Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс істеу



бет80/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс істеу
1-тапсырма
Қолда бар мәлімет бойынша бизнестің қайсысы кәсіпкерліктің (шағын, орта немесе ірі) қай түріне жататынын анықтаңыз:
а) Гүлнар Болдынбекова өз бизнесінің негізін қалады — балаларға арналған ағаш аттардың өндірісі («Аттар»). Бизнеске өзі, жұбайы және ағаш ұстасы мен суретші қатысады. Айына компанияның әрқайсысы 22 000 теңгеден бес ат сатады.
ә) 2021 жылдың қаңтар-наурызындағы жағдай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ таза кірісі банктің қаржылық есебі бойынша 2 млрд. 606 млн. теңге болды.
б) «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС өндірістік компаниясы жылына 390 000 тонна өнім шығарады, оның төрт зауытында 200-ге жуық адам жұмыс істейді.
в) Инвестициялық банкингпен айналысатын «Сентрас Капитал» ЖШС компаниясының кірісі 2020 жылы
1 763 893 000 теңге болды.
г) Дана Игімбаева мен Ирина Киселева балаларға арналған тауар шығаратын Happiness Handmade деп аталатын ортақ жоба жасады. Олардың штатында үш тігінші еңбек етеді, ал ай сайынғы айналым 1 000 000 теңгені құрайды.
Тапсырманы орындау үшін келесі бағдарларды пайдаланыңыз. Микрокәсіпкерлік субъектілеріне құрамында 15 адамнан көп емес адам жұмыс істейтін және кірісі 30 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) (2021 жылға АЕК 2917 теңге құрайды) аспайтын жеке кәсіпкерлер (ЖК) жатады Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне құрамында 100-ден көп емес адам жұмыс істейтін және кірісі 300 000 АЕК-тен аспайтын жеке кәсіпкерлер (ЖК) және компаниялар жатады. Орта кәсіпкерлікке құрамында 101- ден 250-ге дейін адам жұмыс істейтін және кірісі 300 000 АЕК-тен асатын, бірақ 3 000 0000 АЕК-тен кем құрайтын ЖК мен компаниялар жатады. Ірі бизнес жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асатын, ал кірісі 3 000 000 АЕК-тен аса құрайды. Сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындары астықты сақтаумен, банктік және аудиторлық қызметпен, күзет және қарумен байланысты қызметпен айналыса алмайды. Жауабы:
а) Микро бизнес —10 адамнан кем.
ә) Ірі бизнес — кірісі 300 000 АЕК-тен асады, тек қана ірі бизнес банктік қызметпен айналыса алады.
б) Орта бизнес — адамдардың саны 250 адамға дейін.
в) Ірі бизнес — қаржылық және банктік қызметпен
айналысады.
г) Микро бизнес —15 адамнан кем және кіріс 30 000 АЕК-тен кем.












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет