн.  Өйткені  талдауға  қажетті  кейбір 

материалдардың ағылшынша толық нұсқалары жоқ еді.



14

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

•   Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда 

облыстарындағы 

КТМАС-тардың 

таңдалу 

себебі  -  осы  облыстарда  Қазақстан  мен  БҰҰ 

агенстволарының  бірлескен  бағдарламалары 

жүзеге асырылуда. Сол себептен осы бағалаудың 

нәтижелері аталмыш бағдарламаларды жүзеге 

асыруда  ақпараттық  жағынан  пайдалы  болуы 

әбден мүмкін еді;    

•  Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда 

облыстарындағы  КТМАС-тардың  тағы  бір 

себебі – аталмыш облыстарда Қазақстан БҰҰ-

мен  бірге  балалардың  мүдделеріне  арналған 

әділсот  бойынша  бағдарламаларды  жүзеге 

асырды  және  жоспарлады.  Дәл  осы  талдау 

жұмысы  аталмыш  бағдарламаларды  жүзеге 

асыруда негізгі зерттеу жұмысы бола алады.

Қосымша  А  әр  КТМАС-тағы



  мүдделі  жақтармен 

болған сұхбаттардың жоспарын қамтиды. Бұл жоспар 

жоба бойынша мәлімет жинау кезеңін ұйымдастыру 

үшін дайындалды. Қатысушылар мақсатты іріктеудің 

нәтижесінде  әріптестермен  бірлесіп  дайындаған 

критерийлерге сәйкес таңдалып алынды. Олар сала/

мамандануы; жасы; жынысы; және қатысушылардың 

КТМАС-тағы  істерінің  категориясы  (қылмыстық, 

әкімшілік, азаматтық істер). 

Сұхбаттар  КТМАС-тың  практикада  қалай  жұмыс 

жасайтынын  анықтайтын  сапалы  мәліметтерді 

жинауға, КТМАС туралы қатысушылардың тәжірибесі, 

пікірі  және  ақпараттарына,  сонымен  қатар  КТМАС-

тың  оларға  тигізетін  әсеріне,  қолданыстағы 

заңнамаға, саясат туралы қатысушылардың білімі мен 

көзқарастарына    бағытталған.  Сол  сияқты  шынайы 

оқиғалардың  практикасы  мен  нәтижелеріне  де 

бағытталады.  Сұхбаттар  өздігімен  өкіл  бола  алатын 

іріктеу жасауды мақсат тұтпайды. 

Практика  жүзінде  кейбір  кәмелетке  толмаған 

жәбірленушілер  мен  куәгерлер  осы  бағалау 

жұмысының  сұхбатына  қатысудан  бас  тартты, 

тіпті  сұхбат  олардың  заңды  қамқоршыларының 

қатысуымен  болса  да.  Бұдан  басқа,  сұхбатқа  ат 

салысқан  қатысушылардың  саны  мен  категориясы 

кестеге сәйкес КТМАС-тағы қаралатын істерге байла-

нысты болды. Бұл шектеулер әдістемені әзірлеу бары-

сында ескерілді. Консультанттар іріктеудің оң нәтиже 

беруін қамтамасыз ету үшін, мәлімет жинау уақытын 

бір  айға  созды.  Өйткені  мониторинг  жүргізу  кезінде 

жоғарыда  айтылған  шектеулерді  азайту  мақсатында 

консультанттар мен ұлттық зерттеушілер тыңдаудың 

саны мен түрін, жауап берушілердің санын бақылай 

алуы қажет еді. 

Таңдалып  алынған  соттар  орналасқан  сегіз  өңірде 

181  жартылай-құрылымдық  жекелеген  (көзбе-көз) 

және  топтық  сұхбат  жүргізілді  (қатысушылардың 

тізімі Қосымша Б-да берілген). 

Осы  сұхбаттарға  қосымша  ретінде  консультанттар 

мен зерттеушілер «Қазақстан Республикасының Юве-

налды әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасын 2009 

–  2011  жылдары  жүзеге  асыру  нәтижелеріне  шолу-

ына»  қатысқандарға  КТМАС-қа  қатысты  сұрақтар 

қойды. Зерттеуге қатысқан мүдделі жақтардың толық 

тізімі  ЮӘ  тұжырымдамасының  жүзеге  асырылуы 

жөніндегі  есепте  берілген.  Өйткені  консультанттар 

ҚР  ІІМ  Қылмыстық-атқару  комитетінің  өкілдерінен 

сұхбат  ала  алмады,  сондай-ақ  уақытша  ұстау  және 

тергеу  орындарындағы  жауап  берушілермен  де 

сұхбат жүргізе алмады. Бірақ консультанттар Алматы 

қ. ЛА 155/6 ұл балаларға арналған колонияға, Шығыс 

Қазақстан  облысындағы  ерекше  режимде  ұстайтын 

арнайы мектепке және Алматы, Ақтау қалаларындағы 

«девиантты»  мінез-құлықты  балаларға  арналған 

арнайы  мектепке  бара  алды.  Бұдан  басқа,  кон-

сультанттар  прокурорлар  мен  ҚР  ІІМ-не  қарайтын 

қызметкерлерден  бара  алмаған  мекемелерге/

қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша сұхбат алды. 




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

15



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет