Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Оқиға болған жерді қарау туралы хаттамада келесі мән-жайлар көрсетілуі қажет: өрт болған жерде қандай электр қондырғылар болды, олардағы зақымдар суретке түсіріліп, сипатталу керек, олардың жанармай материалдармен орналасуының қашықтығы көрсетілуі қажет және жоспар-сызбаларда қашықтықтары көрсетілуі тиіс.
Қосу және сөндіру құралдарды алу кезінде оқиға болған жерді қарау туралы хаттамасында олар «жағылған» немесе «сөнген» күйінде алынған ба сипатталуы керек. Балқу іздері бар электр қыздырғыштар және электр жарық беру құралдарын олардын сымдарымен бірге (шнур) алу керек.
Қорғау аппараттары – оның ішінде тез балқитын қорғаушылар, автоматтар т.с.с. сымдарымен бірге алынады.
Алынған электротехникалық құралдарды буу-түю кезінде оларды қатты қағазға салып, кейін шпагатпен байлап және картон не фанерадан жасалған қорапқа салу керек.
Қораптың сыртында оның ішіндегі заттың атауы, оны алудың орны мен уақыты және тергеушінің, (анықтаушы), куәгерлердің қолы, сол сияқты оны куәландыратын мөртаңбасы болу керек.
Алынған электр техникалық құралдармен және оқиға болған жерді қарау туралы хаттамамен қатар келесі қосымша материалдар болу керек, олар:
электр қуаттардың құрылымдары мен материалдарында жанудың белгілері бар фотосуреттер (жарық, электр қыздырғыш құралдары, қозғалтқыш) ақаулар учаскелері бойынша және қолданылатын қуаттары бойынша;
таратушы құрылымдар және электр құрылымдарды қорғау жері мен типі;
қорғаушы және таратушы құрылымдардың қорғанышты құрастыру орны мен типі;
қорғаушы және таратушы құрылымдардың күйі туралы;
жүйелердің құрылымдық атқарылуы туралы.
Оқиға болған жердегі электр құралдарды тергеуші қарау барысында олардың сөнуі туралы көз жеткізу керек. Қарау кезінде хаттамада келесі мән-жайлар көрсетілуі керек:
электр құралдардың, жанғыш, жарық беретін электр құралдардың техникалық сипаттамасы, олардың бұзылу және балқу себеб т.с.с.
Егер электр сымдардың бұзылуы өрттің пайда болу себебі болса, онда объектінің электр сызбасын құрастырған жөн. Мұнда өрттің ошағы, оның таралу бағыты т.с.с. қарастырылуы тиіс.
Заттай дәлелдемелерді қарау кезінде жанған объектілерді мұқият зерттеу жүргізіледі. Оларды кейін сараптамаға жібереді. Заттай дәлелдемелер ретінде балқыған электр сымдар алынады. Алынған сымдардың ұзындығы 20 см. кем болмау керек. Олар мыс сымдары болуы керек және аллюмин сымдары 25 кв. мм болу керек. Алынуға жататын сымдардың ұзындығы 100-150 см. болу керек. сымдарды байқап, оларға зақым келтірмей шешу керек. Егер электр сымдар құбырда болса, оны құбырымен бірге алу керек.
Ажыратқыш, босатқыш, үзгіш т.с.с. автоматтарды шешу кезінде олардын қай күйде болғанын суреттерге түсіріп алу керек.
Алуан-түрлі электр құрылымдық бұйымдарды (электр патрондар, штепсель, тарату қорабтары, сөндіргіштер) қосылған сымдарымен бірге алу керек. Егер электр құрылымдар өзінің габариттері мен массаларына қатысты алу мүмкіндігі болмаса, олар суретке түсірілуі керек.
Өрттің пайда болу қайнар көзін анықтау үшін, электр сымдардың жарамсыздығы туралы келесі мәліметтерді сарапшыға хабарлау керек: өрт болғанға дейін бір күн бұрын жұмыстың аяқталу уақыты, қандай электр құралдар жұмыс күйінде болды, электр сымдардың жарамсыздығы туралы, қандай бұзушылықтар өртке дейін орын алды, электр жарық құралдарының өшірілуі туралы т.с.с.