Сабақтың ортасы 25 минут
|
Сыныппен стартаптың мақсаттарын талқылаңыз, клиенттердің проблемаларын шешуге егжей-тегжейлі тоқтаңыз.
1-тапсырма
Тұтынушылардың қандай проблемаларын келесі өнімдер шеше алатынын ойланыңыз және анықтаңыз. а) сервис такси; б) фотомектеп; в) фотосуреттер коллаждарын құрастыруға арналған мобильді қосымша; г) қаладағы барлық мейрамханаларды бір қосымшаға біріктіретін сервис; д) қалалық әкімдік қызметкерлерімен тілдесуге арналған мобильді қосымша.
Тапсырмаға жауаптар ерекшеленуі мүмкін, тапсырманы орындау клиент қажеттіліктерін айқын түсінуді және оны қанағаттандыру мәнін ұйғарады.
2-тапсырма
Стартаптың мысалын келтіріңіз және неліктен сіз мұны компания емес, стартап деп санайтыныңызды түсіндіріңіз.
Стартаптың не екенін, айқынырақ түсінуі үшін, оның жұмыс істеуінің кейбір аспектілерін компания жұмысының ерекшеліктерімен салыстыру қажет.
Оқушыларға оқулықтағы 1-кестені қарауды ұсыныңыз. Сыныппен стартап және компания жұмысының ұқсастығы мен айырмашылығын талқылаңыз.
|
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
|