Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет81/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-тапсырма
Қолда бар мәліметер негізінде кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық формасын анықтаңыз.
а) Кәсіпкер бизнесін өзі ұйымдастырады және оның
жалғыз иесі болып табылады.
ә) Бизнестің төрт иесі бар, оның екеуі істі жүргізбейді,
тек өз капиталымен қатысады.
б) Отбасы сиыр өсірумен айналысады және жайылым
жері бар.
в) Бизнес банкротқа ұшыраған жағдайда оның иелері бизнеске салған алғашқы үлестерімен пропорционал түрде жауап береді. Жауабы:
а) Дара кәсіпкер
ә) Командиттік серіктестік
б) Шаруа қожалығы
в) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
3-тапсырма
Алған білімдеріңізге сүйене отырып, кәсіпкерліктің қай формасы екенін және нақты жағдаятқа неліктен жақсы сәйкес келетінін анықтаңыз.
а) Өз мейрамханаңызды ашқыңыз келеді, сізде қаражат бар, бірақ мейрамхана бизнесін жүргізуде тәжірибеңіз жоқ.
ә) Сүт фермасының негізін салғыңыз келеді. Тәуекел мен шығындар өте жоғары: сізге жер телімін, ірі қара мал сатып алу керек, жұмысшы жалдау қажет және т. б.
б) Тапсырыс берілген тағамды мопедпен
жеткізуге арналған курьерлік компания ашуға бел
будыңыз. Сіздің жоспарыңызда — қаланың
кішкентай ауданын өз сервисіңізбен баурап алу. Сізде жеке мопед бар.
в) Құрылыспен айналысуды жоспарладыңыз. Сіздің тәжірибеңіз де, қаражатыңыз да бар, бірақ сіз мүмкін болатын тәуекелдерден қорқасыз.
г) Артезиан көзі бар жер телімін сатып алдыңыз және минералды ауыз су шығаруды жоспарлап жатырсыз. Ол үшін зауыт салып, құзыретті қызметкерлерді жалдау қажет. Сонымен қатар сізде көңіл бөлетін тағы бір бизнесіңіз бар.
Оқушылар тапсырмаларды орындаған кезде оларға ойланып, кәсіпкерліктің сол немесе өзге нысанын қорғауға дәлелдерді келтіру ұсыну қажет, өйткені шын мәнінде фирма кез келген нысанда жұмыс істеуі мүмкін, бірақ олардың кейбіреуінде оның қызметі әсіресе тиімді болады.
4-тапсырма
Әлеуметтік, әйелдерге арналған және креативті кәсіпкерлік үшін мүмкін болатын бизнеске бір-бір мысалдан келтіріңіз.
Аталған тапсырма — жасампаздыққа арналған тапсырма. Сізге оқушылардан жобаның сипаттауға және олар кәсіпкерліктің сол немесе өзге түріне жататынын түсіндіруге қол жеткізу қажет






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет