Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Әрбір жүйе бөлінгіштік және біртұтастық қасиетке ие



бет42/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   213
Әрбір жүйе бөлінгіштік және біртұтастық қасиетке ие.
Бөлінгіштік жүйені салыстырмалы өзіндік бөлшектерден – жүйе шелерден, әрқайсысы жүйе ретінде қарастырылатын бөлшектерден тұратынын сипаттайды.
Біртұтастық қасиеті барлық жүйенің қызметінің мақсаты оның жүйешелерімен элементтерінің қызметінің мақсаттарымен сәйкестігін сипаттайды.
Ақпараттық жүйе басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін ақпараттың әртүрлі деңгейімен жұмыскерлерді қамтамасыздандыратын объект туралы ақпаратты жинақтау, тапсыру, қайта өңдеу бойынша коммуникациялық жүйені білдіреді.
Ақпараттық жүйе нақты бір объект үшін құрылады. Тиімді ақпараттық жүйе басқару деңгейінің, қызмет аясының арасындағы айырмашылықтарды назарға алып отырады, сонымен қатар, сыртқы жағдайлардың арасындағы айырмашылықтарды және де ол басқарудың әрбір деңгейіне тиімді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ған беріп отырады.
Қолма – қол ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу бойынша барлық операциялар тек қана адамдар арқылы ғана жүргізілетінімен сипатталады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – басқарудың (жүйешелердің) қызметтерінің бөлігі немесе мәліметтерді өңдеудің бір бөлігі автоматты түрде жүзеге асырылады, ал бір бөлігі – адамдармен жүзеге асырылады.
Автоматты ақпараттық жүйелер – басқарудың және мәліметтерді өңдеудің барлық қызметтері адамның қатысуынсыз тек қана техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады (мысалға, технологиялық үрдістерді автоматты басқару).
Ақпараттық жүйелердің қолдану аймағы бойынша келесі класстарға бөлуге болады:
- ғылыми зерттеулер;
-автоматтандырылған жобалаулар;
-ұйымдық басқару;
-технологиялық үрдістерді басқару.
Ғылыми АЖ ғылыми жұмыскерлердің қызметін автоматтандыру үшін, статистикалық ақпаратты талдау үшін, экспериментті басқару үшін белгіленген.
Автоматтандырылған жобалаулар ақпараттық жүйелері жаңа техниканы (технологияны) өңдеушілердің және инженер – жобалаушылардың еңбегін автоматтандыру үшін арналған.
Ұйымдық басқару ақпараттық жүйелері әкімшілік қызметкерлерінің (басшылық қызметкерлерінің) қызметтерін автоматтандыру үшін белгіленген.
Технологиялық үрдістерді басқару ақпараттық жүйелері әртүрлі технологиялық үрдістерді автоматтандыру үшін белгіленген (икемді өндірістік үрдістер, металлургия, энергетика және тағы басқа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет