Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет72/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

3-тапсырма.
«Экстремал» бизнес-кейсінің деректеріне сүйене отырып, нарықтық тепетеңдікті қалыптастыру заңы және сұраныс пен ұсыныс икемділігі туралы айтыңыз.
Оқушылар осы тапсырманы орындаған кезде, өткен сабақтардың теориялық материалдарына, сонымен қатар, ойнаған ойындарынан
түйген тұжырымдарына сүйенуі керек




3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:

Сабақтың соңы
10 минут

Мұғалім қорытынды жасайды:
«Бұл сабақ - бірінші тоқсанның соңғы сабағы. Осы уақыт ішінде сіз кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде қарастыра алдыңыз. Сіз кәсіпкерліктің неге ойлаудың ерекше тәсілі және ХХІ ғасырдың қажетті дағдылары болып табылатындығын білдіңіз. Сіз осындай кәсіпкерлік ойлау қабілетті қалай дамытуға болатынын таныстыңыз. Сіз кәсіпкер мен бизнесмен арасындағы айырмашылықты көруді үйрендіңіз. Сіз сондай-ақ Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тарихымен, экономика нені зерттейді және микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықтар немен байланысты екенімен таныстыңыз. Енді сіз өндіріс үшін қандай ресурстар мен факторлар қажет екенін, нарықтың қалай жұмыс істейтінін және оның қандай заңдарға бағынатынын (сұраныс пен ұсыныс заңы және нарықтық тепе-теңдік) білесіз».
4-тапсырма.
Оқудың бірінші тоқсанында қандай сабақтар және неліктен айрықша есіңізде қалғаны туралы айтыңыз. Қай сабақтар қиынырақ болды? Неліктен? Өткен тақырыптардың ішінен толығырақ танысқыңыз келгені болды ма? Қайсысы және неліктен?
Оқушылар тапсырмаға жауап берер алдында, бірінші тоқсанда өткен барлық материалдарды есіне түсіруі қажет. Егер өткен сабақтардың тақырыбын естеріне түсіре алмаса, оларға көмектесіп жіберіңіз. Алдыңғы сабақтарда пікірталастар орын алған болса, онда сол жайында олардың есіне түсіріп қойыңыз. Оқушылар үшін қай тақырып күрделі болғанын тапсырма арқылы түсінесіз. Ол келесі тоқсандарда өтетін материалдарды түсіндіру стилін өзгерту үшін, яғни оқушыларға қиындық туғызған теорияны толығырақ түсіндіру немесе ойынның нәтижесін түбегейлі талқылау үшін көбірек уақыт бөлуге көмектеседі. Бұл тапсырма мұғалім мен оқушының арасында өзара тиімді пікір алмасуға мүмкіндік береді. Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді

Рефлексия



Atameken Akademy білім
беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет