Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары



бет15/115
Дата11.04.2023
өлшемі384,8 Kb.
#81541
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115
Байланысты:
1 ОБ образовании на КАз

22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары


Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.

  2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; кәсіптік практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.

  3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады. Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары


Ескерту. 23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. 2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:

  1. білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;

  2. қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары болып бөлiнедi.

3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет