«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер



бет147/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

15 тақырып. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы. Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.

Ол басқа азаматтар мен заңды тұл,алардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.

Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын. бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ұшықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбірленген тарапты озбырлыкқа (рұксат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.

Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай бір жақты түсінбейді).

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқықтық өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдык (құқықтық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады, Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:

1) мемлекеттік мәжбүрленумен ажырағысыз байланыс;



2) іс-жүзіндегі негіздеме – құқық бұзушылық болуы;

3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы.

Алайда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықты жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінің айрықша азаматтық-құқытық салдарына реакция білдіру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін қолдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік) жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры азаматтық-құқықты жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына (мысалы бас бостандығынан айыру) не мемлекет пайдасына (мүлікті конфискациялау, әкімшілік айыппұл) қолдануға алып келеді.

ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды, тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келті-рушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялык, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.

Оларға азаматтық-құықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалында сезінері анық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактық бөліністер бола алады. Объективті түрде өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.

Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, оку, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар (өз жұмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.

Орын алған жағдайға, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.

Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышкорлардың бірі) да оған қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады. Міндеттеме түрі болып ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе" алатын талап-арыздарға жатады. Зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтемақы мөлшері талап- арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды (егер де оның калькуляциясы жәбірленушімен берілсе де, ол даулана алады). Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге (сол тектес және сол сападағы затты беру, бүлінген затты қалпына келтіру және т.с.с.) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме бір жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаның) келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды. Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті онын алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы.

Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады. Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекет-термен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.

Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершілікке алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйкес, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет