«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет90/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келісілген көлемінде, түр-түрі және жиынтықтылығына (жиынтығы) сәйкес, бекітілген сапасына, үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.

Сатушы шартта бекітілген өнімнің (тауардың) санын беруге
міндетті, яғни тауар жеткізілімі шартында тауардың санының
жалпы ережелері толық қолданылады. Жеткізілетін өнімнің саны
жүк тиеу вагондарының, контейнерлердің орнының санына бай-ланысты шартты есептелуі мүмкін. Жеткізілетін өнімнің (тауар-дың) саны белгіленгенде таразылаудың, өлшеудің туралығыменбайланысты тәжірибелік қиындықтар бар болып келеді. Үлкенсанында аз емес килограмдар ал кейбір кезде өнімнің тонналарыжеткізілмейді немесе тауарлар санына сәйкес қабылдағанжағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгіленген тауардыңсаны және сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылықорын алады.

Тауар жеткізілімінің жекелеген кезеңінде тауардың жетіс-пеуіне жол берген тауар беруші жетіспейтін тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзімі ше-гіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға міндетті.Ұзақ мерзімді шарт бойынша жекелеген тауар жеткізілімі кезеңінде кем берілген тауарлардың саны, егер шартта өзгеше көз-делмесе, тауарлардың жетіспеуіне жол берілген жыл ішіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) сатушымен (тауар берушімен) орны толтырылуға тиіс.

Тауар беруші шартта немесе сатып алушының тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бірнеше алушыға тауарларды тиеп жөнелткен жағдайларда алушының біреуіне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетіспеушіліктерді өтеуге есептелмейді және тауар беруші онын орнын толтыруға тиіс.

Тауар беруші сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап кемістіктерді жиырма күн ішінде жою немесе осы мерзім ішінде сапасы бар өнімге ауыстыруға міндетті. Егер кемістіктер тауар берушінің кінәсі бойынша пайда болса, сатып алушы өнімнің жойылым кемістіктерінен бас тартуға құқылы. Егер сатып алушы кемістіктерді өзі жойса, тауар беруші жойылған кемістіктерге кеткен шығындарды өтейді. Сатып алушымен немесе тауар берушімен кемістіктер жойылған кезінен бастап, өнім жеткізілген болып есептеледі. Жарамсыз өнім төленбейді, тауар жеткізілімі міндеттерін орындау есебіне жатқызылмайды. Шартқа, стандарттарының талабына немесе техникалық жағдайларына сәйксс жеткізілетін өнімнің таңбалануы қажет. Өнімде немесе тауардың буып-түюінде тауарлык белгісі болуы керек. Егер стандарттарда көзделсе, өнім тауарлық белгісіз де жеткізіледі. Тауарларға тауарлық белгілер жазылуы тиіс.

Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілген жағдайда сатып алушы оны толымды жиынтықтауға міндетті. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиісті тауарға ауыстыру жиырма күн ішінде жасалу керек.



Тауар жеткізілімінің он күндік, тәуліктік, сағаттық және басқа да кестелері бекітілуі мүмкін. Шарттың міндеттемелердің орындау күні болып өнімді тауар беруші көлік органына берген, немесе тауар берушінің қоймасында тауарларды алғаны туралы сатып алушының тауарларды қабылдаған қолхатында белгіленген күні есептеледі. Тауар жеткізілімі мерзімінен бұрын жасауға сатып алушының келісімі болғанда жол беріледі. Мерзімінен бұрын жеткізілген жәнс оларды сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесі кезеңде жеткізілетін тауарлардың санына есептеледі. Тауар жеткізілімі шартында сатушы сатып алушыға тауарды беру тәртібі өзгешелік болып табылады. Егер тауар жеткізілімі шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды (өнімді) сатып алу-шыға, немесе шартта алушы ретінде белгіленген өзге тұлғаға те-міржол арқылы немесе өнімді автомобиль көлігімен тиеп жіберуге міндетті. Яғни, жалпы тәртіп бойынша сатушы тауарды сатып алушыға жеткізуге міндетті. Егер шартта жеткізіп беру көліктің қандай түрімен және қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны белгіленбесе, онда заң актілерінен, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, көліктің тандау құқығы немесе тауарларды жеткізу жағдайын белгілеуі тауар берушіге жатады.

Үшінші тұлғаларға тауарларды тиеп-жөнелтуге шартта тауар тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуі туралы сатып нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделгенде мүмкін болады. Немесе шартта тікелей (алдын ала) тауар үшінші тұлғаға тиеліп жіберілетіні көрсетілуі мүмкін.



Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушіге жіберудің мерзімі шартта белгіленеді. Тауар жеткізілімі шартында үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру міндеті сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің шарты ыдыс және буып-түюге қойылатын талаптарымен ерекшеленеді. Өнімнің ыдысы буып-түю стандарттар және техникалық жағдайларының талаптарына сәйкес болуы тиіс, тасымалдау кезінде тауарларды сақтауға мүмкіндік туғызу керек.

Тауарды қабылдау жүзеге асырылады:

а) алушының қоймасында - тауарды сатушы әкелгенде;

б) сатушының (тауар жеткізушінің) қоймасында - тауарды

алушымен өзі алып кететін болса;

в) полмбаланған көлік құралдарынан және контейнерлерінен жүк түсіру орындарында немесе пломбалағандарды ашу жерлерінде немесе көлік органдарының қоймасында тауардытсміржол, әуе жолы, су және автокөлік органдарымен жеткізіпбергенде іске асырылады.

Брутто салмағымен және орын көлеміндс бұзылмаған ыдыста келіп түскен тауарлар осы мерзімде дс қабылданады. Нетто салмағымен және әр орындағы ыдыс санын көлемімен бұзылмаған ыдыспен келіп түскен тауарлар (олар сатушымсн жеткізілсе немесе оның қоймасынан алынып кетілсе), ыдысты ашқан уақытпен бірдей қабылданады, бірақ 5 күннен кешікпей, ал тез бұзылатын тауарлар тауарды алған уақыттан 24 сағаттан кешікпей. Егер тауарды сатушы тиеп жіберетін болса, онда бұл мерзім жүк көлік органымен берілген уақыттан басталып есептследі.

Сапасы және жиынтықтылығы жөнінде қабылдау бұл та-уардың жасырын және ашық кемшіліктерін айқындау мақсатында жүргізілетінін тексеру. Тез бұзылатын өнім әр жағдайда алыну жерінде дереу өткізілуге жатады. Қабылдаушы мұндай өнімнің бұзылуын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті. Ақы төлеу қолма-кол ақшасыз есеппен жүргізіледі. Сатып алушы заңда немесе шартта қарастырылған әдістің біреуімен ақы төлеуді жасау керек, есептің мерзімдерін, тәртібін сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет