Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары втипо 20-1 Тәжірибелік жұмыс 4



Дата09.02.2023
өлшемі8,27 Kb.
#66479
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары втипо 20-1 -melimde.com


Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары втипо 20-1 Тәжірибелік жұмыс 4

Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары

ВТиПО 20-1 Тәжірибелік жұмыс 4

Мендикулов Худайберген

Тақырыпша


  • Саяси және мемлекеттік билік.

  • Билікті табыстау және биліктің бөлінуі.

  • Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.

  • Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

Саяси және мемлекеттік билік

Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.

Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.

Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.

Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.

Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі.

Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді.

Билікті табыстау және биліктің бөлінуі

Биліктердің бөлінуі — құқықтық мемлекеттегі заңнамалық, атқарушылық және соттық биліктен тұратын мемлекеттік билік тармақтарының, бір-бірінен дербес және тәуелсіз түрде әрекет етуі тиіс принцип.

Шамадан тыс күшті биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермеу, халықтың, елдің, мемлекеттің мүдделерін есепке алу мақсатымен жүзеге асырылады. Биліктердің бөліну принципі жүзеге асырылатын мемлекеттерде, мемлекеттік биліктің үш міндетінің біреуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган, өзара бірлесіп әрекет етеді және бұл жағдайда бір-бірін шектеп отырады. Қазіргі заман дәуірінде биліктердің бөліну принципі конституционализмнің ең негізгі идеясы болып табылады

Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері

«Легитимділік» термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды.

Саяси биліктің легитимділігі – халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимділік дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;

2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.

Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет