Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет429/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   432

ҚОРЫТЫНДЫ


«Атамекен» ҰКП және ҚР БҒМ бастамасымен 2019 оқу жылынан бастап ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі 10-11 сыныптар үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. 2017 жылдан бастап бұл пән Қазақстанның 17 мектебінде апробациядан өтті.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің бағдарламасы нарықтан сарапшыларды, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, мектеп мұғалімдерін, НЗМ және Халықаралық бизнес академиясы колледжінің оқытушыларын, Алтынсарин атындағы ҰБА және «Атамекен» ҰКП сарапшыларын тарта отырып әзірленді. Бұл оқу процесіне нақты қазақстандық бизнесмендердің тәжірибесі негізінде кәсіпкерлік қызметтің барлық қажетті аспектілерін және пәнді оқытудың үздік халықаралық практикасын енгізуге мүмкіндік берді.
«Атамекен» ҰКП жобалық тобы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімдеріне ақпараттық-әдіснамалық қолдау көрсетуде. Оқытушыларды қолдау бойынша кері байланыс (жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар) орнату мақсатында өңірлік WhatsApp чаттары, телеграмм-чат және телеграмм-арна («Информация для преподавателей "ОПиБ"» телеграмм-чатына сілтеме https://t.me/joinchat/33hQnRHVIk03ZTFi) құрылды. Табысты кәсіпкерлермен мұғалімдерге арналған вебинарлар мен қонақтарға арналған дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.
Болашақ кәсіпкерлерге тегін білім беру мақсатында Atameken Akademy білім беру платформасы құрылды. «Atameken» онлайн платформасында оқушылар мен мұғалімдер үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша бейнесабақтар мен қосымша материалдар әзірленді, сондай-ақ «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 10сыныпқа және 11-сыныпқа арналған қазақ және орыс тілдеріндегі барлық сабақтар бойынша қысқа мерзімді жоспарлар әзірленіп, atameken.co. сайтына орналастырылды.
BilimLand (onlinemektep.org) білім беру платформасында 10-11 сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша контент пен тапсырмалар әзірленді.
2020 жылдың 15 наурызынан 30 сәуіріне дейін «Atameken Akademy» білім беру платформасында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқитын оқушылар үшін «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Аtameken stars» республикалық стартаптар байқауы өткізілді. Қатысушылар оқушыларға арналған кәсіпкерліктің негіздері бойынша интерактивті бейне-сабақтардың онлайн-курстарынан өтіп, «Atameken Academy» қауымдастығына өздерінің бизнес-идеяларын таныстырды. «atameken.co» сайтында конкурс нәтижелері бойынша берілген 500 жобаның ішіндегі ТОП-3 ең үздік жобаға ақшалай сыйлықтары бар жүлделі орындар берілді.
2020 жылдың 1 қарашасынан бастап «Atameken Akademy» білім беру платформасында «Ozgeris» бизнес инкубаторы іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту үшін ҚР аумағында онлайн бизнес инкубатор ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлік саласындағы оқушылардың белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:

  • мектеп оқушылары арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау, кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру;

  • мектеп оқушылары мен мұғалімдерін кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқуға жаппай тарту;

  • перспективалы кәсіпкерлік идеяларды іріктеу;

  • бейіндік оқыту, оқушылардың бизнес жүргізу дағдыларын меңгеру; - нарыққа шығудың жоғары шығындарын еңсеруге мүмкіндік беретін тетіктерді құру (Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруды ресурстық қамтамасыз ету);

  • ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерді қолдау.

«Ozgeris» онлайн бизнес инкубаторының қатысушылары келесі мүмкіндіктерге ие болады:

  • жұмыс істеп жүрген және әлеуетті кәсіпкерлер үшін авторлық білім беру курсы бойынша оқытудан өту,

  • «Atameken Academy» қауымдастығына (менторларға және кәсіпкерлерге) өз бизнесидеяларыңыздың презентациясын көрсету),

  • онлайн мастер-кластар мен бизнес-ойындарға қатысу, жобалардың идеядан бастап алғашқы сатылымға дейінгі инкубациясынан өту.

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе білім алатын жоғары сынып оқушылары немесе 15-20 жас аралығындағы жас балалар қатыса алады.
«Ozgeris» онлайн бизнес инкубаторының қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар»:

  • жасы 15-тен 20 жастағы жастар мен жасөспірімдер;

  • бизнес-идеяның болуы;

  • ақпаратты беру құралдарының болуы (жеке электрондық пошта және ұялы байланыс, Интернетке қол жеткізу, компьютерді пайдалануға қол жеткізу); - онлайн бизнес инкубатордың барлық кезеңдерінен өтуге дайын болу және ниеті; - дербес деректерді өңдеуге және сақтауға келісім.

Бағдарламаға қатысушылардың нысаналы топтары яғни мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне бизнес-жоспар жасау, қаржыландыру, бизнесті тіркеу және ұйымдастыру бойынша кеңес беру болып табылады.
«Ozgeris» онлайн бизнес инкубаторына қатысу шарттары:

    1. «atameken.co» сайтына «Бизнес идеяны қалай табуға және тексеруге болады» курсына тіркеліп, курстан өту;

    2. https://atameken.co/ru/ozgerisсайтына бизнес инкубаторға қатысуға өтінім беру;

    3. Үздік жобалар іріктеліп алынып, жабық бизнес-инкубатордың келесі кезеңіне өтеді және қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.

Кәсіпкерлік негіздерін оқуға деген қызығушылықты арттыру және ынталандыру үшін 2021 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған стартап-жобалардың онлайнконкурсын, республикалық пән олимпиадасын өткізу жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет