18.2. Көлік-тауарлық сараптамасы Аталған сараптама көлік құралдарын, олардың агрегаттарын, детальдарын, қосалқы бөлшектерін, боялған беттерін т.с.с. зерттейді.
Көлік-тауар сараптамасының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар:
көлік құралы жүргізушісіне зақым келтірудің нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшері.
18.3. Құрылыс-тауралық зерттеу Аталған сараптама құрылыс материалдарын, бұйымдарды, құрылымдарды, өндірістік, азаматтық және әкімшілік құрылыстарды зерттейді.
Құрылыс-тауарлық сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар:
өндірістік, азаматтық және әкімшілік құрылыстардың нақты бағасы қандай ?
құрылыс материалдардың, бұйымдардың нақты бағасы қандай ?
құрылыс материалдарын сақтау мерзімін ескере отырып қалдық соммасы қандай ?
құрылыс материалдардың, бұйымдар мен құрылымдардың сақтау, тасымалдау жағдайы стандарт талаптары мен техникалық жағдайларына сәйкес пе?
ұсынылған жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы қандай ? т.с.с.
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Сот-тауарлық сараптаманы тағайындаған кезде келесі материалдарды ұсыну керек:
зерттеу объектілері (заттай дәлелдемелер);
қылмыстық іс материалдары;
объектілерді алу хаттамасы;
зерттеу объектілерінің сапалық, сандық, ассортиментін бекітетін құжаттар;
Экономикалық котрабанданы тергеу кезінде әр бір тауар үшін оларды алу әдістемелері бар: мұнай үшін – бір, жанармай материалдары үшін – басқа т.с.с. Кейде түпнұсқа тауарлардың үлгілерін алу қажеттігі туындайды. Олар: кемшіліктерін көрсететін бұйымның үлгілері, эталон – үлгілері, үлгілері – эталондар (әсіресе сапасыз тауарларды зерттегенде орын алады).
Тергеуші кейде тауарлардың жоқ болуына қатысты фактілерге тап болады. Мұндай жағдайда сот-тауарлық сараптаманың тағайындалуы алуан-түрлі бухгалтерлік құжаттардың зерттелуін талап етеді. Оларға: шот-фактуралар, тауар-көліктік қағаздар, қабылдау актілері т.с.с. тауардың сапасы мен сандық көрсеткіштерін бекітетін құжаттар жатады.
Сол сияқты, дайындау технологиясын, қоймашының кітабы, сақтау кітапшасы т.с.с., санитарлық-эпидиомологиялық станцияның анықтамалары, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, ветеринардың қорытындысы, іс материалдары – тергеу әрекеттерінің хаттамалары т.с.с. зерттеу жүргізу үшін қажет болуы мүмкін. Сараптамаға нақты жіберілетін материалдардың тізімі қылмыстың жасалған түрі мен істің мән-жайларына байланысты болады.