Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет71/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Бизнес-кейсті талқылау кезінде мұғалімнің міндеті — оны талқылау және өзара іс-қимыл жасау үшін 5 адамнан тұратын шағын топтар форматында ұйымдастыру.
Кейс проблемаларының шешімдері ерекше, қарапайым болмауын өтініңіз.
Мұғалім келесіні хабарлайды: «Өткен сабақтарда біз сұраныс пен ұсыныс заңы туралы айтқан болатынбыз. Жалпы алғанда нарықтағы жағдай келесідей көрініс табады. Қандай да бір тауар немесе қызмет көрсетулерге елеулі сұраныс қалыптасқан жағдайда нарықта сол сұранысты қанағаттандыруға дайын компаниялар пайда болады. Клиенттің қажеттілігін білген алғашқы бизнесмендер бәсекелестердің болмауы салдарынан артықшылыққа ие болады және айтарлықтай капитал табуы мүмкін. Содан кейін, бәсекелестіктің ұлғаюына қарай, нарық өзгерістерге ұшырайды. Тауардың бағасы төмендейді және сатушыға оны сату тиімді болатын шекті нүктеге жетеді. Клиенттер үшін күрес қиындай түседі, енді сатушыға өз ассортиментінде қосымша өнім болуы жеткіліксіз, ол бәсекелестерден ерекшелену үшін өз бизнес-процестерін жетілдіруі тиіс: сервистік қызмет көрсетуді, жарнамалық акцияларды, қосымша қызметтерді, жеткізуді және т. б. енгізуі қажет. Осылайша, тапшылық пен молшылық, факторлардың бірін өзгерткенде, нарыққа үнемі бейімделетін сатып алу әрекетіне және бизнесті дамыту стратегиясына әсер етеді».
Мұғалім нарықтағы үрдістерді болжау үшін оқушыларға «хайп циклі» ұғымын таныстырады және оқулықтан «Экстремал» кейсін талқылайды .
1-тапсырма.
Сізде «outdoor-жабдықтар» дүкеніне ұқсас дүкеніңіз болсын делік, онда сіз клиенттеріңізге қандай қосымша сервис түрін ұсына алар едіңіз, сол жайында ойлаңыз. Юрий өз бизнесінің табысты болуы үшін істің сервистік жағын дамыту жеткіліксіз екенін түсінді. Жаңа деңгейге шығу үшін жаңа бизнес-идея қажет болды.
2-тапсырма.
Сұраныс пен ұсыныс аралығында тиімді теңгерімді сақтау үшін, осындай бизнесті қандай бағытта дамыту керектігін ойлаңыз.
Нарықтағы жағдайлардың әрбір жаңа өзгеруі кезінде бизнесмендерге оларға бейімделудің жаңа жолдарын және даму үшін жаңа тауашаларды іздеуге тура келеді - сұраныс пен ұсыныстың икемділігінің механизмі дәл осылай жұмыс істейді.

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта







1 және 2 тапсырманың жауабын алар алдында, оқушыларға өз варианттарын ұсынуға мүмкіндік беру керек. Барлық ұсыныстарды тақтаға жазып алып, сосын Юрия Сидоровтың шынайы таңдауымен салыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет