Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау Сабақтың басында оқушылар кәсіпкерлік қызметінің түрлі нысандарымен танысады (әлеуметтік, әйел, жастар, креативті), сонаң соң оқушылар бизнестің шағын, ірі және орта бизнеске бөлінетінін біледі, сондай-ақ аталған бөлу қандай критерийлер бойынша болатынын түсінеді. Оқушылар ШОБ-тың ел экономикасы үшін неліктен маңызды екенін талқылайды, кәсіпкерліктің (ЖШС, АҚ, кооператив, ЖК) ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарымен танысады, сондай-ақ әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды.
2-кезең. Теория-практикалық:
Сабақтың ортасы 25 минут
Материалдың оқушылар үшін түсініктірек болуы үшін, сабаққа кәсіпкерліктің әрбір нысаны бойынша бизнес-кейстер енгізілген. Оларды егжей-тегжейлі қараңыз. Оқушылар өздерінің ауылы немесе қаласы үшін кәсіпкерліктің көрсетілген нысандарының аналогикалық мысалын келтіре ала ма, соны сұраңыз. Кәсіпкерлік нысандарының талқылауын қорытындылаңыз. Бәсекенің заманауи әлемі өзінің түзетулерін енгізеді. Сіздің қандай – әлеуметтік, әйелдер немесе жастар кәсіпкерлігімен айналысатыны маңызды емес – бірінші кезекте бизнесмен клиенттердің қажеттіліктеріне сүйенуі тиіс. Эмин Аскеров егер де оның бизнесінің өнімі сұранысқа ие болмаса, осынша адамдарға ешқашан көмектесе алмас еді. Бірақ оның бұйымдары – әдемі және сапалы өрілген ағаш жиһаз – тұтынушылардың сұранысына ие. Жібек Караманова қоғамда салауатты тамақтануға өсіп келе жатқан қызығушылықты байқады, ал «Repas» жігіттері өздерінің жасөспірім хоббиін өнерге айналдыра алды. Ішінде граффити бар мейрамхана бірегей болып көрінеді, ал асфальттағы 3D-граффити қалалардың орталық
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
көшелерін безендіреді (мысалы, Алматыда қала тұрғындарының сүйікті серуендеу орнына айналған Панфилов көшесі).