Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы



бет7/12
Дата31.12.2021
өлшемі43,33 Kb.
#22697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
стратегия

3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар

      Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

      Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы;

      қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі;

      халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;

      елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде "Transparency International" сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

3.2. Стратегия міндеттері:

      мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

      қоғамдық бақылау институтын енгізу;

      квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

      соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

      Стратегияның мақсаты мен міндеттері "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, "Нұр Отан" партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен пікірлерін ескереді.

4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет