Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру



бет44/115
Дата11.04.2023
өлшемі384,8 Kb.
#81541
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   115
Байланысты:
1 ОБ образовании на КАз

66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру


  1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.

  2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.

  3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылықматериалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ 67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық


Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі


  1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

  2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.

  3. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының

(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат;
2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18құжат; N 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президенті


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет