Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет423/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   432
«Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір - бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.

8. «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮШІН ОНЛАЙН-ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР


Қазіргі уақытта оқытудың заманауи технологияларын пайдаланбай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мүмкін емес. Оқыту мен тәрбиелеудің ең өзекті міндеті білім алушыларда ХХІ ғасырдағы адамның жеке дағдылары мен қасиеттерін қалыптастыру арқылы ашылатын құзіреттіліктерді дамыту, атап айтқанда: жеке жауапкершілік, басқа көзқарастарға төзімділік, қарым-қатынас дағдылары, өзін-өзі дамыту қабілеті, ойлауды дамыту, ақпаратты табу, талдау, басқару, үйлестіру, бағалау және құру қабілеті, әр түрлі формада және әртүрлі тәсілдермен ақпараттарды бағалау және құру, командада жұмыс істей білу, мәселелерді қою және шешу қабілеті болып табылады.
Белгіленген мәселені шешу үшін оқу процесінде АКТ-ны басқа заманауи білім беру технологияларымен біріктіре отырып қолданған жөн.
«COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің сабақтары қашықтан өткізілді. [28]
Интернет-платформалар арқылы сабақтарды жүргізу кезінде сабақ жоспарының негізінде педагог білім алушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады. Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады.
Ұсынылатын интернет- платформалар: BilimLand, Kyndelik. Kz, Darin online.
Цифрлық білім беру ресурстары:Mektep.OnLine, QaradomalakStudio, Оpiq.kz, Microsoft TEAMS, GoogleClassRoom.
Бұл интернет-платформалар оқу процесін онлайн режимде ұйымдастыруға арналмаған.
Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады.
Кері байланысты kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асыру ұсынылады (мұғалім кері байланысты ұсыну кезеңділігін өз бетінше анықтайды).
Контентті әзірлеу және қашықтықтан сабақ өткізу алгоритмі:
Бірінші. Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т.б.).
Екінші. Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау Үшінші. Оқу құралдарының тізбесін анықтау:
Төртінші. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: электрондық пошта; WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі топтық/жеке чаттар («Қашықтан оқу, сыныбы, литері»; оның Whatsapp-та оның барлық қатысушылары үшін жұмыс істеу ережелерін белгілеу);
Бесінші. Әр түрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, инфоргафика және т. б.).
Алтыншы. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінараіздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.).
Жетінші. Білім алушыларға мұғалімнің бейне сабағын (егер ол бұрын жазылған болса) кез келген уақытта қарауға мүмкіндік беру (офлайн режимі).
Сегізінші. Білім алушыларға:

  • барлық білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру;

  • шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т.

б.), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б.;

  • әлеуметтік желі чатында, поштада топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарды (рөлдерді бөлу);

  • дидактикалық принциптерге сәйкес оқу материалын және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сапалы дайындауын;

  • ЦБР -ының сілтемелерін көрсете отырып, өздігінен оқу және орындау үшін үй тапсырмасын беру.

Тоғызыншы. Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:

  • оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау;

  • орындалған тапсырмаға талдау жүргізу;

  • пікір жазу және ұсыныстар беру;

  • білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру;

  • оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу; Кері байланыс:

  • электрондық журналдар, интернет-платформалар;

  • электрондық пошта;

  • whatsapp, telegram мессенджерері және т. б.;

  • ұялы және стационарлық телефон байланысы;

  • пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады. [28]

10 жыл бұрын қашықтықтан оқыту қол жетпейтін нәрсе болып көрінетін, алайда қазіргі кезде онлайн режимінде оқу дәстүрлі білім беру жүйесіне лайықты бәсекелестік тудырып отыр.
Классикалық оқытумен салыстырғанда онлайн оқудың сөзсіз артықшылықтары бар:

  1. Оқу кестесін қолданыстағы жүктелген күн тәртібіне енгізу мүмкіндігі. Сіз интернетте өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи аласыз.

  2. Әрекет бостандығы. Онлайн курстардан өту кезінде сіз сабақ кестесін өз бетіңізше жоспарлауға, ыңғайлы және кез келген жерде дәрістер тыңдауға құқығыңыз бар.

  3. Белгілі бір салалардағы олқылықтарды толтыру үшін бүкіл курсты тыңдаудың қажеті жоқ. Тек біліміңіз жеткіліксіз тақырыптарды таңдау жеткілікті, өзіңіз жақсы білетін материалдарды зерттеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.

  4. Ақпаратты жақсы қабылдау және игеру. Интернеттегі сабақтарда, әдетте, материал кез-келген білім деңгейі бар тыңдаушы түсінетін оңай түсінікті түрде беріледі. Сонымен қатар, сіз сабақтарды кез-келген уақытта, шаршап тұрғанда емес, көңіл-күй қолайлы болған кезде өткізе аласыз.

  5. Көп жағдайда онлайн режимінде білім алу тегін. Сізге шынымен сапалы ақпарат алуға және қызығушылық тудыратын салалардағы білімді кеңейтуге болатын сенімді көздерді білу қажет.

Интернеттегі оқытудың ең ыңғайлы және тиімді 5 құралын қарастырайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет