Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


ШЖС-нің табысының қалыптасуы



бет46/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   213
ШЖС-нің табысының қалыптасуы .Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені бейнелеп көрсетеді және негізгі қызметтен алынған табыс деп аталады.
Негізгі емес қызметтен алынған табыс активтердің пайдалануға беруден, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан алынған қаржылық нәтиже.Негізгі қызметтен алынған табыс сомасы салық салынғанға дейінгі қызметтен алынған табыс болады.
ШЖС- қаржылық шаруашылық қызметтінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте кірістер мен шығыстар есепте бейнеленіп көрсетіледі.Бұдан басқа ,ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
1.операциялық қызмет
2.инвестициялық қызмет
3.қаржылық қызмет
Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақша түсімдерінің нақтылы түрлері ,тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюуі немесе азаюы көрсетіледі.Қаржаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.ШЖС дің қаржылық есептемесі сонымен бірге мыналарды кіріктіреді: бухгалтерлік баланс, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп , есеп саясаты туралы ақпарат түсініктеме жазбахат.Жалпы табыс кәсіпорын иелерінің табысы және жалдамалы жұмыскерлердің табысы болып бөлінеді,соңғысы жалақы деп аталады.Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.


Бақылау сұрақтары:
1.ШЖС- қызметінің қаржылық қызметті
2.Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімінің көздері
3.ШЖС-нің табысының қалыптасуы


16. тақырып Аналитикалық көрсеткіштерді дайындау

1.Аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар.


2.Аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі.
3.Оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

Себепті-тергеу диаграммасы («балық қаңқасы»)


Диаграмманы тұрғызудың жалпы ережелері
1. Диаграмманы тұрғызбастан бұрын барлық қатысушылар мәселені қалыптастыруға қатысты бірыңғай пікірге келуі тиіс.
2. Зерттелінетін мәселе таза парақтың оң жағына жазылады және шиекке алынады, сол жақтан оған негізгі горизонтальды бағыттауыш келеді - «омыртқа» (сыртқы түріне қарап Исикава диаграммасын «балық қаңқасы» деп атайды).
3. Басты себептер жазылады (1 деңгей себептері), мәселеге әсер ететіндер - «үлкен сүйектер». Олар шектеулермен қоршалады және «омыртқалы» иілгіш бағыттауыштармен біріктіріледі.


4. Бастапқы себептерге әсер ететін («үлкен сүйектер») екінші себептер салынады (2 деңгей себептері), ал қалғандары екінші себептердің салдары болып табылады. Екінші себептер жазылады және «үлкен сүйектермен» тұйықталатын «орташа сүйектер» түрінде орналасады. 2 деңгей себептеріне әсер ететін 3 деңгей себептері «орташа сүйектермен» тұйықталатын «ұсақ сүйектер» түрінде орналасады және т.б. Егер диаграммада барлық себептер көрсетілмеген болса, онда бағыттауыш бос қалады.
5. Талдау барысында барлық факторлар анықталауы және тиянақталуы тиіс, сызбаның мақсаты – ең дұрыс жолды іздеу жіне мәселені шешудің тиімді тәсілі.
6. Себептер (факторлар) олардың мәнділігі бойынша бағаланады және сараланады, сапа көрсеткіштеріне оң әсер ететін маңызды факторлар ерекшеленеді.
7. Диаграммаға барлық қажетті ақпараттар енгізіледі; қатысушылардың аттары; күні т.с.
Қосымша ақпарат:
-анықтау үдерісі, себепті сараптау және саралау, түзету әрекеттеріне өтудегі мәселені құрылымдаудың кілті болып табылады;
-әрбір себепті саралау барысында «неге?» сұрағын қоя отырып, мәселенің бастапқы себебін анықтауға болады (функционалды-құндылық сараптамасында әр элементтік бастапқы функциясын анықтай отырып өзара ұқсастығы бойынша);
-«неге» сұрағының туындау логикасын саралау әдісі, сапа мәселесіне ықпал ететін, себеп факторларының өзара байланысын ілгерілей барлық тізбегін ашу үдерісі түрінде қарау болып табылады.

Әдістің қасиеті
-Исикава диаграммасының мүмкіншілігі:
-Сараптама жұмысына қатысушылардың шығармашылық ой-өрісін ынталандыруға;
-Себеттердің өзара байланысуына мүмкіншілік бере отырып олардың салыстырмалы мәніне ықпал етуге.

Әдістің кемшіліктері:
-Бастапқы себепке жетелейтін себептер тізбесін логикалық тексеру қарастырылмаған, яғни бастапқы себептен нәтиже бойынша кері бағыттағы тексеру ережесі жоқ;
-Күрделі және құрылымды диаграмма қорытындысын анық, дұрыс жасай алмайды.
-Әдіс, дегенмен қажетті басқару шешімдерін алуға мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет