«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Жекешелендіру процесінде пайда болатын қатынастарды зерттеу



бет89/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Жекешелендіру процесінде пайда болатын қатынастарды зерттеу:

  • мемлекеттік меншікті жекешендіру процесінде оның негізділігі мен жүргізу тәртібіне қатысты пайда болатын сұрақтар.

Банктік қызметті жүзеге асыруға қатысты зерттеулер:

  • шаруашылық субъектілердің жүзеге асыратын қызметі банктік қызметке жатады ма ?

Мемлекеттік сатып алу процесінде пайда болатын қатынастарды зерттеу:

  • мемлекеттік сатып алуға қатысты жүргізіліп жатқан тендердің шарттары сол кезеңде қолданыстағы ҚР заңдылықтарға сай ма ?

  • мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаздың анықталуы негізді ма ?

  • тендердің өткізілу тәртібі сол кезеңде қолданыстағы ҚР заңдылықтарға сай ма ?

  • мемлекеттік сатып алудың нақты әдісі негізді ма ?

Экономикалық сараптаманың барлық түрлері бойынша сұрақтар типтік болып табылады және нақты жағдайға, іс материалдарына қатысты басқа да сұрақтар қойылуы мүмкін, сонымен қатар олар сот сарапшысының құзырынан тыс шығып кетпеуі керек.


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Аталған сараптамаларды тағайындаған кезде оларға дайындалатын материалдардың саны сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстырғанда көлемірек. Мәселен, құрылыс фирмасымен материалдар ұрланған кезде келесі материалдар ұсынылуы қажет: құрылыс қаржы жоспары, құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізудің журналы, жасалған жұмыстарға қатысты анықтамалар мен актісі, бақылау өлшеудің актілері, құрылыс-монтаждық жұмыстарды жасау кезінде қолданылған материалдар мен өзге де шығындардың бекітетін журнал ордері, қаржыландырудың реквизиттері т.с.с.
Материалдарды сараптамаға дайындау кезінде тергеушіге тергеу әрекеттерін (алу, тінту т.с.с.) жүргізу барысында маманды қатыстырған жөн. Маманның көмегі сараптама үшін қажетті материалдарды дұрыс және толық көлемде ұсынуға көмектеседі.


18 тақырып. Сот-тауарлық сараптамалары

Сот-тауарлық сараптаманың зерттеу объектісі әрқашанда сату-сатып алу саласына қатысты болады. Аталған сараптаманың объектілері көпжақты, күрделі және көп қызметті. Тауар тануда және сот-тауарлық сараптаманың теориясында көптеген жіктелу жүйелері орын алады. Мысалы, тауарлар материалды және материалды емес активтер деп бөлінеді.


Бірінші топ объектілеріне: жылжитын мүліктер: тауарлық-материалды құндылықтар, көлік құралдары, өндіріс құралдары т.с.с. жатады. Жылжымайтын мүліктерге: жер, жер қоймалары, жер телімдері, өндірістік және азаматтық құрылыстар, инженерлік инфрақұрылымдар, арнайы мақсатқа арналған құрылыстар, аяқталмаған құрылыстар т.с.с. жерге қатысты объектілер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет