Мұғалім «Маржан нарығындағы нарықтық тепе – теңдік» ойынын түсіндіруді бастайды.
«Нарықтың қызмет ету механизмі» тақырыбын зерделей отырып, оқушылар ойнаған ойынды еске түсіріңіз. Бүгін маржан сату ойыны ойнатылады, бірақ ойын барысына қосымша ережелер енгізіледі. Ойынның жаңа нұсқасы барысында оқушылар нарық жағдайында сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен тепе-тең бағаны қалыптастыру ерекшеліктерімен тәжірибе жүзінде таныса алады. Ол үшін сатушылар мен сатып алушылар ретінде командаларға бөлініп, 2 кезең ойнауы керек. Бүгін, өткен жолғыдай, тауарымыз қымбат әрі сирек кездесетін маржандар болады.
Мұғалім ойын ережесін түсіндіреді. Ережелер маржан сату ойынынан қатты өзгешеленбейді. Тек бір ғана айырмашылық бар: ойынның алдыңғы нұсқасында бүкіл топ үшін баға белгіленеді; ойынның жаңа нұсқасында сатып алушылар мен сатушылар топтарына бөлінгеннен кейін, топтың әрбір қатысушысы ұсынылған сату немесе сатып алу бағасы бар жеке карта алады. Келесі кезеңдерде өнім бағасының өзгеруі және командалардағы қатысушылар санына әсер ету арқылы нарықтың логикасы өзгертіледі.
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
Әр командаға арналған ресурстар:Маржанды
имитациялайтын заттар
(бақалшақтар, моншақтар, кәмпиттер, тиындар және т.б.). Барлық 4 кезеңдегі өнім құнын жазуға арналған таза парақтар жиынтығы.
Бағалар жазылған қимақағаздар (карточкалар)
–
былай
– бағаға бағаға
саны әр
тиісті
сатып
ала
көп
-ші
біріне
17
250 алтын
205 алтын
18
260 алтын
295 алтын
19
270 алтын
285 алтын
20
280 алтын
275 алтын
21
290 алтын
265 алтын
22
300 алтын
255 алтын
23
310 алтын
375 алтын
24
320 алтын
365 алтын
25
330 алтын
355 алтын
26
340 алтын
345 алтын
27
350 алтын
335 алтын
28
360 алтын
325 алтын
29
370 алтын
315 алтын
30
380 алтын
305 алтын
Сатушының ақ қимақағазына былай жазылады: «Сіз маржан сатушысыз. Сіздің мақсатыңыз бір маржан сату. Тауарыңызды неғұрлым жоғары бағамен сатуға тырысыңыз. Егер _________ төмен бағаға келіссеңіз, шығынға ұшырайсыз.
Сатып алушының түсті қимақағазына жазылады:
«Сіз маржан сатып алушысыз. Сіздің мақсатыңыз бір маржан сатып алу. Тауарды неғұрлым төмен сатып алуға тырысыңыз. Егер _________жоғары келіссеңіз, шығынға ұшырайсыз.
Карталар саны қатысушылар санынан көбірек болуы тиіс. Ойын барысы: Оқушыларды теңдей етіп, сатып алушылар мен сатушыларға бөліңіз. Оқушылар
тақ болған жағдайда олардың біреуі бірінші кезеңде
бақылаушы бола алады, ол
команданың жұмыс оқиғаларының барысын қадағалай алады, содан кейін топтық талқылау барысында өз бақылауларын айтады.
Сынып бөлмесін сатып алушылар мен сатушылар аймағына бөліңіз. Әр команда өкілдерінен аймақтарда бір-біріне қарама-қарсы тұруын сұраңыз.
Ойын ережелерін түсіндіріп, сатушыларға «маржандарды» таратып беріңіз.
Алдын ала сатушылар мен алушыларға бағасы көрсетілген қимақағаздар дайындап қойыңыз. Әрбір қимақағаздар жинағын бөлек салыңыз. Топтардың мөлшерін алдын білгендіктен, сіз қимақағаз дайындау
кезінде, «Топтағы қатысушылардың ең
саны» бағанына сүйене аласыз. Егер сізде 1-ші кезең үшін 10 сатушы мен 10 сатып алушы болса, алдын ала сатушыларға 10 қимақағаз және сатып алушыларға 10 қимақағаз дайындауыңызға болады.
Маржан сатып алу-сату мәмілесі бойынша 1 кезеңді өткізу. Әр команда қатысушысынан өз рөліне сәйкес кездейсоқ түрде қимақағаз таңдауды өтініңіз. Сатып алушылар мен сатушылар көрген бағаны сауда-саттықтың соңына дейін бір-
айтпауы тиіс. Сатушылар мен сатып алушылар саны тең болуы маңызды. Сатушы маржанды сатып алушыға берген, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағазды берген кезде мәміле аяқталған болып есептеледі. Әр мәміленің бағасын тақтада кезең нөмірі көрсетілген бағанға сатушының, сатып алушының қимақағазында көрсетілген баға мен тепе-тең құнын көрсете отырып, жазу қажет. Содан кейін пайда мен шығынды есептеңіздер