“Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық – педагогикалық жұмыстар Орындаған: Мұрат А, Зүлпыхан Ж. Тобы: 1101-29 Қабылдаған: Усипбекова А.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
А. Сабақтың өзектілігі, мақсаты, міндеті В. Арнайы педагогика С. Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері 3. Қорытынды
Өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Президенті болған Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-ндегі №524 бұйрығымен бекітілген. “Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді, даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.).
Мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептердегі көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтау Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру;