Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет105/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің және оқушының әрекеті

Ресурстар*

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы
10 мин.

Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін
«Мақсаттар ағашы» жаттығуын өткізеді
Ватман қағазы парағында ағаш бейнеленген. Әр оқушы жасыл жапырақты жапсырады. Жапырақтың бір жағына, оқушылар өздерінің жеке мақсаттарын, яғни ол осы тақырып бойынша қандай ақпарат алу керектігін білгісі,түсінгісі келетінін жазады.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

Ватман немесе флипчарт (ватман парағында ағаш бейнеленген).
Жапырақтары жасыл.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 144 бет

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Топтарға бөлініп, оқушылар олармен 1-тоқсанда «Идеялар матрицасы» ойынында екі сөз негізінде жасалған бизнес-идеяларын еске салуы тиіс. Сонан соң, сізден бизнес модельдердің көрсетілген трансформациялары бар карточка-шаблондарды алып, олар карточка-шаблонда көрсетілгендей, өзінің бизнес идеясының бизнес-моделін өзгертеді. 15 минуттан соң олар бүкіл сынып алдында өзінің шаблонын және оның негізіндегі жаңа бизнесмоделін ұсынуы тиіс. Дауыс беруді өткізген соң моделі ең инновациялық болып шыққан команда жеңіске жетеді.
Әрқайсысында бірдей оқушылар саны бар 5 топ құрыңыз. Команданың әрбір қатысушысында құзыреттіліктердің әртүрлі жиыны бар топтарды қалыптасыруға тырысыңыз.
Ойын барысы

  1. Оқушыларды командаларға бөліңіз.

  2. Сіз 1-тоқсанда сабақтардың бірінде өткізген «Идеялар матрицасы» ойынын мектеп оқушыларының естеріне салыңыз. Ойын барысында оларда олардың негізінде бизнес үшін жаңа идеяны ойлап тапқан сөздердің жұптары қалыптасты. Осы сөздерді тақтаға көрнекілік

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті тақта
Тақтада жазған «Идеялар матрицасы»
ойынынан сөздердің
жұбы, алдын ала
басып шығарылған инновациялық бизнесмодельдердің 5







үшін жазыңыз.
3. Бизнес-модель дегеніміз не екенін, оны қалай инновациялық етіп жасау керектігін, және бұл не үшін қажет екенін оқушыларға түсіндіріңіз.
Мектеп оқушыларына «бизнес-модель» терминінің мағынасын түсіндіру үшін, сіз тақтаға үшбұрышты салуыңыз қажет.
Кез келген бизнес-модель төрт элементтен тұрады. Үшбұрыштың ортасында клиент орналасқан (Кім?). Яғни бизнес айқын түсіндірілуі тиіс, оның клиенттері кім, ол қандай тұтынушыларды көздей алады. Үшбұрыштың бірінші бұрышы — бұл құндылық ұсынысы (не?), яғни, клиенттерге дәл не нәрсе ұсынылады, қандай тауарлар мен қызметтер. Екінші бұрыш — құнын жасау тізбегі
(Қалай?) —осы өнімдер
қалай жасалады, яғни әңгіме ресурстар туралы. Және үшінші бұрыш — пайданы тарту тетігі (неліктен?) — компания ненің есебінен пайда табады. Яғни бизнесмодель клиенттеріңіз кім екенін, сіз нені сататыныңызды, ұсынысты қалай қалыптастыратыныңызды және сіздің бизнесіңіз неліктен пайда әкелетінін айқындайды. Бизнесте, үшбұрышта сияқты, бір бұрышты (аспектіні) өзгерту бүкіл үшбұрыштың (бүкіл бизнес модельдің) нысанын өзгертуге әкеп соқтырады. Бизнес-модель кез келген компанияда болады, бірақ компания төрт аспектінің тым болмаса екеуін ауыстырса ғана инновациялық болады, яғни өзін нарықта қабылданғандай етіп ұстамайды. Мысал үшін, RollsRoyse британдық компаниясы әуе козғалтқыштарын шығарады. Барлық ұқсас компаниялар келесі схема бойынша жұмыс істейді: қозғалтқыштарды өндіреді және оларды авиакомпанияларға сатады.
4.Оқушыларға олардың негізінде бизнесті өзгертуге немесе оны бұдан да сәтті етіп жасауға болатын бизнесмодельдерді трансформациялау үшін 55 шаблонның бар екенін айтып беріңіз.
5. Әр топқа шаблондар бар карточканың біреуін жорамалдап шығарып алуды ұсыныңыз. Олар көрсетілген шаблонды зерттеп, аталған шаблонды пайдалана отырып, «Идеялар матрицасы» сабағында ойлап тапқан бизнестің идеясын өзгертуге тырысуы тиіс.
6.Оқушыларға шаблонмен танысу үшін және инновациялық бизнес-модельді жасау үшін 10 минут беріңіз.

  1. Уақыт аяқталған соң әрбір команданың өкіліне бүкіл сынып алдында өзінің бизнес-идеясымен таныстыруға мүмкіндік беріңіз. Идеяның қалай өзгергенің сұраңыз?

  2. Дауыс беру өткізіңіз және әрбір команданың сөз сөйлеуін 10-балдық шкала бойынша бағалаңыз. 9. Бағалау рәсімдері аяқталған соң барлық сөз сөйлеушілерге алғыс айтыңыз және дауыс беру қорытындыларын шығарыңыз.

10. Жеңімпазды жариялаған соң қалған уақытты ойынды талқылауға арнаңыз.

карточка-шаблоны, ватман парағы жән кеңсе тауарлары (әр топ үшін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет