Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Ақпараттық жүйенің құрамы және құрылымы



бет43/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   213
Ақпараттық жүйенің құрамы және құрылымы
Тәжірибе жүзінде барлық ақпараттық жүйелер олардың қолданылу аймақтарына қарамастан бірдей комполненттер жиынтығын қамтиды: 
-қызметтік компоненттер;
-мәліметтерді өңдеу жүйесінің компоненттері;
-ұйымдастыру компоненттері.
Қызметтік компоненттер деп басқару қызметінің жүйелері түсіндіріледі – кәсіпорынның алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін қажетті басқару бойынша жұмыстардың мезгілдік және кеңістіктік өзара байланыстылығының толық жиынтығы (кешені).
Басқарудың қызметтік жүйешесінің қызметтік міндеттерінің құрамын таңдау қарапайым жағдайда басқарудың негізгі фазаларын есепке ала отырып жүзеге асырылады: жоспарлау; есептеу, бақылау және талдау; реттеу (орындау). 
Жоспарлау - бұл жоспарлардың құрылуын қамтамасыз ететін басқару қызметі, оған сәйкес басқару объектісінің қызмет етуі жүзеге асырылады. Қарапайым жағдайда келешектегі (5-10 жыл), жылдық (1 жыл) және белсенді (күн, апта, декада, ай) жоспарлау түрлерін бөліп көрсетеді.
Есептеу, бақылау және талдау - бұл нақты бір уақыт аралығында басқарылатын жүйенің жағдайы туралы мәліметтерді иемденуді қамтамасыз ететін қызметтер; басқару объектісінің нақты жағдайының, оның жоспарланған жағдайынан ауытқу фактілерін және себептерін анықтау, сонымен қатар, осы ауытқудың шамаларын табу. Есеп жоспардың көрсеткіштері бойынша жоспарлаудың таңдап алынған диапазонында (горизонтта)жүргізіледі (белсенді, орта жылдамдықты және тағы басқа). 
Реттеу (орындау) - бұл басқару объектісінің қызмет етуінің жоспарланған және нақты көрсеткіштерін салыстыруды қамтамасыз ететін және жоспарланған шамадан берілген диапазонда (аралықта) ауытқулар болған жағдайда қажетті басқарушылық іс - әрекетті жүзеге асыратын қызмет. Белгіленген қызметтік жүйелермен сәйкес және басқару фазаларын есепке ала отырып қызметтік жүйешелердің міндеттерінің құрамы анықталады. Мысалға, банк қызметкерінбасқарудың ақпараттық жүйесі келесі қызметтік жүйешелерді қамтуы мүмкін:
• банк қызметкерлерінің санын жоспарлау ;
• қызметкерлердің еңбек ақы төлеу қорын есептеу;
• қызметкерлерді оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
мамандық қозғалыстарды басқару;
• статистикалық есеп және есеп беру;
• сұраныс бойынша анықтамалар.
Қызметтік міндеттердің талдауы ақпараттық жүйелерді қолдану жағдайында олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы көп нұсқалы екенін көрсетеді. Бір міндеттің өзі әртүрлі математикалық әдістермен, үлгілермен және алгоритмдермен шешілуі (жүзеге асырылуы) мүмкін. Кейбір кезде осы қызметтік жүйешені математикалық қамтамасыздандыру жүйешесі деп те атайды.
Тәжірибе жүзінде ақпараттық жүйелердің мәліметтерін өңдеудің барлық жүйелері олардың қолданылу саласына қарамастан құраушы бөлшектердің бірдей жиынтығын (компоненттерін) қамтиды, олар қамтамасыздандыру түрлері деп аталады.
Қамтамасыздандырудың ақпараттық, бағдарламалық, техникалық, құқықтық, лингвистикалық түрлерін атап өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет