Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы



бет68/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:

Сабақтың
соңы
10 минут

Қорытындылау:
Пайда мен шығынды есептеу: сатушылар үшін пайда – мәміле бағасын қимақағазда көрсетілген бағадан арттыру, сатып алушылар үшін – қимақағазда көрсетілген бағаны мәміле бағасынан төмендету.
Мәселен, картада мәмілені 50 алтыннан төмен емес бағада жасасу ұсынылған сатушы және картада тауарды 80 алтыннан жоғары емес бағаға сатып алу ұсынылған сатып алушы, тауар жеткізуді 60 алтынға келісті. Сатушының пайдасы 60 — 50 = 10 алтынды құрайды, сатып алушының пайдасы 80 — 60 = 20 алтынды құрайды. Сәйкесінше, егер мұндай мәмілені картасында 70 бағасы көрсетілген сатушы жасасқан болса, онда ол 70 — 60 = 10 алтын мөлшерінде шығынға ұшырайтын еді. Мәмілені тіркеу үшін әрбір қатысушы қорытындыларды тіркеу парағындағы тиісті жолды толтыруы қажет.
Қорытындыларды тіркеу парағы
Есімі: Марат____
Сатушы;
Сатып алушы (белгілеу

Мәмі ле
нөмір
і

Картадағ ы баға
алтынме
н

Мәміле бағасы
алтынм
ен

Сауда серікте сінің есімі

Пайда, алтын

Шығын, алтын

1

50

60

Аскар

10

-

2

70

60

Арман

-

10

10

...

...

...

...

...

Барл ығы

Мәмілел
ер
саны___
_



Пайда сомасы ______

Шығын
сомасы _______

Ойынның қорытындысы: (жиынтық пайда – жиынтық шығын = ________________

Қорытындыларды тіркеу парағын толтырғаннан кейін, екі серіктес Мәмілелерді тіркеу парағын толтырып отырған мұғалімге келіп, қимақағаздарында қандай баға тұрғанын айтады, содан кейін жаңа қимақағаздар алып, сауда орнына қайтып келеді.
Ойын кезінде мұғалімнің міндеті ойын
ережелерінің сақталуын бақылау болып табылады (сауда-

Atameken Akademy білім
беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).







саттық оқшау орында жүргізілуі тиіс, ойыншылар жаңа қимақағаздарды кездейсоқ түрде алады, ешкім «жақсы» қимақағаздар таңдай алмайды).
Мұғалім сондай-ақ бизнес әдебінің сақталуын бақылауы тиіс: сатушы мен сатып алушы «қол алысқан соң», яғни баға туралы келіскен соң, тіпті пайдалырақ ұсынысты естігеннің өзінде, олардың ешқайсысы мәмілені бұза алмайды. Мәмілелер бағалары бүтін сандар болуы тиіс, яғни, мәселен, 60,5 алтындық мәміле жарамсыз болып саналады.
Сұраныс пен ұсыныс кестесін толтыру
2 мин

Сұраныс
кестесі

Саны

Бағасы , алтын

Саны

Ұсыныс
кестесі






Сұраныс пен ұсыныс графиктерін жасау
10 мин
Ойын қорытындыларын талқылау,
жеңімпаздарды марапаттау — 5 мин
6. Маржан сатып алу-сату мәмілесі бойынша 2-ші кезеңді өткізу. Сатып алушылар мен сатушылар рөлдерін ауыстыруы керек. Сатушылар мен сатып алушылар саны жұп болуы тиіс.
Әр команда қатысушысынан өз рөліне сәйкес кездейсоқ түрде қимақағаз таңдауды өтініңіз. Сатып алушылар мен сатушылар көрген бағаны сауда-саттықтың соңына дейін бір-біріне айтпауы тиіс.
Сатушы маржанды сатып алушыға берген, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағаз берген кезде мәміле жасалған болып есептеледі. Әр мәміленің бағасын тақтада кезең нөмірі көрсетілген бағанға сатушының, сатып алушының қимақағазында көрсетілген баға мен тепе-тең құнын көрсете отырып, жазу қажет.
Содан кейін пайда мен шығынды есептеңіздер Тұжырымдар:
Ойыннан кейін оқушыларда сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысу нүктесінде нарықтық тепе-теңдік болады, яғни тепе-теңдік бағасы және өндірістің тепе-теңдік көлемі, сондай-ақ тепе-теңдік нүктесінде сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болады деген пікір қалыптастыруыңыз керек. Егер тауардың белгіленген бағасы нарықтық бағадан төмен болса, онда артық сұраныс нарық тапшылығына алып келеді және баға көтерілген кезде артық ұсыныс нарықтың артылуына алып келеді. Сондай-ақ оқушыларға нарықтың өзі нарықтық тепетеңдікке қалай алып келетіндігін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет