Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
Дата29.12.2016
өлшемі86,56 Kb.
#721

Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) 

объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 

бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 тамызда № 11845 болып 

тіркелді


      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 

 29)


8-бабының

тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (

тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру 

 бекітілсін.

қағидалары

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ 

қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін

күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл 

шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрінің 

      міндетін атқарушы                          С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жыл 7 шілде

Қазақстан Республикасы    

Ауыл шаруашылығы министрінің 

міндетін атқарушының     

2015 жылғы 29 мамырдағы    

№ 7-1/496 бұйрығымен     

бекітілген        

Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын

(тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру

қағидалары 1. Жалпы ережелер


      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) 

объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 

2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 

 29) тармақшасына сәйкес 

8-бабының

әзірленді және республика аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау

тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      тасымалдау – кез келген тасымалдау құралдарын (авто, темір жол, әуе, су) пайдалану арқылы

бір пунктен екіншісіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстырумен 

байланысты рәсімдер кешені.

2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді

тасымалдауды жүзеге асырудың жалпы тәртібі

      3. Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Заңның 

 

8-бабының



46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру 

 және олардың 

қағидаларына

бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді.

      Химиялық және микробиологиялық синтезді дәрілік заттарды, сондай-ақ жемшөп қоспаларын 

әкелу, тасымалдау ветеринариялық 

, дайындаушы-кәсіпорын берген олардың сапасын 

сертификатсыз

және қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжатымен жүзеге асырылады.

      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін пайдаланылатын және 

пайдаланылған көлік құралдары Заңның 

 4-тармағына сәйкес міндетті дезинфекциялауға жатады. 

21-бабы

      5. Жануарлар мен құстарды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жүк жөнелтуші оларды жүру 



кезеңіне сумен, пайдалы жемшөппен және төсеммен қамтамасыз етеді.

      6. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді мемлекеттік 

ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды (бұдан әрі – бақылау) оларды тасымалдау 

(орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларды тиеу, түсіру, сондай-ақ тасымалдау (орнын 

ауыстыру) маршруттары өтетін аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары (

бұдан әрі – инспектор) жүзеге асырады.

      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді импортпен және экспортпен байланыспайтын

тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде, оларды бақылауды тиеу, түсіру, сондай-ақ 

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық 

дәрігерлері (бұдан әрі – дәрігер) жүзеге асырады.

      7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиеу (түсіру) кезінде инспектор

дәрігер:


      1) тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Заңның 8-бабының

46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру 

 және олардың 

қағидаларына

бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттардың болуына (

ветеринариялық құжаттарды толтырудың дұрыстығы (толықтығы), қолдары және мөрлері бедерінің 

болуы);

      2) көлік құралдарының жай-күйіне және температуралық режимнің (көлік құралдары мен 



өнімнің) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес сақталуына;

      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік 

құралдарына жүргізілген дезинфекциялау туралы куәландыратын құжаттардың болуына;

      4) ветеринариялық құжаттарда көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің 

атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының, таңбалаудың сәйкестігіне;

      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына 

қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге 

асырады.


      Инспектор, дәрігер тірі жануарлардың орнын ауыстыру кезінде жануарларды ветеринариялық 

қарап-тексеруді, іріктеп термометрия жүргізуді, тамыр соғысы мен тыныс алуын өлшеуді жүзеге 

асырады.


      Жануарларды әкелу, әкету, транзиті және орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде суару және 

азықтандыру пункттерінде әр жануар қарап-тексеруге жатады.

      Жануарларды тиеу орындарына (теміржол станциясы, порт, кемежай) тиеу басталғанға дейін 

кемінде 3 сағат бұрын жеткізіледі және оларды тиісті аумақтың инспекторы, дәрігері тексеруі 

тиіс. Инспектор, дәрігер жануарлардың саулығын, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) 

мүмкіндігін анықтайды.

      8. Жануарлар мен құстар ауруларының клиникалық белгілері, ветеринариялық құжаттарда 

көрсетілген деректердің сәйкессіздігі немесе ветеринариялық құжаттардың болмауы анықталған кезде

инспектор, дәрігер жүк жөнелтушінің қатысуымен ветеринариялық-санитариялық бақылау актісін 

жасайды.


      9. Бақылау нәтижелері бойынша инспектор, дәрігер ветеринариялық құжатта орны 

ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиеуге, түсіруге рұқсат берілгендігі туралы белгі 

жасайды.

3. Жануарлар мен құстарды (бал араларын қоса алғанда),

жануарлардан алынатын өнімді автокөлік құралдарымен

тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      10. Ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін едені ағаш, төсем қабатымен (ағаш 

үгіндісі, сабан) жабылған және бортының биіктігі шанақтың еденінен 2 метрге дейін және қойларды

, ешкілер мен шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 метрге дейін болатын және көлденең және тігінен 

қырлы жуан ағаштар орнатылған автокөлік құралдары (мал тасығыштар) пайдаланылады.

      11. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарлар мынадай тәртіппен орналастырылады:

      1) басын алға қаратады және ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, бұқаларды, түйелерді)

мықтап байлайды. Тиеудің алдында жылқылардың тағаларын алып тастайды;

      2) байлаусыз, барлық жануарларға автокөлік шанағында жатуға мүмкіндік беретін мөлшерде (

екі жасқа дейінгі ірі қара мал төлдері, шошқа, қой мен ешкілер және басқа ұсақ жануарлар);

      3) құстарды қалың, ылғал өткізбейтін едені, жеткілікті мөлшердегі төсемі бар арнайы 

жабдықталған торларда және ауа айналымының еркін айналымы қамтамасыз етілген торларда 

тасымалдайды. Торларды қабаттап тиеуге жол беріледі (бірақ төртеуден артық емес).

      12. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) 

жануарлардың санына қарамай жолсерікпен қоса жүреді. Жануарлардың жолсерігі автокөлік құралының

кабинасында немесе жануарлардан оқшауланған арнайы жабдықталған орын болған кезде жануарлардың 

жанында автокөлік құралының шанағында болады.

      13. Жануарларды жолда суару қысқы кезеңде күніне кемінде екі рет, жазғы кезеңде кемінде 

үш рет жүргізіледі.

      Жануарлар демалатын және оларды азықтандыру, сондай-ақ машиналарды қидан тазалау орындары

Заңның 

 3-тармағына сәйкес белгіленеді. 



21-бабының

      Жануарларды тасымалдаудың үнемі қолданыстағы маршруттарында суару және машиналарды қидан 

тазарту орындары айқындалады және жабдықталады.

      Жануарларды автокөлік құралдарында ерекше сақтықпен, қатты жұлқымай және тежемей 

тасымалдайды (орнын ауыстырады).

      Жүру жолында жануарлар мен құстар ауруларының клиникалық белгілері анықталған кезде жүк 

жөнелтуші немесе бірге жүретін адамдар қажетті шаралар қабылдау мақсатында тиісті аумақтардың 

жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, 

жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк 

ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына кідірместен хабарлауы тиіс.

      14. Тірі балықты, шаян тәрізділерді, ұлуларды, омыртқасыздарды, гидробионттарды және 

басқа су жануарларын (бұдан әрі – су жануарлары), ұрықтанған уылдырықты тасымалдау (орнын 

ауыстыру) осы мақсатқа лайықталған арнайы ыдыстарда жүзеге асырылады.

      Жүк жөнелтуші су жануарларын тиеуге балық, шаяндардың сапар кезінде қалыпты тіршілік 

әрекеті үшін қажетті зиянды қоспалары жоқ және концентрациясында оттегісі бар таза, мөлдір суда

жеткізеді.



      Су жануарларын алыс қашықтықтарға тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші су 

жануарлары бар ыдыстарда суды ауыстыруға немесе қосуға жол берілетін пункттерді алдын ала 

айқындайды.

      15. Бал араларын тасымалдау үшін тиісті түрде дайындалған ұяларда, жәшіктерде - 

пакеттерде, ал пакеттерді ауа айналымына арналған металл торлары бар берік фанералық жәшіктерде

тасымалдайды.

      Ұяларды тұғырықтарда тасымалдау кезінде оларды болат лентамен қысып буады, арнайы 

рамалардың көмегімен екі, үш немесе төрт қабаттап қояды.

      16. Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды (

етті қатарлау немесе асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі) 

сақтай отырып, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады. Жануарлардан алынатын 

өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Қағидаларға 

 сәйкес автокөліктерде

1-қосымшаға

жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдаудың температуралық режимі сақталады.

      17. Салқындатылған немесе тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын қашықтықтарға 

тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай тиеуге рұқсат етіледі.

Автокөлік шанағының едені жуылады, таза брезент, одан кейін таза мата төселеді. Еттің беті таза

материалмен жабылады.

      Құстың ұшалары жәшіктерге салынады.

      18. Жануарлар етін автокөлік құралдарымен тоңазытылған, мұздатылған немесе суыған 

қалпында (кебу қабығы түзіле отырып, 6 сағат бойы суытылған) тасымалдауға (орнын ауыстыруға) 

жол беріледі.

      19. Автокөлік құралының шанағында жүк тиеуші жұмысшыларға немесе басқа адамдарға тиелген 

етпен немесе ет өнімдерімен бірге болуға жол берілмейді.

      20. Етті:

      1) мұнай өнімдерімен немесе өткір иісті заттармен сіңірілген (ластанған);

      2) өткір ерекше иісі бар өнімдермен бірге автокөлік құралдарында тасымалдауға (орнын 

ауыстыруға) жол берілмейді.

      21. Балықты салқындатылған, мұздатылған, тұздалған және өңдеудің басқа түрлерінде 

тасымалдайды. Салқындатылған балықты тасымалдауға жәшіктерде немесе бөшкелерде, мұздатылғанды – 

жәшіктерде, қораптарда, тұздалғанды – бөшкелерде жеткізеді.

      22. Тасымалдауға арналған балауызды таза, алдын ала ішіне қағаз немесе бір рет 

қолданылатын полиэтилен үлдір айналдыра төселген, бөгде иісі жоқ жәшіктерге немесе ағаш 

бөшкелерге салады.

      23. Сүт флягаларда, сүтті құюға және құйып алуға және цистерналарды жууға арналған 

заттармен жабдықталған изометриялық сүт цистерналарында тасымалданады.

      24. Жұмыртқалар тығыз қораптарда тасымалданады (орны ауыстырылады). Жұмыртқаларды 

жоңқамен немесе сабанмен орауға жол берілмейді.

      25. Бал бөшкелерде, флягаларда, сондай-ақ эмальданған ыдыста тасымалданады (орны 

ауыстырылады).

4. Жануарлар мен құстарды, жануарлардан алынатын өнімдерді

әуе көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      26. Жануарлар мен құстарды әуе көлігімен жөнелтер алдында жөнелтуші әуе компаниясының 

өкілімен:

      1) жануарларды тасымалдауға (орнын ауыстыруға) пайдаланылатын ұшақ түрін;

      2) оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) ұшақтың қандай жүк бөлімдерінде және қандай 

температуралық режимде жүзеге асырылатынын;

      3) жануарлар мен құстарды тасымалдау үшін қосымша жабдықтардың қажеттілігін және 

мүккәмалмен қамтамасыз етілуін (арнайы торлар, төсеме материал түрі, азықтандыруға арналған 

құрылғылар және т.б.) келіседі.

      27. Ұшақ жабдықтарының зақымдалуының алдын алу, ластанудың алдын алу үшін ұшақ еденін 

брезентпен немесе су өткізбейтін материалмен және ылғал сіңіргіш заттармен жабады. Барлық 


қажетті мүккәмалды, төсеме материалды жөнелтуші қамтамасыз етеді.

      28. Тез бұзылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (ыстық ысталған балық

ұзақ сақтауға шыдамайтын ет және сүт өнімдері, асыл тұқымды жұмыртқалар, ұсақ үй жануарлары, 

тәуліктік балапандар) әуе көлігімен тасымалданады. Объектілердің ұшаққа жеткізілу уақыты жүк 

жөнелтушінің әуежаймен келісімі бойынша белгіленеді.

      29. Ет және ет өнімдерін тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Қағидаларға 

 

2-қосымшаға



сәйкес ұшақтың жүк үй-жайында ет және ет өнімдерін тасымалдаудың температуралық режимі 

сақталады.

      30. Сүт, кілегей, қаймақ ұшақтың жүк үй-жайында, мықтап жабылатын бекітпесі бар флягтарда

тасымалданады.

      31. Жұмыртқалар қалың қораптарда арнайы орау материалдарында тасымалданады (орны 

ауыстырылады). Жұмыртқаларды жоңқамен немесе сабанмен орауға жол берілмейді.

      32. Суық ысталған, қақталған және басқа да балықты ыдыста (жәшіктер, қораптар, себеттер, 

банкалар) тұздалғанды – бөшкелерде тасымалдайды.



5. Жануарлар мен құстарды (бал араларын қоса алғанда),

жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты теміржол көлігімен

тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      33. Жануарлар мен құстарды вагондарға (-дан) тиеу және түсіру малды тиеу платформаларымен

жабдықталған станцияларда жүргізіледі. 

      34. Жануарлар мен құстарды вагондарда тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жануарларды 

азықтандыруға, суаруға арналған жабдықтарды, жануарларды күтуге арналған құралдарды жүк 

жөнелтуші ұсынады.

      35. Теміржол көлігімен тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарлар мынадай 

тәртіппен орналастырылады:

      1) жылқылар вагонның көлденең бойына паралелльді, бастарымен есік аралық кеңістікке қарай

, жолсерік жүруі үшін ортаңғы қатарда шеткі қатарға қарағанда бір жылқы аз орналастырылады. 

Жылқыларды тағасын алып тастап тасымалдауға (opнын ауыстыруға) жол беріледі;

      2) ірі қара мал ұзыннан немесе көлденең тәсілмен орналастырылады. Көлденең тәсіл кезінде 

тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайларына 1-2 малға бір шығыршық 

есебімен бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар (немесе қапсырмалар) бекітіледі. Вагонның 

екі басында әрқайсысы екі тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына көлденеңінен, 

вагонның беткі қабырғасына тіреп сөрелер орнатылады. Ірі қара малды тиегеннен кейін вагондар 

есіктерінің ойықтарында торлар орнатылады.

      Ұзыннан тәсілі кезінде есіктегі ойықтарға торлар орната отырып, ірі қара малды вагонның 

көлденең бойына паралелльді, бастарымен есік аралық кеңістікке қаратып орналастырады.

      36. Әртүрлі жануарлар мен құстарды бір вагонда бірге тасымалдауға (орнын ауыстыруға) 

оларды бір-бірінен мықты шарбақпен бөлген жағдайда жол беріледі.

      37. Ұсақ жануарларды (атжалмандар, теңіз шошқалары және басқалар) вагонның бүйір 

қабырғасы бойынша үстіңгі тор мен төбенің аралығы кемінде 0,2 метр аралықпен бірнеше қабатты 

торлар мен жәшіктерде тасымалдайды (орнын ауыстырады). Ұзыннан орналасқан қабырғаларға жәшіктер 

мен торларды жануарларға күтім жасау және ауа айналымы үшін жол қалдырып орналастырады. Торлар 

мен жәшіктердің су өткізбейтін түбі болады және тиелгеннен кейін жақсылап бекітіледі.

      Терісі бағалы аңдар олардың түріне қарай өздігінен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын мықты 

тиекті металдан жасалған торлы есіктері бар металл немесе мықты ағаш торларда орны ауыстырылады

.

      38. Жануарларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жүру жолында көлік құралдарын 



тазартуды жолсеріктер жүргізеді және жүру маршруты бойынша межелі пунктте немесе станция 

бастығымен белгіленген және келісілген станцияларда түсіреді.

      39. Су жануарлары зиянды қоспалары жоқ және жолда олардың қалыпты тіршілігіне қажетті 

концентрациядағы оттегісі бар таза, мөлдір суда тасымалданады. Су жануарларын алыс 

қашықтықтарға тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші су жануарлары бар 


сыйымдылықтардағы суды ауыстыру немесе қосу пункттерін алдын ала анықтайды.

      40. Бал араларын тиісті түрде дайындалған ұяларда, жәшіктерде - пакеттерде, ал пакеттерді

ауа айналымына арналған металл торлары бар берік фанералық жәшіктерде тасымалдайды.

      Ұяларды тұғырықтарда тасымалдау кезінде оларды болат лентамен қысып буады, арнайы 

рамалардың, көмегімен екі, үш немесе төрт қабаттап қояды.

      41. Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде ветеринариялық 

(ветеринариялық-санитарлық) нормалар мен талаптардың (етті салу немесе асып қою тәртібі, 

температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсері) сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған

вагондар пайдаланылады.

      Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Қағидаларға 3-

 сәйкес темір жол көлігімен жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау кезіндегі 

қосымшаға

температуралық режим сақталады.

      Орамасыз тасымалданатын етті вагонның торлары мен қабырғаларының арасына суық ауаның 

алмасуына арналған саңылаулар қалдыра отырып, алдын ала еден торларымен, сондай-ақ қабырғаларды

тиеу биіктігіне немесе қағазбен төсеп, тығыз қатарлармен тиейді.

      42. Тоңазытылған және суытылған етті вагондарға ілмекке іліп, ұшалардың, жартылай 

ұшалардың және ширек ұшалардың өзара, еденмен және вагонның қабырғаларымен жанасуына жол бермей

тиейді.

      Сиыр етінің жартылай ұшаларын оң жақ жартылары вагон есігінің бір жағына, сол жақ 



жартылары басқа жағында, ал ішкі жақтары вагонның тік қойылған қабырғаларына қарайтындай асып 

қояды.


      Сиыр етінің ширек ұшалары және қой ұшалары екі қабат болып ілінеді – сиыр еті мен қой 

етінің екінші қабаты бірінші қабатқа жіппен ілінеді. Сиыр етінің үлкен көлемдегі жартылай 

ұшалары немесе ширек ұшалары шахматтық тәртіппен ілмекке ілінеді. Салқындатылған қалыпта сиыр 

еті, кой еті және жылқы еті тасымалданады.

      43. Ұзынынан жартылай ұшаларға шабылған шошқа етін сиыр еті мен қой еті секілді іліп 

қояды.


      Кесілген шошқа етін тоңазытылған күйде тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.

      Инспектор, дәрігер тасымалдауға ұсынылған барлық орындардың кем дегенде 5% - да бұлшық ет

қабаты мен сүйектердің температурасын өлшейді.

      44. Өндірістік қайта өңдеуге арналған етті мұздатылған күйінде тасымалдайды (орнын 

ауыстырады), мұндай ет қандай мақсатта жөнелтілетіні туралы ветеринариялық құжаттарда 

көрсетіледі.

      45. Мұздатылған ет және киттердің бауыры буып-түйілген блоктарда тасымалданады (орны 

ауыстырылады).

      46. Құс еті ыдыстарда тасымалданады (орны ауыстырылады):

      1) мұздатылған күйінде – тазаланған және жартылай тазаланған;

      2) салқындатылған күйінде – тазаланған.

      47. Үй қоянының ұшасы теріссіз, бассыз және ішкі мүшелерісіз (бүйректен басқасы), 

көгерудің, кілегейленудің, ылғалданудың ізі жоқ жәшіктерде тасымалданады (орны ауыстырылады).

      48. Субөнімдері (тілдер, ми, ерін, жүрек, бауыр, бүйрек, құйрықтар, асқазандар) балауса, 

таза, бұзылу белгілері жоқ күйінде тасымалданады (орны ауыстырылады).

      Инспектордың, дәрігердің рұқсаты бойынша субөнімдердің аңдарға арналған азық екенін 

тауарлық-ілеспе құжаттарда көрсете отырып, азыққа арналған брикеттелген мұздатылған субөнімдер, 

ыдыссыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) рұқсат етіледі.

      49. Ысталған еттер (тауықтың жамбас еті, төс еті, корейка және басқа өнімдер) айқын 

ысталған иіспен, құрғақ, таза, біркелкі ысталған беткі қабатымен, ет және май ұстамаларынсыз, 

еттің шашақтарысыз, қылшық қалдығы және зеңсіз тасымалданады. Ысталған еттер саңылаулары бар 

жәшіктерде тасымалданады (орны ауыстырылады). 

      50. Шикілей ысталған және жартылай ысталған шұжықтар сыртқы беті таза құрғақ, қабығы 

зақымдалмай тасымалданады (орны ауыстырылады). 

      51. Мынадай критерийлерге сәйкес келетін шпикты тасымалдау (орнын ауыстыру):

      1) түсі – ақ немесе сарғаюсыз, қараюсыз немесе басқа реңдерсіз қызғылт реңі бар ақ;

      2) консистенциясы – тығыз, майлы емес, тұтқыр емес;


      3) иісі мен дәмі – балауса, тұздалған немесе тұздап ысталған, тұз және басқа да бөгде дәм

мен иіссіз шпикке тән.

      52. Жануарлардың тағамдық ерітілген майлары (сиыр майы, қой майы, шошқа майы және сүйек 

майы) май өткізбейтін қағазға оралып және жәшіктерге буып-түйіліп ағаш бөшкелерде, қаңылтыр 

және шыны банкаларда тасымалданады (орны ауыстырылады).

      53. Тұздалған ет кесегі тұздық құйылған бөшкелерде тасымалданады, тұздықтың жарамдылық 

мерзімі 10 күннен аз болса, тасымалдауға жіберілмейді.

      54. Балықты салқындатылған, мұздатылған және тұздалған түрінде тасымалдайды. 

Салқындатылған балықты жәшіктерде немесе бөшкелерде, мұздатылғанды – жәшіктерде, қораптарда, 

тұздалғанды – бөшкелерде тасымалдайды. Суық ысталған, қақталған және басқа балықты ыдыспен 

тасымалдайды.

      55. Тасымалдауға стандартты емес және әлсіз ыдысқа оралған жұмыртқалар, сондай-ақ 

қабығының тұтастығы бұзылған және кебудің белгілері бар жұмыртқалар жіберілмейді.

      Жұмыртқа өнімдері (жұмыртқа меланжы, жұмыртқаның ақуызы мен саруызы) ақ қаңылтырдан 

жасалған, тығыз жәшіктерге салынған герметикалық жабылған банкаларда тасымалданады. 

      56. Сүт және сүт өнімдері балауса күйінде (флягаларда, цистернада) ыдыста тасымалданады. 

      Сүт және сүт өнімдерін өткір иісі бар өнімдермен бірге тасымалдауға тыйым салынады.

      57. Бал бөшкелерде, флягтарда, сондай-ақ эмальданған ыдыстарда тасымалданады (орны 

ауыстырылады).

      58. Ірі құрғақ терілер (түйенің, буйволдың) ұзындығы бойынша екіге бүктеліп немесе жіппен

байланбай оралып тасымалданады. Тұздалмаған құрғақ және тұздалған құрғақ терілер – қатты немесе

жұмсақ ыдыста, сулы тұздалған терілер – ағып кетуге жол бермейтін бөшкелерде немесе жәшіктерде 

тасымалданады (орны ауыстырылады).

      59. Жүн, түк, қыл, түбіт және қауырсын жұмсақ ыдысқа оралып, ал ұсақ партиялар жәшіктерде

немесе тығыз жұмсақ ыдыстарда тасымалданады. Инспектор, дәрігер ветеринариялық құжаттардағы 

жүннің түрі (жуылған немесе жуылмаған), жуудың әдісі (суық немесе ыстық) туралы мәліметтердің 

болуын тексереді. Жүнді жуу орындарынан жөнелтілетін жүннің әр теңдерінде фабрикалық марка 

болады.


      60. Құрғақ ішектер жәшіктерде, себеттерде немесе тығыз жұмсақ ыдысқа оралған теңдерде 

тасымалданады. Құрғақ тұздалған және сумен тұздалған ішектер ағып кетпейтін бөшкелерде 

тасымалданады.

      61. Мүйіздер, тұяқтар және сүйектер жұмсақ бөліктері мен ластан тазартылған, жақсылап 

кептірілген күйінде, жабық вагондарда, ыдыссыз, ұсақ партиялармен – қатты ыдыста (жәшіктер, 

бөшкелер) тасымалданады.

      62. Жұмсақ бөліктерінен тазартылған шикі сүйек қысқы мезгілде күндізгі уақыттағы ауаның -

5 С және төмен температурасында жүк қабылдаушының мұндай тасымалдауға келіскен жағдайында жүк 

0

құжаттамаларының «Ерекше өтініштер және жөнелтушінің белгілері» деген бағанында «Шикі сүйекті 



тоңазытылған күйінде тасымалдауға келісемін. Жүк қабылдаушымен келісілді» деген белгі қойылып, 

тоңазытылған күйінде тасымалданады.

      Егер жүк жөнелтуші шикі сүйекті мұздатылған күйінде тасымалдауға (орнын ауыстыруға) 

келіспесе, тасымалдау ветеринариялық құжаттарда оның шыққан жері (асханалық, далалық) туралы 

белгі қойылып, тез бұзылатын жүк ретінде рефрижераторлық қозғалмалы құрамда жүзеге асырылады.

      63. Далалық сүйектер және тұяқтар тиеудің алдында алдын ала хлорлық әктің 

түссіздендірілген ерітіндісімен өңделеді және кептіріледі, бұл туралы ветеринариялық 

сертификатта көрсетіледі. 

      64. Бөлініп алынбаған терілердің кесінділері кептірілген түрде жөкеден жасалған қалтада, 

кенеп қаптарда немесе жәшіктер мен қораптарда тасымалданады.

      65. Шелді жылы мезгілде құрғақ түрінде қаптарда, жөкеден жасалған қалтада, ал әктік 

сүтпен консервіленгендерді ағып кетпейтін бөшкелерде тасымалдайды.

      Жылдың суық мезгілінде ауаның температурасы нөл градустан төмен болған кезде шелді жақын 

маңдағы желім пісіру зауыттарына тасымалдау қатты кесектер түрінде мұздатылған күйінде, жабық 

вагондарда жіберіледі.

      Шелді ыдыссыз тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші вагонның еденін 

сөндірілмеген әкпен төсейді. Кесінділерді және шелдерді ұсақ партиялармен орнын ауыстыру оларды


ағып кетпейтін бөшкелерге оралған жағдайда жіберіледі.

      66. Қауырсын мен түбіт кенеп матаға оралады.

      67. Эндокриндік шикізат (ұйқы, қалқанша, қарбалас қалқанша бездері) - 12 С жоғары емес 

0

температурада рефрижераторлық вагондарда мұздатылған күйінде тасымалданады (орнын ауыстырады).



6. Тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ауру

жануарларды анықтаған жағдайдағы іс-шаралар

      68. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің арасында (тиеу, түсіру кезінде, 

жүру жолында) ауру жануарлар, сондай-ақ жануарлардың өлекселері анықталған кезде инспекторлар, 

дәрігерлер оларды орны ауыстырылатын (тасымалданатын) партияның қалған жануарларынан бөліп 

алады. Бұл туралы тиісті аумақтың инспекторына, дәрігеріне сондай-ақ жануарлар партиясының 

шыққан аумағының инспекторына, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган 

ведомствосына хабарлайды.

      69. Ауру жануарлар анықталған кездегі барлық жағдайларда 

 (

ветеринариялық



ветеринариялық-санитариялық) және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

      70. Жүру жолында немесе жануарларды түсіру орнында өлекселер табылған кезде олардың иесі 

(жолсерік) өлім-жітімнің себебі туралы қорытынды негізінде тиісті ветеринариялық (

ветеринариялық-санитариялық) шаралар қабылдайтын ветеринария саласындағы уәкілетті орган 

ведомствосының жақындағы аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.

      71. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідірту немесе алып тастаудың барлық

жағдайларында инспектор, дәрігер жүк жөнелтушінің (жүк қабылдаушының) қатысуымен акт жасайды. 

Актіде қабылданған шаралардың себептерін (анықталған ауруды), сондай-ақ ветеринариялық (

ветеринариялық-санитариялық) және эпизоотияға қарсы іс-шараларды көрсетеді. Актінің бір данасы 

акті жасалған орын бойынша инспекторда, дәрігерде қалады, екіншісі – жүк жөнелтушіге (жүк 

қабылдаушыға) беріледі немесе жүктің құжаттарына қоса беріледі.

Қазақстан Республикасы    

аумағында орны ауыстырылатын

(тасымалданатын) объектілерді

тасымалдауды жүзеге асыру  

қағидаларына 1-қосымша  



Автокөліктерде жануарлардан алынатын өнімдерді

тасымалдау кезіндегі температуралық режимдер

Орны ауыстырылатын (



тасымалданатын) объектінің 

атауы


Орны ауыстырылатын (

тасымалданатын) объектіні 

тиеу кезіндегі температура, 

0

С



Шанақтағы температура,  С

0

1.



Мұздатылған ет, ет

өнімдері және балық,

жануар майлары,

шұжықтар, ысталған,

жартылай ысталған

-8 артық емес

0

0-ден +4-ке дейін



-12-ден жоғары емес

 

 



0-ден -3-ке дейін

0-ден -3-ке дейін

2.

Тоңазытылған ет, құс, балық



0-ден +4-ке дейін

0-ден -1-ге дейін

3.

Суыған ет



+4-тен +12-ге дейін

+4-тен -10-ға дейін

4.

Флягтардағы сүт



+5

+5-тен 0-ге дейін



5

Жұмыртқа


-

0-ден +20-ға дейін

Қазақстан Республикасы    

аумағында орны ауыстырылатын

(тасымалданатын) объектілерді

тасымалдауды жүзеге асыру  

қағидаларына 2-қосымша  

Ұшақтың жүк үй-жайында ет және ет өнімдерін

тасымалдаудың температуралық режимдері

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын



) объектінің атауы

Тиеудің температуралық 

режимі,  С

0

Өнімнің ішіндегі 



температура,  С

0

1.



Мұздатылған сиыр еті, шошқа еті, 

қой еті (ұшалар, жартылай ұшалар)

-12 артық емес

-6-ден -8 дейін

2.

Мұздатылған ет блоктары



-12 артық емес

-3 артық емес

3.

Тоңазытылған ет



0-ден - 1-ге дейін

0-ден -4-ке дейін

4.

Суыған ет



0

+4-ден -12-ге дейін

5.

Мұздатылған құс еті



+5

-6 артық емес

6.

Үй қояндарының ұшалары (



мұздатылған)

-8 артық емес

-6 артық емес

7.

Эндокриндік шикізат



-12 артық емес

-12 артық емес

8.

Ысталған еттер және шұжықтар



+2 артық емес

+4 артық емес

Қазақстан Республикасы    

аумағында орны ауыстырылатын

(тасымалданатын) объектілерді

тасымалдауды жүзеге асыру  

қағидаларына 3-қосымша  

Темір жол көлігімен жануарлардан алынатын өнімдерді

тасымалдау кезіндегі температуралық режимдер

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы



Орны ауыстырылатын (

тасымалданатын) объектіні тиеу 

кезіндегі температура,  С

0

1.



Мұздатылған ет (ұшалар, жартылай ұшалар)

Мұздатылған ет блоктары

Тоңазытылған ет 

Суыған ет

-12 -8 артық емес

-8 артық емес

0-ден + 4-ке дейін

+4-тен + 12 дейін

2.

Мұздатылған ет және киттердің бауыры



-10 артық емес

3.

Құс еті:



мұздатылған күйінде

салқындатылған күйінде

-18 артық емес

0-ден + 4-ке дейін

4.

Үй қояндарының ұшалары



-6 артық емес

5.

Субөнімдері (тілдері, ми, ерін, жүрек, бауыр, бүйрек, 

құйрықтар, асқазандар)

-6 артық емес

6.

Ысталған еттер (жамбас еті, төстік, корейка және басқа 



бұйымдар)

+4 артық емес

7.

Шикілей ысталған және жартылай ысталған шұжықтар



+4 артық емес

8.

Жануарлардың тағамдық ерітілген майлары (сиыр майы, қой



майы, шошқа майы және сүйек майы)

+4 артық емес

9.

Салқындатылған балық



Мұздатылған балық

мұздатылған ас шаяндарды, мидияларды, трепангаларды 

және басқа да теңіз өнімдерін

+1-ден +5 дейін

-6

-15


10.

Жұмыртқа өнімдері (жұмыртқа меланжы, жұмыртқаның оқуызы

мен саруызы)

-6

11. Сүт және сүт өнімдері



+8 артық емес

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет