ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Химия және химиялық технология факультеті
СӨЖ Тақырыбы:психология менің өмірімде және кәсібімде
Оқытушы:Борбасова Г.Н
Студент:Асан Нұрбақыт Ықыласқызы
Мамандығы:химия
Алматы, 2022 ж.
Психология менің өмірімде және кәсібімде.
Психология деген не? Оның адам өміріндегі маңызы қандай? Алдымен психология терминімен танысайық.
Психология-адамның дара тұлғалық психикасын,өзінің сан алуан сезім,аффективтік,интелектуалды,басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым.Қарап отырсақ психология адам мен қорғашан ортаға тығыз байланысқан жіп секілді.
Ал оның адам өміріндегі рөлі қандай? Жоғарыда айтқанымдай адам өмірі психология ғылымымен тығыз байланысқан.Адам туылғаннан бастап сан алуан сынақтарды басынан өткізеді.Бұл жолда ең бастысы өзіңді табу және жоғалтып алмау.Абай атамыз айтқандай ‘сенде бір кірпіш дүниеде,кетігін тапта бар қалан’Ал психология ілімі-адамның мінез-құлқын түсінуге,өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін қабылдауға,өз қалаулары мен қызығушылықтарын зерттеп танып білуге көп көмегін тигізеді.Менің өмірімде психология үлкен орын алады деп сеніммен айта аламын,өйткені менің әрбір жасаған қадамым,бастан кешкен қиын сәттерде психология іліміне жүгіндім,әлі де мұқтажбын.Психология маған өзімді және ішкі әлемімнің не қалайтынын түсінуге,өз өзімді тануыма әсерін тигізді.Өз-өзін білетін,өз қалауын түсіне біле алатын адамнан ,мықты маман иесі шығатыны сөзсіз.
Менің кәсібімдегі психологияның маңызы.Менің мамандығым химия пәні мұғалімі.Білім және денсаулық сақтау жүйесінде психология ғылымы ауадай қажет.Осы жерде неге деген сұрақ туындайды.Себебі адамдармен ара-қатынас,тіл табысу өте қиын.Адамдар әртүрлі,сөйлеу мәнерімен,қабылдауы ұқсас емес.Көп жағдайларда адамдар бір-бірін түсінбей,адамдар арасында келеңсіз жағдай орын алады.Бұндай түсініспеушілік орын алмас үшін адам өзін-өзі ұстап,сөйлеу мәнеріне мән беру қажет.Қоғамда,адам басқа адамдардан ерекше көзқарасты ұстанса,ол адамға моральді соққы жасап,негативті ойларын білдіретін адамдар қауымын жиі байқаймын.Бұндай жағдайға дер кезінде төтеп беріп,немесе шыдамды болмаса соңы ауыр оқиғаға айналуы мүмкін.
Бұндай жағдайлар менің мамандығымда жиі орын алады.Балалардың тілін тауып,жақсы білім беріп,дұрыс жолға сілтеу менің парызым.Мен бұл міндетті атқара аламынба?Мен осы сұраққа көп ойландым.Менің қолымнан келеме?Маған бұл жұмыс ұнайма?деген сұрақтарға жауап беріп,шешім қабылдадым.Және бұл таңдауға маған психология ілімі көмектесті.Ой елегінен өткізіп,ата-анаммен ақылдасып осы шешімді дұрыс деп таптым.Өмірде сан-алуан оқиғалар болады,адамдар инкубатордан шықпаған,әр адамның жеке әлемге деген көз-қарасы болады.Әр адам баласы өз ойын жеткізуге толық құқылы.Кей жағдайларда менің мамандығымның иелеріне теріс ой мен көзқарастарды тыңдауға міндеттіі.Бұндай жағдайда олар да психолог маманына жүгінеді.
Қорытындылай келе,психология-адамның ажырамас бөлігі,ішкі жан дүниесінің айнасы.Қандай маман иесі,қандай адам болмасын психология ғылымына мұқтаж.Психологияны игеру әрбір адамның өміріне біршама жақсы өзгерістер әкеледі деп ойлаймын.