Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет89/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

3-тапсырма
"Экстремалды атлетика" жобасының монетизациясы не есебінен жүретінін және алынған қаражат не үшін бөлінетінін ойлаңыз.
Жобаның монетизациясы да әрі қарай талқыланады. Сіз оқушыларды пайда табудың өзіндік нұсқаларын оайлап табуға ынталандырып, 2-тапсырмаға жауаптарда көрсетілген әрекеттерді қайталай аласыз. Олардың барлық жауаптарын сіз оқулықта көрсетілген нұсқалармен салыстыру үшін тақтаға жаза аласыз. Оқушылар одан әрі көрсетілмеген қызықты әрі бірегей идеялар ұсынуы мүмкін.
4-тапсырма
Ұйымдық-құқықтық нысандардың бірі шеңберінде бизнес-қызметті жүргізудің барлық артықшылықтарын жинақтаңыз. Мысал ретінде кез келген басқа жастар, креативті немесе басқа бизнесті пайдаланыңыз. Бұл артықшылықтарды үш санатта топтастырыңыз: 1) бизнес үшін артықшылықтар; 2) мемлекет және экономика үшін артықшылықтар; 3) қоғам үшін артықшылықтар.
Тапсырма креативті тәсілді қолдануды ұсынады. Тапсырмаға жауап беру кезінде сіз кәсіпкерлік қызметінің әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қатысты бөлімнің теориялық материалына сүйене аласыз. Егер оқушылар өздігінен басқа бизнесті атай алмаса, оны атап, оларға көмектесіңіз.
Мысалы, шаштараз қызметтері.

  1. Бизнес үшін плюстар: салон ашу мүмкіндігі, жалдамалы жұмыскердің еңбегін пайдалану, фрилансершаштараздан гөрі көбірек клиенттерді тарту, жарыстарға қатысу, салон базасында курстарды ұйымдастыру және тағы басқа

  2. Мемлекет және экономика үшін плюстар: салықтар алу, басқа салондармен бәсекені дамыту, жұмыскерлерді жалдау есебінен жұмыссыздық мәселелсін шешу, жеткізушілермен жұмыс және тағы басқа

  3. Қоғам үшін плюстар: бәсеке есебінен үздік сервис, әртүрлі салондар арасында таңдау мүмкіндігі, қызметтердің үлкен спектрі.




3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:

Сабақтың соңы
10 минут

Мұғалім қорытынды жасайды: «Бизнестің «астыртын қызметтен ресми қызметке өтуі» оның барлық қатысушылары үшін өзара тиімді процесс болып табылады деп айтуға болады. Мемлекет салық түрінде өз пайдасын алады, ал бизнес өсу тенденциясын көрсетеді,

Atameken Akademy білім
беру онлайнплатформасының материалдары, бейнесабақтар




бұл табыстың және қызметке қатысушылардың санының өсуіне ықпал етеді. Яғни, бизнес көбірек өнім жабдықтаушыларын тартуға, көбірек тауарлар мен қызметтерді тұтынуға, көбірек жұмыс орындарын құруға және т.б. мүмкіндік алады, ал бұл өз кезегінде жалпы ел экономикасына оң ықпал етеді. Ал тұтынушылар анағұрлым сапалы және жетілдірілген өнім мен қызметтерді алып және олардың сапа кепілдігіне ие болады. Дамушы бәсекелестік нарықты жетілдіруге көмектеседі. Ал қоғам неғұрлым белсенді, дені сау және бәсекелі болып дами бастайды». Көңіл-күй мен эмоционалды сезім көрінісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет