«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Сот сараптамасын тағаайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары. Қазақстан Республикасының сот сараптама мекемелері



бет13/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105
Байланысты:
treatise8925

4 тақырып. Сот сараптамасын тағаайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары. Қазақстан Республикасының сот сараптама мекемелері

Сот сараптамасын тағайындау барысында ұйымдастырушылық сұрақтарды шешіп алу қажет. Аталған жағдай процессуалдық шешім қабылдауға, сот сараптамалық мекемені тағайындауға немесе нақты сарапшыны таңдауға түрткі болады.


Ұйымдастырушылық сұрақтар сараптаманы тағайындаудың сатысына қатысты болады, олар өз алдына дайындық және сараптаманы тапсыру сатыларына бөлінеді.
Дайындық сатысы ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуді қажет ететін келесі кезеңдерге бөлінеді:

  • Сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдау.

Аталған кезең, алдын-ала тергеу процесі немесе сот талқылау кезінде, іс үшін маңызды мән-жайларды анықтау үшін арнайы ғылыми білімді қолдануды қажет ететін жағдайлардың пайда болуын білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, сот немесе тергеу үшін дәлелдерді арнайы ғылыми білімді қолдана отырып алу қажет болғанда, олар сот сараптамасын тағайындау туралы процессуалды шешім қабылдайды.

  • Сот сараптаманың нақты түрін анықтау.

Аталған сұрақты шешу сараптамалық білімді тартуды қажет етеді.Осыған қатысты сот, тергеуші орын алатын сараптамалардың топтарын және олардың мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет. Мәселен, сараптаманың процессуалдық түрін (қосымша, қайталама) қате анықтау, сараптаманы тағайындаудың процессуалдық кемшіліктеріне әкеп соғуы мүмкін, яғни сарапшының сараптама жүргізуден бас тартуын айтамыз.

  • Сараптамалық сұрақтарды шешетін міндеттерді анықтау.

Тергеуші (сот) алдында тұрған міндеттерді нақты анықтап алуы қажет, ол өз алдына сараптамалық мақсаттарды шешуге ықпал етеді, сараптама жүргізудің қажетті және жеткілікті шектерін анықтайды.

  • Сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру.

Тергеуші (сот) сараптаманың түрі мен міндеттерін анықтап алған соң, сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды анықтап алуы қажет. Дәлелдеу субъектілері әдістемелік және процессуалдық талаптарды басшылыққа ала отырып, сараптамалық сұрақтарды анықтау қажет. Сұрақтар сарапшының құзыретінің және мамандығының шегінен тыс болмауы қажет.
Сарапшының алдына қойылатын сұрақтар логикалық реттілікпен құрастырылуы қажет, яғни ең алдымен сот, тергеуге қажет маңызды жалпы фактілерді, кейін нақты мән-жайларды анықтау керек.
Өзінің мазмұны жағынан сарапшыға қойылатын сұрақтар нақты бола тұра, қатысушылар үшін қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Заң шығарушымен сарапшыға құқықтық мазмұндағы сұрақтар қоюға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет