Қорытынды төртінші қадам. Ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау. Аналитикалық есепті дайындау. Қорытындыларды тұжырымдау барысында саған, үдеріске қатысушылардың әр түрлі көзқарасымен орын алған жағдайдың мән-жағдайларын жан-жақты және толық мінездеме беру керек. Сол үшін саған, зерттеуші ретнінде, сенің зерттеу жұмыстары жағдайын жақсарту немесе өзге сұрақтар бойынша ұсыныстар мен мүмкін болатын басқару шешімдерін ұсыну керек, жағдайжы өте жақсы меңгере отырып әр тараптың позициясын ескеру керек (қызмет сапасы т.с.с әрекеттерге ықпал ете отырып аталмыш саланы реттейтін, нормативтік құқықтық база, жиналған тәжірбие мен жоспарланған өзгерістер, сыртқы факторлар).
Сен, барлық алынған мәліметтеге сараптама жасағаннан кейін, қаралған сұрақтар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жаса. Зерттеу жұмыстары, қорытынды ұсынылған жағдайда ғана аяқталған болып есептеледі. Ары қарай, саған аналитикалық есеп жасап өзіңнің зерттеу қорытындың тұсаукесерін жасауың керек.
Әлеуметтік зерттеу қорытындысын сарапту және жинақтау әлеуметтік үдерістермен құбылыстардың жетілуінің мүмкіндік варианттарын айтуға қол жеткізелі. Алдын алу формасының бірі болып әлеуметтік болжау – зерттелетін объектінің мүмкінді жағдайы немесе жетілу перспективасын ғылыми зерттеу болып саналады. Әлеуметтік болжау қоғамдық өмірдегі барлық салада жүзеге асырылады.
Әлеуметтік зерттеуді жүргізу – әртүрлі жұмыс түрлерін, ғылыми рәсімдер мен операцияларды қамтыған үдеріс, сондықтан зерттеуді жүргіуші зерттеудің сенімді теориялық негізін назарға алу керек, оның жалпы тогикасын ойластыра отырып, ақпарат жинағына әдістемелік құжаттарын жасау керек, әлеуметтік деректердің сараптамасына қоғамдық қатынас пен процесстер бойынша хабары бар және көңіл бөле алатын адамдардан зерттеу тобын құруды реттеу керек. Тұтасымен алғанда, зерттеу жұмысы қойылған талаптарға сай жүргізіле отырып, сенімділік бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Аналитикалық есеп берідің құрылымы. Оны жазу стандарты Аналитикалық есеп бері жасалған шешімдерді бекітетін зерттеу мәлеметтері мен басқада деректермен толықтырылады.
Зерттеу мақсатыне сәйкес олар әр түрлі формада болады: ауызша, жазбаша, фотосуретті және дыбысты, қысқа және сығылған, немесе кең ауқымды, толық жазылған, тар шеңбер аясындағы мамандар үшін немесе кең бұқараға арналған болуы мүмкін.
Мұнда өз есеп беруіңнің құрылған логикасына және зерттеу бойынша жасалатын шешімдердің тізбектелуіне назар аудару өте маңызды. Сонымен қатар, есептің көрнекілігіне – зерттеудің тұжырымдарын растайтын диаграммалар, кестелер, сызбалар және басқада графикалық сипаттағы деректерге назар аударыңыз.
Есептің құрылым жүргізілген зерттеу (теориялық немесе қолданбалы) типімен анықталады және негізгі түсініңтерге сүйене жасалған логикаға сәйкес келеді.
Сонымен, сіз трактат жаздыңыз ба әлде оны жариялайсыз ба. Келесі түрде жасаңыз:
Егер сіз жазғаныңызды түсінетін болсаңыз және оны дәлелдей алсаңыз – қандайда бір математика-лық журналға жіберіңіз!
Егер сіз жазғаныңызды түсінетін болсаңыз, бірақ оны дәлелдей алмайтын болмаңыз – онда оны физика журналына жіберіңіз!
Егер сіз жазғаныңызды түсінбейтін болсаңыз, бірақ оны дәлелдей алсаңыз – онда оны экономика журналына жіберіңіз!
Егер сіз жазғаныңызды түсінбейтін болсаңыз, бірақ оны дәлелдей алмасаңыз – онда оны философия журналына жіберіңіз!
Егер зерттеу теориялық сипатта болса, онда есепте негізгі назар мәселенің ғылыми қойылуына, зерттеудің методологиялық ұстанымдарына негіздеріне, түсініктің теориялық интерпрета-цияларына бөлінеді. Осыдан кейін қолданылатын іріктеулерді тұрғызуға негіздеме беріледі, және өзіндің бөлім формасында алынған нәтижелердің концептуалды талдауы жүргізіледі, ал есеп берудің соңында нақты шешімдерді, мүмкін тәжірибелік нәтижелерді және оларды жүзеге асыру тәсілдерін алуға болады.
Қолданбалы зерттеу туралы есеп беруде негізгі назар тәжірибе жүзінде және тапсырыс берушімен ұсынылған есеп берудің шешілуіне аударылады.
Мұндай есеп берудің құрылымында міндетті түрде объекті сипаттау және зерттеу пәні, зерттеудің міндеттері, іріктеулерге түсіндірмелер болады. Негізгі басымдылық тәжірибелік шешімдер мен ұсыныстарды қалыптастыруға және оларды жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктеріне бағытталған.
Есеп берудегі бөлімдердің саны ереже бойынша зерттей бағдарламасында қалыптастырылған тұжырымдар санына сәйкес келед. Ең алдымен бастапқы тұжырымға жауап беріледі.
Есеп берудің бірінші бөлімі зерттелетін әлеуметтік мәселенің өзектілігіне қысқаша түсіндірмеден, зерттеу параметрлерінің сипаттамаларынан (таңдау, ақпараттарды жинау әдістері, қатысушылар, зерттеулер саны, жұмыстарды өткізу мерзімдері және т.б.) тұрады.
Екінші бөлімде зерттеу объектісінің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері сипатталады (жынысы, жасы, білімі және т.б.).
Келесі бөлімдер бағдарламадан туындаған болжамжарға жауаптардан тұрады. Қорытындыдан жалпы шешімдерден тұратын тәжірибелік ұсыныстарды көруге болады.
Есеп беруде міндетті түрде қосымша жасалады, қосымша зерттеудің барлық методологиялық және әдістемелік құжаттардан тұрады, олар: статистикалық кестелер, диаграммалар, графиктер, құралдар. Олар жаңа зерттеулер бағадарламасын дайындау барысында қолданылуы мүмкін. Есеп берулер 3-4 ондықтан немесе 2-3 жүздеген беттерден тұруы мүмкін. Бұл деректер көлемінен, зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне байланысты болуы мүмкін.
Есеп беруді құру барысында есте сақтауды қажет ететін келесі негізгі критерийлерді ерекшелеуге болады:
- толықтылық – есеп беруде тапсырыс берушіге қажетті барлық ақпараттар болуы қажет. Ақпарат түсінікті тілде жазылуы керек, есеп беруді жазу барысында зерттеуші барлық фактілердің толық сипатталуын тұрақты бақылап отыруы қажет;
- дәлдік – есеп берудің барлық аргументтері ақпаратты түрде дәл және логикалы болуы керек, зерттеу барысында жинақталған барлық деректер нақты өңделген дәне көрнекі түрде ұсынылуы қажет;
- түсініктілі – бұл критерий есеп беруді жазу тіліне қатысты;
- айқындылық – есеп беруде ұсынылған барлық мағлұматтар зерттеудің тақырыбы мен мақсатына қатысты болуы керек.
Жоғарыда ескеріп кеткеніміздей, есеп берудің құрылу стилі көбінесе тапсырыс берушінің ерекшеліктеріне және олармен ұсынылған талаптарына тәуелді болып келеді. Техникалық тапсырыстарда зерттеулерді жүргізу үшін әдетте аяқталу формасы көрсетіледі. Мысалы, тапсырыс беруші зерттеуді жүргізу үдерісін сипаттаудан тұратын, соның ішінде таңдалған методологияны негіздеу, жасалған тәжірибелік ұсыныстар және т.б. аналитикалық баяндама болып табылатын аяқталу формасы тапсырыс берушімен анықталады. Зерттеу барысында ақпараттарды жинау әдістерінің қатарында сауалнамалау қолданылды, сондықтан әлеуметтік деректердің (сауалнамалар, маршрут беттері, лейблдар, сызғыштар, арақатынастық, бірөлшемді, екіөлшемді және үшөлшемді кестелер, диаграммалар, графиктер) толық бумасын ұсыну қажет.
Есеп берудің құрылымы, зерттеу мақсаттарының, жүзеге асырылған тапсырмалардың және алынған нәтижелердің негізінде қалыптасуы қажет. Тапсырыс берушінің талаптары бойынша сен толық деңгейдегі және барлық жасалған жұмысты бейнелейтін есеп құрылымын құруға тиіссің.
Мүмкін үлгідегі, базалық құрылымдағы есептерге бағыттала отырып, «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Ресімдеудің құрылымы мен ережелері» берілген стандартты талаптарды ұсынамыз.
Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды қамтиды:
а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;
б) талдау объектілері;
в) әрбір талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;
г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;
д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;
е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу көздері;
ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер зерттеудің бөлек бөліктерін жүзеге асырады);
з) ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай пайдаланылатын техникалық құралдар;
к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың сипаты;
л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:
аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.