Мұғалім сабақтың қорытындысын жасайды:
«Сонымен, сіздер стартап ұғымының түрлі түсінігімен таныстыңыздар, мұндай «уақытша құрылымдар» несімен ерекшеленетіні туралы ой түйдіңіздер. Компания мен стартап жұмысын салыстыра отырып, екеуінің ерекшелігін түсіндіңіздер. Осы сабақта көрсетілген стартап бизнес-моделінің сипаттамасы оның қызметінің барлық қыр-сырын жақсы ұғынуға септігін тигізеді. Сіз «үнемді стартап» әдіснамасы туралы білдіңіз және енді ресурстардың ең аз мөлшерін пайдалана отырып, өнімдерді қалай дұрыс жасау керектігін білесіздер. Сондай-ақ, үздік өзгерістер мен стартаптың жұмысы пивот арқылы түзетілуі мүмкін екенін түсіндіңіздер».
3-тапсырма «Үнемді стартап» қағидаттарына негізделе отырып, бизнесті дамыту моделін ойлап табыңыз. а) балаларға бағдарламалауды оқытуға арналған мектеп; б) тауға жорықтарға шығу үшін жолсеріктерді іздеуге мүмкіндік беретін платформа; в) оқылған кітаптармен алмасуға арналған сервис; г) әтірлер сынаспаптарын сататын сервис; д) шетелде демалыс құнын есептеуге мүмкіндік беретін қосымша.
Стартаптың қалай әрекет ететінін түсіну үшін оның бизнес-моделін қарау қажет – стартап проблемаларды шешіп және клиенттердің мұқтаждықтарын қанағаттандырып, қалайша пайда таба алады деген сұрақтарға жауаптар. Сыныпқа стартаптың ерекше – үнемді түрі бар екенін көрсетіңіз. Мұның нені білдіретінін болжауды өтініңіз. Сыныппен үнемді стартаптың схемасын талқылаңыз: Бизнестің ықтималды нұсқаларын жалпылау (measure).
Гипотезаларды тексеру және «кеңседен тыс ерге шығу» көмегімен кері байланысты алу (learn).
Өміршеңдігі минималды өнімдерді жасау және оларды тестілеу (build).
Тапсырманы орындау үшін стартаптардың атаулары бар карточкаларды бөлу құралдары ретінде пайдалана отырып, оқушыларды топтарға бөлуге болады. Жауаптар ерекшеленуі мүмкін, бірақ оқушылар, жауап бере отырып, бизнес-модельді сипаттау схемасына сүйенуі тиіс.