«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет8/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету кұқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы кұқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.

Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, оның жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алыдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болсаа). Ал кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет.

Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді келісілген жерде күтуге міндетті. Бұдан басқа, сатып алушы өзіне ұсынылған тауарды уакытында қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлігінен жүкті түсіруге, сатушының көлігін ұстамауға, өзінің тым баяу әрекеттерімен тауардың бұзылуына жол бермеуге міндетті. Сонымен катар, ол өнімді тексеріп алуы, өнім құжатын қабылдауы және өнімді кабылдап алғаны жөнінде сатушыға куәлік беруі қажет.

Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама бекіткен нормалармен анықталуы мүмкін. Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша өндіріп алуға құқылы. Сатып алушы алынған өнім (тауар) үшін ақы төлеуге міндетті.

Баға төлеу бойынша міндетті одан әрі карайық. Жоғарыда айтылғаннан түсінуге болатын нәрсе аталмыш міндеттін мазмұ-нына бағаны анықтау тәртібі тікелей әсер етеді. Олар көбінесе тұрақты болады, бірақ шаруашылық тәжірибеде өзгертілуге жол беретін бағалар да қолданылады. Өз кезегінде соңғылар ығыстыры-латын (жылжитын шартты тұрақты) және ағымды өзгеретін болып жіктеледі.

Шартты тұрақты баға шартта бекітіледі және шартты орындау сәтіне тауарға қалыптасқан ортанарықтық бағалардан елеулі ауытқыса (ерекшеленсе), онда ол кайта қаралуға жатады. Ағымды өзгеретін бағалар негізінен, ең алдымен дайындалуы ұзақ мерзімді тауарларға немесе тауарлардың дайындалған топтарына қолданылады. Мысалы, шикізатқа деген әлемдік баға тез өзгереді, жабдықтаушымен тұрақты байланыс болмайды, осының әсерінен шикізат әртүрлі жағдайда сатып алынады., ж.б.

Нақты тауар үшін ақы төлеу міндетіне көшейік. Ол өзі екіге бөлінеді. Біріншіден, сатып алушы өз есебінен төлемді жүргізуі үшін дайындық әрекетін жасауы керек. Әдетте олардың қатарына сатып алушының есеп шоты, аккредитивті ашуы, шарт сомасында чек беру кіреді. Қандай әрекеттер жасалатыны шарттың өзінің жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларымен анықталады.



Екіншіден, сатып алушы ақшаны төлеуі керек. Төлемақы төлеу қолма-кол ақшамен есеп айырысу немесе оларды пайдаланусыз есеп айырысу жолымен де жүзеге асады. Егер шарт және заң актілері бағаны белгіленген мерзімде төлеу міндетін қарастырмаса, онда сатып алушы тауарды алған соң немесе тауарды билеу құжаттарын алған соң төлемақыны дереу (кейінге қалдырмай төлеу керек. Шартпен тауар бағасын алдын-ала төлеу қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол сатушыдан тауарды қабылдаған кезге дейін белгіленген мерзімде бағасы толық немесе жартылай төлеу қажет. Егер мерзім шартта көрсетілмесе, ақы тауар берілгенге дейін ақылға сиымды мерзім ішінде төленуі керек.

Егер тауар үшін төлеу міндеттемесін орындау мерзімі несие берушінің еркіне байланысты болса, Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің 277-бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзім (жеңілдік мерзімі) ішінде несие берушінің талабын орындауы қажет. Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек, ал бұл туралы арнайы белгіленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуі қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берілгеннен кейін белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Төлеу мерзімі кредитке сату шартымен тікелей карастырылмаса. онда төлем ақылға сыйымды болуы керек. Сол сияқты төлемді жасау мерзімі несие берушінің (сатушының) төлеу туралы сұрау мерзіміне қарай анықталуы мүмкін.

Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сәйкес жүргізіледі. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.

Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрі төлемді бөліп төлеуді қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың база-лық шартынан айырмашылығы, оның мазмұнында зат бағасы, төлемдердің тәртібі мөлшері, мерзімі айқын көрсетіледі. Егер сатып алушы шартпен бекітілген мерзім ішінде бағаны төлемесе (соның ішінде кезекті төлем мерзімін өткізіп алса) сатушы шарт-тан бас тартуға және сатылған мүлікті қайтарып алуға құқылы.

Сатыып алушы сатушыға шарттын тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы және басқа көрсеткіштеріне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзінде бекітілген немесе заңнама нормаларында қарастырылған мерзімде хабарлауға міндетті. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде оның түр-түріне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Егер ол осыны жасамаса, онда тауар үшін сатушымен келісілген баға бойынша ақыны төлеуі тиіс. Сатып алушы сатушыға бұзушылықтар туралы әрқашан хабарлауы керек. Азаматтық кодекстің ережелері сатып алушыға сапасыз зат берілген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшілігін алдын-ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы:

  • сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту туралы;

  • қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жою жөнінде;

  • тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын

өтеу туралы;

  • тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен салыстыру туралы;

  • шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады.

Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берілген реттегі (жағдайдағы) құқықтары АК 433-бабымен карастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас. Негізінен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты әрбір жағдайда белгілі құқықтар беріледі. Солардың араларында тауар жөніндегі қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келеді. Сатып алушы тауардың саны жетіспейтініне, оның түр-түрі бұзылғанына байланысты және басқа жағдайларда тиісті құқықтарын жүзеге асыра алады.

Көбінесе сатып алушының көрсетілгендей құқықтарын жүзеге асыру белгілі бір бөлігінде азаматтық құқықтық жауап-кершілікті жүзеге асыру болып келеді. Сатып алу-сату шарты тараптарының мойнында тауардың кездсйсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелі белгілі дәрежеде болып келеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің тәуекелі (қаупі) сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқарған болып есептелінетін сәттен ауысады.

АК 410-бабы сатушының затты беру бойынша міндетін орындауының сәтін анықтау тәртібін бекітеді. Жалпылама олар меншік иесі тәуекелінің ауысуын анықтайтын тәртіптерге сәйкес болып келеді. Мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі мүлікті шарт бойынша иеленушіге оған меншік құқығы ауысуымен бірге ауысады. Сатып алу-сату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалды деп саналады:

  • Шартпсн сатушының тауарды жеткізу міндеті қарас-
    тырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң;

  • Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілгсн тұлғаға
    тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілсе.

Тауар сатып алушының қарамағына берілуі үшін ол тиісті (келісілген) жерде берілу үшін дайындалу керек және сатып алушыға тауар шартқа сәйкес берілуге дайын екені туралы хабарлануы керек.

Сатушының аталғандай міндеттері болмаса, шартпен өзгешелік қарастырылмаса оның міндеті тауар сатып алушыға жеткізілу үшін тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылған соң, орындалған болып есептеледі.

Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесс білуге тиісті болса және туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәтпен ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды.

Айтылғандай сатушы өзінің немқұрайлығы үшін де жауапты болады. Мысалы, тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзім бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар болмады. Сондықтан жөнелтілген тауар жарамсыз болып келе-тінін болжау негізді еді, бірақ сатушы зиянды салдарды жою үшін өзіне байланысты шараларды қолданбады.

Сатып алушыға артықшылық (жеңілдік) беретін тәуекелдің ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мумкін. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темір жол көлігімен тиеліп жіберілді дейік, бірақ шартта тәуекелдің сатып алушыға ауысуы оның тауарды іс жүзінде алу сәтімен белгіленген.

Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекел де ауысады.



Тауар жолда болған кезінде ол қайта сатылса, шартпен немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бүліну қаупі (тәуекелі) сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді.

Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет