Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен өтуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.
Тұжырымдаманың мақсаты – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды белгілеу.
Тұжырымдаманың міндеттері:
- білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік- құқықтық базасын жетілдіру;
- білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;
- білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
- білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
- кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика
салаларын тартудың тетіктерін құру;
- әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білім беру кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарастырылады.
Бағдарламаның басым бағыттары:
мемлекеттің әрбір мүшесіне сапалы білім алуды қамтамасыз ету;
қазақстандық патриотизм, толеранттылық, жоғары мәдениеттілікке
тәрбиелеу;
экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті, бәсекеге
қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру;
білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;
білім беру, ғылым және өндірістің интеграциясы және т.б.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, ҚР білім беру жүйесі білім беретін оқу
бағдарламаларының үздіксіздігі төмендегідей білім беру деңгейлерін қамтиды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
Бастауыш білім беру;
Негізгі орта білім беру;
Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
Орта білімнен кейінгі білім беру;
Жоғары білім беру;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (2-сурет).
Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерін енгізуге бағытталған және білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, қашықтықтан оқытуды енгізу және оқытудың мультимедиалық, компьютерлік-техникалық құралдарын толықтай енгізуді көздейді.
Білім беру формасы жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу идеясын қолдайды.
Жалпы орта білім беру – білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі.
Білім беру жүйесі жыл сайын әртүрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі
Достарыңызбен бөлісу: |