Топтардың өлшемі Әрқайсысында оқушылардың бірдей саны бар 3 топ. Команданың әрбір қатысушысында құзыреттіліктердің әртүрлі жиыны бар топтарды қалыптасыруға тырысыңыз.
Ойын барысы Оқушыларды үш командаға бөліңіз («Әйелдер кәсіпкерлігі», «Әлеуметтік кәсіпкерлік» және «Жастар кәсіпкерлігі»).
Оқушылардан егер ол кәсіпкерліктің ұсынылатын түрінің мүдделерін 50%-ға және қалған 50%-ға — қалған екі топтың мүдделері есепке алынса, мемлекеттің тек бір ғана жобаға демеушілік көрсетуге дайын екенін елестетуін өтініңіз.
Оқушыларға олар 18 минут ішінде кәсіпкерліктің өзіндік типінің мүдделеріне және мемлекет мүдделеріне сүйене отырып, коммерциялық жобаны дайындауға тиіс екенін түсіндіріңіз. Әр топтың міндеті — жобаны алу құқығына ие болу, өз жобасы жайлы айтпай, басқа командалардың мүдделерін біліп алу.
Оқушыларға олардың жобаны құпия түрде дайындау керектігін түсіндіріңіз! Бірақ әр 3 минут сайын команда мүшелерінің бірі өзара мүдделерді есепке алу үшін басқа команда өкілдерімен ұзақтығы 1 минутқа созылатын келіссөз жүргізе алады.
Ойын барысын бақылаңыз, оқушылардың басқакомандалармен өзара әрекеттесе алатын уақытын және бұл өзара әрекеттестіктің ұзақтығын қағадалаңыз.
Жобаға дайындық басталған соң 18 минуттан кейін уақыт аяқталды деп айтыңыз. Енді әрбір команда сыныпқа өзінің жобасын ұсыну қажет екенін хабарлаңыз.
Мемлекеттік органдар өкілінің рөлінде оқушыларға олардың жобасының мағынасын ашатын сұрақтарды беріңіз. Сіздің жобаңыздың идеясы қандай? Сіздің жобаңыз қоғам және мемлекетке несімен пайдалы? Сіз жобаңыз үшін қандай бизнес-модельді пайдаландыңыз? Сіз басқа командалардың мүддесін қалай есепке алдыңыз? Клиенттеріңіздің қандай мұқтаждықтары бар? Сіздің жобаңыз олардың көңілінен қалайша шығады? Қандай сатылым арналарын сіз жобаңыз пайдаланғыңыз келеді? Неліктен?