Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет19/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   213
Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.
Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.
Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.
Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.
Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет