«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет68/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
Байланысты:
treatise8925

14.4. Жанар-жағар майлар (ЖЖМ) мен
мұнай өнімдерінің (МӨ) сот сараптамасы
Аталған сараптаманың зерттеу объектілері мұнайдан өндірілген заттар, жанар-жағар май материалдары, олар мұнайдан өндірілген заттардан басқа таскөмір, смола тақтатастарынан өндірілген өнімдер бола алады. Сол сияқты, химиялық өндірісте синтезделген заттар да бола алады (эфирлер, жартылай силикондық сұйықтықтар) т.с.с.
Мұнайдан өндірілген заттар, жанармай заттары сыныптарының көлемі үлкен, олар бірнеше сыныптарға бөлінеді, олар:

  • тез балқытылатын мұнай өнімдері, олар көбінесе өртке, мәйітті жаңдыруға, жарылысқа қатысты істер бойынша зерттеледі. Сол сияқты, тез балқытылатын мұнай өнімдері олардың тауарлық қолдан жасау (фальсификация) жөніндегі істер бойынша зерттеледі;

  • жанармайлар материалдары бойынша зерттеулер жол-көлік оқиғасы бойынша, суық және ату қаруларын қолдану, оқ-дәрілерді пайдалану істері бойынша жүргізіледі. Бұл сұйық мұнай өнімдерінен жасалған заттардың бір объект-тасушыдан екінші объектіге өту қабілеттілігімен түсіндіріледі;

  • қатты мұнай өнімдерін зерттеу кісі өлтіру, ұрлау фактілері бойынша жүргізіледі.

Мұнайдан өндірілген заттар, жанармай материалдары сот сарптамасының пәні криминалистік зерттеу және арнайы білім әдістемелерінің жалпы жағдайларымен анықталатын фактілі деректерді құрайды. Олар: мұнай химиясы, мұнайды өндіру технологиялары, хромотография т.с.с.
Сараптама өртке, кісі өлтіруге, қоршаған ортаға зақым келтіруге, мұнай ұңғымаларын заңсыз өңдеуге қатысты істер бойынша тағайындалады. Олар әкімшілік, азаматтық сот өндірістерінде де қарастырылады (контрабанда, сапасыз мұнай өнімдері мен жанар майларды сату).
Мұнайдан өндірілген заттар, жанармай материалдары сот сарптамасының міндеттері идентификациялық және идентификациялық емес (ситуациялық, классификациялық, диагностикалық) болып екі топқа бөлінеді.
Диагностикалық, классификациялық және ситуациялық міндеттер зерттелетін заттың мұнай химиялық табиғатын, олардың түрін, маркісін анықтау болып табылады. Аталған міндеттерді шешу үшін сараптамаға келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • оқиға болған жерде табылған заттарда мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының іздері бар ма ?

  • зерттеуге сұйықтық, дақтар, объект-тасушыларында қабаттар ретінде ұсынылған заттарда мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының іздері бар ма ?

  • зерттеуге ұсынылған мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының қолданылу саласы мен мақсаты;

  • мұнай өнімдері мен жанармай материалдар үлгілерінің рецептуралық құрамы қандай ?

  • мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының түі (маркісі, сорты);

  • оқиға болған жерде табылған мұнай өнімдері мен жанармай материалдары сезіктіден алынған қабаттар, сұйықтық заттармен топтық немесе тектік қатыстылығы бар ма ?

  • сезіктіден алынған заттардағы қоспаларда мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының көлемі қандай ? т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет