Таным іс -әрекеті оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені тануының маңызды құралының бірі – білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылым-білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Таным оқу процесінде негізгі іс-әрекет болып табылады. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі.
Әлеуметтену– мендік көзқарасын қалыптастыру арқылы тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі. Тұлғаның мендік танымы тиісті болумен қатар өмірдегі өз орнын айқындауға жол ашады.