Ойыннан кейін оқушыларды нарықтағы баға сұраныс пен ұсыныс заңдарын ескере отырып белгіленеді деген ойға жетелеуіңіз керек, яғни сатып алушылар барынша төмен бағамен сатып алғысы келеді, ал сатушылар өз тауарларын барынша жоғары бағамен сатуға ұмтылады. Сатып алушылардың бағасы сатушылардың бағасына сәйкес келмейтін және мәміле жасалмайтын жағдайлар болуы мүмкін.
Оқушыларға оқулықтан сұрақтар қойыңыздар:
Қалай ойлайсыңдар, сатушылар неге өз тауарларын барынша жоғары бағамен сатқысы келеді, ал сатып алушылар барынша төмен бағамен сатып алғысы келеді?
Сұраныс пен ұсыныстың қисығы 3-ші және 4-ші раундта қайда жылжитынын ойланып жауап беріңіз?
Ойланыңдаршы, ойын барысында команда қатысушыларының әрқайсысы қандай құзыреттілікке ие болғаны маңызды болдыма? Қалай ойлайсыңдар, ойын кезінде не үшін командалардағы рөлдеріңді ауыстырдыңдар? Осыдан қандай қорытынды жасадыңдар?
Сабақ қорытындысын шығарыңыз: тапсырмадан қандай тұжырым жасадыңдар?
Алынған тұжырымдарды бұдан кейін пайдалана аласыңдар ма? Қалай?
Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді