Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет259/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім Филип Котлердің анықтамасы бойынша 3.0 маркетинг туралы ақпарат блогын түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардан "қазақстандық компаниялар, мысалы BI-Group, қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдайтынын біле ме?" деп сұрай алады. Одан әрі оқушылардан: «Сіз не сататыныңызды ойлап таптыңыз ба? Бірақ неге дәл сіздің тауарыңыз өтімді болуы тиіс? Оның ерекшелігі неде?» деп сұрақ қойса болады.
Талқылаудан кейін оқушыларға «Бірегей сауда ұсынысы» блогын түсіндіріп, оны құрудың әртүрлі механизмдерімен таныстырады.
Аудиторияға байланысты айырмашылықты көрсететін қазақстандық компаниялардың әртүрлі БСҰ берілген көрнекі материалды мұғалімнің алдын ала өз бетінше дайындап әкелуіне болады, не материалдың оқылуына қарай (өзі немесе тақтаға оқушыны шақырып) тақтаға кесте сызуына болады.
Бұдан әрі мұғалім «БСҰ мысалы» блогына ауысады. Мұғалім Pillowz.kz стартапының тұтынушыларының әртүрлі топтарына арналған әртүрлі БСҰ оқып, оны оқушылармен талқылай ала- ды. БСҰ тұтынушылар сегментіне қарай қалай өзгереді? Әр ұсыныстың ерекшелігі неде? Осыған дейін қолданылған басқа шешімдерге қарағанда олардың шешімдері несімен артық? Оқушыларға қай БСҰ ұнады? Оқушылар БСҰ оқып шығып, оның құрылымы мен мазмұны туралы қандай тұжырымдар жасады?
Сегментке қарай БСҰ құру механизмдерін оқып, талқылаған соң оқушыларға топтоппен, егер уақыт болса, сыныпта оқулықтың 1-тапсырмасын орындауды ұсынады.
Толықтыру ретінде тапсырманы орындар алдында БСҰ құру ережесін алдын ала әзірлеп, оны оқушылармен бірге талқылауға болады.

Оқушылар
мұғалімнің сұрақтарына
жауап

береді

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2020. — 297 бет.
Оқулық, А4
парақтары, скотч
Оқулық, тақта немесе маркерлерге қоса алдын ала дайындалған плакаттар







Мұғалім БСҰ құру ережесін қарастыруды ұсына алады немесе оны оқушылардың БСҰ әзірлеу бойынша командалық жұмыста өз бетінше пайдалануын ұсына алады.
Клиент тауарды сіздің бәсекелесіңізден емес, дәл сізден сатып алу өзіне тиімді екенін түсінуі керек. Сіздің тауарыңыздың тиімділігі неде? Бұл маған пайдалы:
Жоғары әлеуметтік мәртебе алу Сымбаттырақ болу (күштірек,
белсендірек болу және тағы басқалары)
Жаңалыққа құмар болу
Мен төмендегілердің көмегімен:
Ақшамды үнемдеймін
Ақша табамын
Мен төмендегілердің арқасында: Уақытымды үнемдеймін Үлкен әсер аламын
Қосымша жайлылыққа ие боламын Мұғалім оқушылардың бәсекелестік артықшылыққа ие болу үшін қандай да бір айқын жолдардан қаймықпауы тиіс екеніне баса назар аудартуы қажет. Барлық мүмкіндікті пайдалану қажет, ең бастысы, ол клиентті қызықтыруы керек. 1-тапсырма. Әр БСҰ құру барысында тұтынушылар сегментін және оның қажеттіліктерін жадында ұстаулары маңызды екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз.


Оқушылар тапсырманы
орындайды

№1







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет